327
Иммундық жүйенің бұзылыстары
Иммундық жүйенің бұзылыстары мына түрлерде болуы
ықтимал:
● туа біткен немесе жүре пайда болған иммундық
тапшылықты жағдайлар;
● аутоиммундық дерттер;
● аллергиялық серпілістер;
ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚТЫ ЖАҒДАЙЛАР.
Иммундық жүйенің бір немесе бірнеше құрамбөлшектерінің
болмауынан организмнің жұқпаларға төзімділігі төмендеуімен
көрінетін жағдайларды иммундық тапшылықты жағдайлар дейді.
Иммундық
тапшылықты
жағдайларды
(ИТЖ)
туа
біткен
(біріншілік) және жүре пайда болған (салдарлық) – деп
екіге ажыратады. Туа біткен ИТЖ ұрпақтан ұрпаққа тарайтын
тұқым қуалайтын негізде дамиды. Салдарлық ИТЖ әртүрлі
дерттер кездеріндегі организмнің өзінде пайда болған -
эндогендік
және адамды қоршаған ортаның химиялық заттармен
немесе иондағыш сәулелермен т.б. ластанулары нәтижесінде
сырттан әсер ететін ықпалдардан пайда болған –
экзогендік
болып ажыратылады.
ИТЖ кездерінде организмнің жұқпаларға төзімділігі
азайып кетеді. Содан сәл суық тиюден, тіпті қалыпты
жағдайларда дерт туындатпайтын жұқпалардың әсерлерінен
жұқпалы аурулар жиі байқалады. Бұл кездерде, жұқпалы
аурулармен қатар, аллергиялық серпілістер, аутоиммундық
бүліністер дамиды және кейде тіпті өспелер өсуіне қауіп-
қатер төнеді.
Достарыңызбен бөлісу: