318
9-сурет. Жасуша ішіндегі өтетін үрдістерді реттеу
жолдары.
Мәселен,
гормондар
жасуша
мембранасындағы
рецепторлармен байланысып, Са
2+
иондарының жасуша ішіне
енуін күшейтеді. Осының нәтижесінде жасуша
ішінде Са
2+
иондары көбейеді. Са
2+
иондары
кәлмодулинмен байланысып
фосфорилазаны әсерлейді. Артынан гликогеннің ыдырауы
артып, глюкозаның деңгейі көтеріледі. Сонымен бірге,
жасуша ішіне хабар жеткізілуіне фосфатидилинозитолдың
өнімдері қатысады. Олар G-нәруыздарымен бірігіп әсер
етеді. Мембранадағы инозитолфосфатаза (фосфолипаза С)
әсерленуінен
фосфатидилинозитол-4,5-дифосфат
инозитолүшфосфатқа және диацилглицеринге ыдырайды. Бұлар
жасуша ішінде Са
2+
- иондарын көбейтіп, протеинкиназа С –
дің белсенділігін көтереді. Осыдан көптеген жасуша ішілік
нәруыздардың фосфорлануы болады, жасуша құрылымына қажетті
нәруыздардың әсерленуі, олардың өсіп-өнуін қадағалайтын
гендік
бағдарламаның
әсерленуі
байқалады,
простагландердің түзілуі артады.
Бұл
көрсетілгендердің
барлығы
цитоплазмалық
мембрананың жағдайына байланысты. Мембрананың қанықпаған
май
қышқылдарының
асқын
тотығуға
ілігіп
кетуінен
микротұтқырлығы көтерілуі
рецепторлардың липидтік екі
қабаттың
бойымен
қозғалуын
шектейді.
Мембрананың
рецепторлық қызметтері бұзылуы нәтижесінде жасушалардың
нейрогуморалдық
реттеу
хабарларына
жауабы
өзгереді,
319
хабардың жасуша ішіне берілуі бұзылады. Осыдан жасушада
заттардың алмасулары және оның қызметі өзгереді.
Жасушалардың бірін-бірі тану үрдістерінде және олардың
өзара әсерлерінде мембрана бетінде орналасқан хабаршы
молекулалардың маңызы үлкен. Оларға тіндік үйлесімділік,
топтық ажыратулық, тінге арнайылық т. б. антигендер
жатады. Бұлардың құрылымы мен
ерекшеліктерінің өзгеруі
жасуша-аралық
әсерлердің
бұзылуына
және
қажетсіз
жасушалардың
жойылуына
әкеледі.
Мысалы,
бүлінген
жасушалар сыртындағы гликопротеидтерді жоғалтады. Көптеген
ауру туындататын микроорганизмдер (тырысқақ вибрионы,
тұмаудың вирусы т. б.) нейраминидаза ферментін шығарып,
жасуша қабығындағы антигендік қасиеті бар, жасырын
бөлшектерін
ашады.
Бұл
бөлшектер
қалыпты
аутоантиденелермен
байланыса
алады
және
организмнің
иммундық жауабын шақырып, артынан бүлінген
жасушаларды
жоятын иммундық әсерлердің (комплемент, макрофагтар)
шабуылына ілінеді. Осылай олар организмнен аластанады.
Мембрана өзіне вирустық нәруыздың бөлшектерін бекітеді.
Осыдан бүлінген жасушаларды жендет жасушалар тез байқап,
жойып отырады.
Жасуша рецепторларының бұзылыстары мына жағдайларда
болуы ықтимал:
● рецепторлардың сезімталдығы өзгеруден;
● рецепторлардың саны өзгеріп кетуден;
●
рецепторлық
нәруыздардың
конформациялық
бұзылыстарынан;
● рецепторлардың айналасын қоршаған липидтердің
өзгерістерінен. Бұл өзгерістердің
барлығы мембрананың
бұзылыстарында байқалады.
Екіншілік дәнекерлердің ауытқулары да жасуша ішілік
үрдістердің реттелулерінің бұзылыстарына әкеледі. Мәселен,
жүрек
ет
жасушаларында
цАМФ
жиналып
қалудан,
кардиомиоциттерде
мембраналық
потенциал
қалыптасуы
бұзылып, жүрек аритмиялары дамиды. Бронхиалық демікпе
кезінде кеңірдекшелердің тегіс еттерінде цАМФ азайып
кетуден, олар қатты жиырылып қалады. Саркоплазмалық
торшалардың Са
2+
-АТФ-аза ферментінің белсенділігі
төмендеуден
Са
2+
-иондарының
бұлшықет
жасушаларының
іштерінде
жиналып қалуы, олардың сіресіп жиырылуына
әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: