Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ФОСФОЛИПАЗА, ЛИПАЗА, ПРОТЕАЗА ФЕРМЕНТТЕРІНІҢ АРТЫҚ ӘСЕРЛЕНІП КЕТУІ



Pdf көрінісі
бет259/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

ФОСФОЛИПАЗА, ЛИПАЗА, ПРОТЕАЗА ФЕРМЕНТТЕРІНІҢ АРТЫҚ ӘСЕРЛЕНІП КЕТУІ.
Бұлардың әсерленуі жоғарыда көрсетілген себепкер 
ықпалдардан болады. Сонымен бірге: 
● биологиялық ықпалдар (жұқпалар, жылан және ара улары 
т. б.); 
● ишемия; 
● 
Са
2+ 
иондарының 
жасуша 
ішінде 
артық 
жиналуы 
фосфолипаза А мен липазаны, қышқыл протеазаларды қатты 
әсерлендіреді.
Осыдан 
мембраналарда 
фосфолипидтер, 
майлар, 
гликолипопротеидтер ыдырайды, босаған қанықпаған май 
қышқылдары асқын тотығуға ілігеді және артық бос май 
қышқылдарының өздері мембранаға тікелей бүліндіргіш әсер 
етеді. Сонымен бірге, фосфолипаза А

–ферментінің 
әсерінен фосфолипидтерден босаған арахидон қышқылынан
простагландиндер 
мен 
лейкотриендер 
түзіледі. 
Фосфолипидтердің құрамынан май қышқылдары бөлініп алынудан 
олардың құйыршықтарында май қышқылынан тұратын бір ғана 
тізбек 
сақталады. 
Осындай 
фосфолипидтерді 
лизофосфолипидтер дейді. Олар мембранаға одан сайын 
бүліндіргіш әсер етеді. Ишемия кезіндегі жасушалардың 
бүліну жолдары 18-сызбанұсқада келтірілген. 
18- сызбанұсқа 
Ишемия кезіндегі жасушалардың бүліну жолдары 


315
МЕМБРАНАЛАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ (ОСМОСТЫҚ) БҮЛІНІСТЕРІ. 
Механикалық 
жарақаттар, 
сыртынан 
ауыр 
заттармен 
қысылып 
қалуы 
мембрананың 
жыртылып 
кетуіне 
т.с.с. 
бүліністеріне әкеледі. Организмде су мен электролиттер 
алмасуы бұзылудан мембраналардың осмостық керіліп созылуы, 
содан механикалық жыртылуға дейінгі өзгерістер байқалады. 
Бұл кезде жасуша ішіндегі осмостық қысымның жасуша 
сыртындағы деңгейінен артық болуынан су көптеп оның ішіне 
кіреді. Мәселен, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде 
денеде жиналған артық су жасушалардың ішіне еніп, олардың 
ісінуіне әкеледі Осыдан жасуша мембраналарының керіліп 
созылуынан 
эритроциттердің 
еріп 
кетуі 
байқалады. 
Жасушалардың 
осмостық 
бүліністері 
гипотониялық 
гипогидратация мен гипергидратация кездерінде болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет