Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


бейспецификалық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет268/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

бейспецификалық өзгерістер
дейді. 
Оларға жоғарыда көрсетілген мембрананың өткізгіштігі 
көтерілуі, рецепторлық, насостық, каналдық қызметтерінің 
бұзылыстары және мембраналық потенциалдың өзгерістері, 


325
жасуша ішінде ацидоз дамуы т.с.с. жатады. 
Бүліндіргіш ықпалдарға жасушаның бейімделу жолдары. 
Бүліндіргіш әсер әлсіз, немесе жасушаның қалпына келу 
қабілеті 
жақсы 
болғанда, 
қорғаныстық-икемделістік 
тетіктер қосылады. Олар әртүрлі бағыттарда болады: 
● 
жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуіне қажетті: 
♣ 
жасуша 
глюкозаны 
оттегісіз 
ортада 
ыдыратып 
(анаэробтық гликолиз) шамалы болса да энергия (АТФ) 
түзеді; 
♣ 
тотығу-фосфорлану 
үрдістеріне 
қатысатын 
ферменттердің белсенділігін арттырады
♣ митохондрийлар ұлғайып, олардың гипертрофиясы 
дамиды;
♣ жасуша ішінде АТФ энергиясын тасымалдауға қатысатын 
ферменттер 
(адениннуклеотидтрансфераза, 
креатинфосфокиназа) әсерленеді; 
♣ АТФ энергиясын пайдалануға қажетті ферменттердің 
(АТФ-азалардың) белсенділігін күшейтеді; 
♣ жасуша өзінің атқаратын қызметін шектеп, энергияға 
деген мұқтаждығын азайтады; 
жасушада, энергия жұмсауды қажет ететін, түзілістік 
үрдістер азаяды. 
● 
жұқпаларға, химиялық улар мен уыттарға қарсы: 
♣ микросомалық ферменттердің белсенділігі артып, 
уытты заттарды тотықтыру, тотықсыздандыру, метил тобынан 
айыру т.б. жолдармен уытсыздандырады; 
♣ эндоплазмалық торшалардың, рибосомалардың, Голдж 
кешенінің қызметтері артуы ауру туындататын инфекциялық, 
химиялық заттарды ыдырататын ферменттердің, нәруыздардың
гормондардың, вирустарға қарсы интерферондардың түзілуін 
күшейтеді; 
♣ жасуша буферлік жүйелерін қосып, қышқылдық-сілтілік 
үйлесімді реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет