Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет418/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Жалпы 
массасынан 
бҥлін- 
ген 
жерінің 

ӛлшемі 
Бҧзылыстар 
8% 
жҥректің босаңсу қызметі әлсіреуі 
15% 
жҥрек шығарымы азаюы, диастолы соңы 
қан кӛлемі 
мен қысымы кӛтерілуі 
25% 
қанның кіші қанайналым шеңберінде 
іркілуі 
40% 
артериалық қысымның қатты тӛмендеуі 
Миокард инфаркты трансмуралдық (жҥректің барлық қабаты 
бҥлінген), 
интрамуралдық 
(миокардтың 
іші 
бҥлінген), 
субэндокардтық (эндокард асты бҥлінген), субэпикардтық 
(эпикард асты бҥлінген) болады және жиі сол қарыншада 
орналасады. Ол майда ошақты немесе ірі ошақты болуы 
мҥмкін. 
Тіршілігінен айрылған жҥрек жасушаларьшың ішіндегі 
заттар қанға тҥседі. Сондықтан ет жасушасы ішіндегі 
болатын нәруыздар (тропонин, тропомиозин), ферменттер: 
креатинфосфокиназа 
(КФКаза), 
аспартатаминотрансфераза 
(АсАТ), лактатдегидрогенеза (ЛДГ) және миоглобин шеткері 
қанға шығарылады. Жасуша нәруыздарының қанға тҥсуі 
лейкоцитозбен, 
ет 
ысуымен, 
эритроциттердің 
тҧну 
жылдамдығының 
(ЭТЖ) 
кӛтерілуімен 
қабаттасады. 
Қанайналымында жасуша ішіндегі болатын нәруыздардың пайда 
болуы аутоиммундық ҥрдістерге әкелуі ықтимал. Осыдан 
аутоантиденелер пайда болуымен постинфарктық синдромның 
(Дресслер синдромы) дамуы байланысты. Бҧл кезде жҥрек 
қалтасының, 
ӛкпеқаптың, 
ӛкпенің, 
буындардың 
ауыр 
қабынулары байқалады. 
Коронарлық қанайналымы бҧзылғаннан кейін тіпті бірінші 
минӛтгердің ішінде ЭКГ-де Q ӛркешінің тереңдеуі, SТ 
аралығының қалыпты орнынан ығысуы, QRS кешені мен Т 
ӛркешінің ӛзгерістері пайда болады (-сурет). 


505
- сурет. Миокард инфаркты кезіндегі ЭКГ ӛзгерістері. А 
– эпикард асты, Б – эндокард асты инфаркт кездеріндегі 2-, 
3-, 5-, 6- кеуде тіркелімдерінде ST-кешенінің тӛмен ығысуы 
мен теріс Т-ӛркештері тіркелген. 
Бҧл кезде жҥрек шығарымы және қанның соққылық кӛлемі 
азаяды, жҥрек қуыстарында диастола соңындағы қан кӛлемі 
кӛбейеді.
Тіндерде микроциркуляцияның бҧзылыстары гипоксияға, 
метаболизмдік 
ацидозға, 
ми 
және 
басқа 
ағзалардың 
қызметтерінің бҧзылыстарына әкеледі. 
Миокард инфарктында коронарлық артериялардың қатты 
жиырылуынан немесе бҥліну ошағында биологиялық белсенді 
заттардың (брадикинин, гистамин, серотонин, аденозин т.б.) 
жиналып қалуынан қатты ауыру сезімі болады және ол қатты 
қобалжу, қорқу сезімімен қабаттасады. Ауыру сезімі сол жақ 
қолға, жауырынға, иыққа, астыңғы жаққа, тіске берілуі 
мҥмкін. Ол жҧлында ішкі ағза нейрондарынан қозудың тері 
мен шырышты қабықтардағы сезімтал нейрондардың аймақтарына 
таралуынан дамиды. Кейде клиникада миокард инфарктының 
ауырмайтын 
тҥрін 
де 
жиі 
кездестіруге 
болады. 
Ол 
макрофагтарда кӛптеп эндогендік эндорфиндер ӛндірілуімен 
тҥсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет