Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет35/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

колликвациялық некроз
дейді. Бҧндай қҧбылысты электр ағымының электролиздік 
әсері деп атайды. Бҧл қҧбылыс жҥрек етіне әсер еткенде 
оның жауап қайтармайтын (рефрактерлік) фазасын қысқартып, 
жҥйкелік серпіндердің ҥдемелі кері айналып жҥруінен ет 
талшықтарының жыпылығы (фибрилляциясы) дамуына әкеледі. 
Электр ағымының әсерінен тыныс алу мен қан тамырларының 
қимылдық 
орталықтарының 
бҥлінуі 
олардағы 
жҥйке 
жасушаларының бҧзылыстарынан дамиды. Ӛйткені нейрон 
мембраналарының 
қатты 
деполяризациясы, 
олардың 
цитоплазмасындағы нәруыздардың ҧйып қалуы болады. 


47
Электр ағымының әсерінен дамитын клиникалық ӛлім 
кезінде жҥрек етінің жыпылығы ҧзақ сақталуы мҥмкін. 
Сондықтан бҧндай ӛлген адамдарға биологиялық ӛлімнің 
айғақты белгілері пайда болғанша медициналық (қолмен дем 
алдыру, жҥрекке ысқымақ (массаж) жасау) жәрдем кӛрсету 
қажет. 
Электр ағымының әсерінен адамның ӛлімі тыныс алудың 
және жҥректің тоқтап қалуынан болады. Тыныс алудың 
тоқтауы: 
● тыныс орталығының зақымдануынан; 
● тыныс орталығын қанмен қамтамасыз ететін омыртқа 
артерияларының жиырылып қалуынан;
● тыныс алуға қатысатын бҧлшықеттердің жиырылып 
қалуынан;
● дыбыс байламдарының жиырылып қалуынан; 
● тыныс алу жолдарының бітелуінен, дамиды. 
Жҥректің тоқтауы:
● жҥрек қарыншаларының жыпылықтауынан; 
● коронарлық қан тамырларының жиырылып қалуынан;
● қан тамырларының қимылдық орталығының зақымдануынан; 
● кезбе жҥйкелерінің межеқуаты (тонусы) кӛтеріліп 
кетуінен, дамиды. 
ИОНДАҒЫШ СӘУЛЕЛЕРД
ің
 
бҥліндіргіш 
ӘСЕРЛЕРІ.
Иондағыш сәулелер организмге сырттан немесе ішінен 
әсер етулері мҥмкін. Адам организмі рентген қҧралдарымен, 
ядролық реакторлармен және дәрменделген (зарядталған) 
бӛлшектердің тездеткіштерімен (бетатрондар, циклотрондар, 
синхрофазотрондар, 
сызықтық 
тездеткіштермен), 
радийбелсенді 
изотоптармен, 
радийбелсенді 
қазбаларды 
ӛңдеу т.с.с.. жҧмыстар атқарғанда иондағыш сәулелердің 
әсеріне душар болады. Ауруханаларда науқастарды емдеу 
ҥшін иондағыш сәулелер қолданылады. Сонымен бірге атом 
бомбаларын 
сынағанда 
немесе 
соғыста 
қолданылғанда, 
ядролық 
реакторлардың 
апаттары 
кездерінде 
адам 
организміне иондағыш сәулелер әсер етеді. 
Радийбелсенді заттар тағаммен, сумен немесе тыныс 
жолдары арқылы организмге тҥскенде олар адамның ішінен 
әсер етеді. Олардың әрі сырттан, әрі ішінен біріккен 
әсерлері болуы мҥмкін. 
Иондағыш сәулелер атомдар мен молекулалардың иондалуын 
туындататын болғандықтан олардың биологиялық белсенділігі 
ӛте жоғары болады. Шыққан табиғаты бойынша иондағыш 
сәулелер электромагниттік (рентген, гамма-сәулелері) және 
денешіктік (корпускулалық) (дәрмені бар бӛлшектер: гелий-
ядросы 
альфа-сәулелер, 
электрондар 
бета-сәулелер, 


48
протондар; дәрмені жоқ нейтрондар) болып ажыратылады. 
Иондағыш сәулелердің бҥліндіргіш әсері тіндердің 
иондалу тығыздығының шамасына және ӛтіп кету қабілетіне 
байланысты. Неғҥрлым олардың ӛтіп кету қабілеті тӛмен 
болса, соғҧрлым иондау тығыздығы жоғары болады да, 
бҥліндіргіш әсер кҥшті болады. Альфа-сәулелерінің тіндер 
арқылы ӛтіп кету қабілеті ӛте тӛмен, бар жоғы бірнеше 
ондаған микрометр, болғандықтан олардың иондау қабілеті 
ең жоғары болады. Гамма-сӛулелері тіндер арқылы тез ӛтіп 
кетеді де, олардың иондау қабілѐті аз болады. 
Организмнің сәулеленуі бір мезгілдік, бӛлшектенген 
және ҧзақ мерзімдік болады. Организмді бӛлшектеп, ҧзақ 
уақыт 
сәулелендіргенде 
оның 
бҥліністеріне 
әкелетін 
сәулелердің жалпы ӛлшемі бір мезгіл сәулелендіргендегі 
сәулелердің ӛлшемінен біршама кӛп болады. 
Иондағыш сәулелердің бҥліндіргіш әсері сӛулеленген 
дене 
қабатының 
аумағынан, 
организмнің 
даралық 
реактивтілігінен, адамның жасы мен 
жынысынан және 
сәулеленуге дейінгі организмнің жалпы кҥйіне байланысты 
болады. 
Мәселен,жас 
және 
буаз 
жануарлар 
иондағыш 
радиацияның әсеріне 
ӛте сезімтал болады. Бір организмнің ӛзінде әртҥрлі 
жасушалар мен тіндердің бҧл сәулелерге сезімталдығы 
әртҥрлі болады. Ҧдайы жаңарып, ӛсіп-ӛніп тҧратын (сҥйек 
кемігінің қан ӛндіретін тіндері, жыныстық бездері, ас 
қорыту жолдарының эпителий жасушалары) тіндер иондағыш 
сәулелердің әсеріне ӛте сезімтал болады. Керісінше
бҧлшықет, жҥйке және сҥйек тіндерінің сезімталдығы тӛмен 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет