Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет33/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

45
ЭЛЕКТР АҒЫМЫНЫҢ 
бҥліндіргіш
 
әсері.
Адамға найзағайдың немесе техникалық электр ағымдары 
әсер етуі мҥмкін. Адамға найзағай тҥскенде оның денесі 
арқылы ӛте қысқа мерзімде тым ҥлкен кернеудегі (миллион 
вольтқа 
дейінгі) 
электр 
ағымы 
ӛтеді. 
Бҧл 
кезде 
найзағайдың әсерінен денеде кҥйіктер пайда болады, 
тіндерге ерекше тармақталған қан қҧйылулар, тіндердің 
қарайып кетуі және ӛлеттенуі байқалады. Кейбір дене 
мҥшелері ҥзіліп кетуі мҥмкін. Адам жҥрегі мен тынысы 
тоқтап қалудан ӛледі. 
Техникалық 
электр 
ағымының 
бҥліндіргіш 
әсері 
(электросоққы) оның тҥрінен (тҥрақты немесе ауыспалы), 
кҥшінен, кернеуінен, ӛту бағытынан және ӛту уақытынан
сонымен қатар тіндердің кедергілік қасиетінен және 
организмнің жалпы жағдайына байланысты. 
Электр ағымының кҥші 
бірдей болғанда тҧрақты электрге 
қарағанда ауыспалы электр организм ҥшін қауіпті. Кҥші 100 
мА әсер еткенде электр ағымы адамның ӛліміне әкеледі. 
Кҥші 12-25 мА, жиілігі 50-60 Гц ауыспалы электр ағымы 
дене мҥшелерін тырыстырып тастайды. Осыдан электр сымына 
тиген дене мҥшесі тырысып, одан айырыла алмай қалады. 
Электр ағымының кернеуі 
40 вольтқа дейін организмнің 
зақымдануына әкелмейді. Оның кернеуі 1000 вольтқа дейін 
кӛтерілгенде 50%, 3000 вольтқа дейін кӛтерілгенде - 100% 
зақымданған адам жан тапсырады. 42,5 вольт кернеуі бар 
ауыспалы электр ағымының зақымдық қауіпі 120 вольт 
кернеуі бар тҧрақты электр ағымының зақымдық қауіпімен 
тең болады. Бірақ тҧрақты электр ағымының қауіптілігі 
450-500 вольт кернеуге дейін ғана ауыспалы ағымнан аз 
болады. Ары қарай тҧрақты электр ағымының кернеуі 
кӛтерілуіне байланысты ол ауыспалы ағымнан қауіптірек 
болады. 
Кедергілік қасиеті. 
Ауыспалы электр ағымына адам 
денесінің жалпы кедергілерінің жиынтығын 
импеданс -
дейді. 
Ол 
тіндердің 
белсенді 
(омдық) 
және 
қайта 
әсерленген (сыйымдылық) кедергілерден тҥрады. Терінің 
сыртқы эпидермалық қабатының электр ағымына кедергісі 
бойынша 1— орында (2 млн. Ом), ары қарай сіңір, сҥйек, 
жҥйке және бҧлшықет тіндері, қан - кедергісі азаюына 
қарай орналасады. Жҧлын - ми сҧйығында ең аз кедергі 
болады. Адам денесінің жалпы кедергісі орташа 100 000 Ом 
(1000 нан миллиондаған Ом-ға дейін). 
Терінің ылғал болуы кедергіні тӛмендетеді. Қҧрғақ 
терінің кедергісі молырақ болады. Тері кедергісінің 
мӛлшері электр ағымының кҥші мен кернеуіне байланысты. 


46
Оның кернеуі 10—40 вольт болғанда терінің эпидермисін 
жарып ӛтеді. Осыдан 220 вольт электр кернеуі дененің 
кедергісін кҥрт тӛмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет