Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Сіңірілудің дерттік күшеюі



Pdf көрінісі
бет521/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Сіңірілудің дерттік күшеюі.
Сіңірілудің күшеюі ашішектердің қабынулары, авитаминоз 
кездерінде байқалады. Жас балаларда ішек қабырғаларының 
өткізгіштігі қалыпты жағдайдың өзінде жоғары болады. 
Осыдан толық ыдырамаған тағам өнімдері сіңіріліп, дененің 
уыттануын туындатуы мүмкін. Кейде жұмыртқа, сыйыр сүтінің 
нәруыздары ыдырамай сіңіріледі. Содан организмнің бөтен 
нәруыздарға 
сезімталдығы 
көтеріледі, 
аллергиялық 
серпілістер дамиды. 
Сыртқа шығарулық (
э
кскрециялық) қызметінің 
бұзылыстары.
Ішектердің сіңіру әрекеттерімен сыртқа шығару әрекеті 
тығыз байланысты. Ішектер арқылы организмнен гемоглобин 
мен холестерин алмасуының соңғы өнімдері, ауыр металдар, 
дәрілер т.б. шығарылады. Бұл әрекеті бұзылудан көрсетілген 
заттар организмде ұзақ мерзім белсенді түрлерінде сақталып 
қалуы мүмкін. 
Сонымен бірге, ішек бактерияларының әсерлерінен пайда 
болатын уытты заттар (фенол, индол, скатол т.б.) денеде 
жиналып қалып, бауырдың уытсыздандыру қызметіне ауыр 
жүктеме 
түсіреді. 
Осылардың 
нәтижесінде 
организмнің 
уыттанулары болады. Бұл қызметінің бұзылыстары ішектердің 
қимылдық әрекеттерінің бұзылыстарымен тығыз байланысты. 
Ішектердің қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары.
Ішектердің 
қимылдық 
әрекеттеріне 
бөліктік 
(сегменттік), 
тербелмелік 
және 
толқи 
жиырылу 
(перистәлтикалық) қозғалыстары жатады. Бірінші екі түрі 
тағамды 
ішектің 
белгілі 
бөліктерінде 
араластыруға 
бағытталған. Ал, толқи жиырылу қозғалыстарымен тағамды 


624
ішектің төменгі бөліктеріне ығыстырып ауыстыру болады. 
Ішектердің 
қимылдық 
әрекеттерінің 
күшеюі 
немесе 
әлсіреуі ықтимал. Ішектердің қабынулары (энтерит, колит) 
кездерінде, ішекке толық ыдыратылмаган қатты тағамдық 
заттар түскенде, бактериялардың уыттарының әсерлерінен 
және жүйкелік-сұйықтық реттеу тетіктерінің бұзылыстарында 
ішектердің қимылдық әрекеттері күшейеді. 
Кезбе жүйкелердің қоздырылуы, серотонин, гастрин, 
мотилин ішектердің толқи жиырылуын арттырады. Осыдан қатты 
іш өтулер дамиды. 
Диспепсиялар.
Балаларда ас қорыту бұзылыстары жиі диспепсия (грек. 
dispepsia - қорытылмау) түрінде кездеседі. Ол мәласорбция 
синдромымен қабаттасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет