Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет37/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Иондағыш 
сәулелердің 
организмге 
әсері

Иондағыш 
радиация организмге жергілікті (сәулелік күйік, некроз, 
көз бұршағьгның бұлыңғырлануы) және жалпы (сәулелік ауру) 
әсер етеді. 
Иондағыш 
радиацияның 
жергілікті 
әсері

Иондағыш 
сәулелер жергілікті тіннің күюіне, сәулелік күйік дамуына 
әкеледі. Бұл сәулелердің өтіп кету қабілетіне байланысты 
терінің немесе дененің ішінде жатқан тіндердің күйіктері 


50
дамуы мүмкін. Радиацияның мөлшеріне қарай терінің, тері 
астындағы шелмайдың, бұлшықетгердің, сүйектердің некрозы 
дамиды. Науқас адамдарда қызба, үлкен лейкоцитоз, қатты 
ауыру сезімі болады. 
Сөулелік ауру
. Организмнің сыртынан 1-10 Гр мөлшерінде 
жалпы сәулеленудің нәтижесінде жіті сәулелік ауру дамиды. 
Бұл 
кезде 
негізінен 
сүйек 
кемігінің 
бүліністері 
байқалады. Бұны 
сүйек-кемігілік синдром 
дейді. 10-20 Гр 
мөлшеріндегі иондағыш сәулелердің әсерінен жіті сәулелік 
аурудың 
ішектік түр
і, 20-80 Гр мөлшерінде 
қан тамырлық, 
токсемиялық
түрі, 80 Гр - астам мөлшерінде — 
церебралдық 
(милық) түрі дамиды
.
Жіті сәулелік ауру әсер еткен сәуленің мөлшеріне қарай 
төрт топқа бөлінеді: 
● жеңіл түрі (1-2 Гр.);
● орташа түрі (2-4 Гр);
● ауыр түрі (4—6 Гр);
● тым ауыр түрі (6 Гр-ден асгам). Ол 4 - сатыда өтеді: 
♣ 
алғашқы серпілістер сатысы;
♣ клиникалық жалған сәттілік сатысы (жасырын саты); 
аурудың айқындалу сатысы;
♣ сауығу сатысы

Алғашқы серпілістер
сатысы сәулеленуден кейін әсер 
еткен сәулелердің мөлшеріне қарай бірінші минуттардың 
немесе сағаттардың ішінде дамиды. Бұл кезде организмнің 
жалпы қозуы, бас ауыруы, жалпы әлсіздік байқалады. 
Артынан тәбетгің жоғалуы, жүрек айну, құсу болады, қанда 
лимфоциттердің 
азаюы 
нейтрофилдік 
лейкоцитозбен 
қабаттасады. 


51
Орталық жүйке жүйесінің қозымдылығы артып, дербес 
(вегетативтік) 
жүйке 
жүйесінің 
межеқуаты 
құбылмалы 
болады. Осыдан артериялық қан қысымы құбылып тұрады
жүректің аритмиялары дамиды. Бұл кезде гипоталамус - 
аденогипофиз - бүйрек үсгі бездерінің сыртқы қабатының 
белсенділігі артады. Иондағыш сәулелердің мөлшері 8-10 Гр 
болғанда артериялық қан қысымы төмендеп, естен тану, дене 
қызымының көтерілуі, іш өтуі байқалады. Жүйкелік-
рефлекстік бұзылыстар байқалады. Сәулелік аурудың бұл 
сатысы алғашқы 1-3 күн арасында көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет