Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Ӛспе жасушаларының әсерленуі және алғашқы ӛспе тҥйіні



Pdf көрінісі
бет337/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Ӛспе жасушаларының әсерленуі және алғашқы ӛспе тҥйіні 
пайда болуы (промоция).
Эксперименттік 
жануарлардың 
қанына 
енгізген 
аз 
мӛлшердегі ӛспе жасушалары ӛспе дамуына әкелмейді, Ол 
даму 
ҥшін 
қосымша 
тҥрткілердін 
әсерлерінен 
ӛспеге 
айналған жасушалардың әсерленуі және қарқынды кӛбеюі 


400
қажет. Бҧл кезде қатерлі ӛспе жасушаларының ӛскіндері 
(клондары) пайда болады. Осындай жағдайды 
промоция 
(ағылш. promotion – қолдау, кҥшейту)
 
деп атайды. Ӛспе 
жасушасының қарқынды ӛсіп-ӛнуіне қолдаушы ықпал ететін 
экзогендік және эндогендік заттарды 
промоторлар
дейді. 
Бҧлардың кӛпшілігі ӛспе жасушасының қарқынды ӛсіп-ӛнуіне 
протеинкиназа 
С 
ферментінің 
белсенділігін 
арттырып, 
нәруыздық 
фосфатаза 
тобына 
жататын 
ферменттердің
белсенділігін тӛмендетіп әсер етеді.
Сау 
жасушаны 
ӛз 
беттерінше 
ӛспе 
жасушасына 
айналдырмайтын кейбір ықпалдар организмде бҧрын пайда 
болған ӛспе жасушаларының бӛлінуін арттырып, ӛспе тҥйіні 
пайда болуына әкеледі. Мәселен, егеуқҥйрықтардың терісіне 
бір рет диметилбензантрацен (ДМБА) жағу ӛспе дамуына 
әкелмейді. Ал, осы ДМБА теріге жаққан соң іле-шала, ӛз 
бетінше ӛспе туындатпайтын кротон майымен майласа, онда 
теріде обыр дамиды. 
Кротон майын ДМБА-нің алдында немесе одан кейін кӛп 
кешеуілдетіп жақса да ӛспе дамымайды. ДМБА-нен кейін 
скипидармен майлауда ӛспе дамуына әкелмейді. Сонымен ДМБА 
сау жасушаны ӛспе жасушасьша айналдыратын ықпал болса, 
кротон майы ӛспе жасушаларын әсерлендіріп, олардың 
бӛлініп-кӛбеюін кҥшейтетін ықпал. 
Уокер 
карциномасының 
50 
жасушасын 
егеуқҥйрықтың 
кӛктамырына енгізгенде ӛз бегінше ӛспе дамымайды, Ал, осы 
егеуқҧйрықтардың іш қуысын ашып, бауырын бірнеше рет 
қолмен 
уқалап 
тітіркендірсе, 
онда 
оларда 
бауырдың 
карциномасы дамиды. 
Асқазан 
обыры 
дамуында 
соматостатин 
промоторлық 
(кҥшейткіш) 
әсер 
ететіні 
жануарларда 
ӛткізілген 
тәжірибелерде дәлелденді. Тоғышек обырына ӛт қышқылдары, 
қуық обырына натрий сахарині промоторлық әсер етеді. 
Биттнер вирусымен зарарланған ақ тышқандарға эстрогендік 
гормон енгізгенде емшек обыры дамиды. Ал вируспен 
зараланбаған тышқандарда бҧл гормон ӛспе дамытпайды. 
Сонымен эстрогендік гормондар ӛспе ӛсуіне промоторлық әсер 
етеді. 
Сонымен ӛспе даму ҥшін қосымша тҥрткі қажет. Дегенмен, 
кейбір канцерогендік заттар толық канцерогендер болып, әрі 
жасушалардың трансформациясын, әрі әсерленуін туындатады. 
Олар ҥшін қосымша тҥрткілердің қажеті жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет