303
қоздырғыштары)
әсерлерінен; Осыдан макрофагтар әсерленіп,
қабыну дәнекерлерін өндіре бастайды
● макрофагтардың ферменттерімен ыдыратылмайтын заттар
(мәселен, күрделі поликанттар,
декстран, зимозан, көмір,
кремний ұнтақтары т. б.) әртүрлі ағзалардағы (бауыр, өкпе
т. с. с.) макрофагтармен жұтылады да, оларды
әсерлендіреді.
Әсерленген макрофагтар химиялық тартқыштар өндіріп
моноциттердің қаннан тінге шығуына әкеледі. Бұл химиялық
тартқыштарға моноциттердің хемотаксистік протеині-1, С
4
және Д
4
-лейкотриендер, Е
2
-простагландиндер,
комплемент
құрамбөлшектері т. б. жатады. Сонымен бірге әсерленген
макро-фагтар биологиялық тотықтырғыштар өндіріп, қабыну
ошағындағы басқа жасушалардың мембраналарында майлардың
асқын тотығуын туындатады.
Макрофагтардың лизосомалық ферменттері (коллагеназа)
коллагенді ыдыратады. Коллагеннің
ыдырау өнімдері қандағы
моноциттерге күшті хемотак-систік әсер етеді. Сонымен
қатар
әсерленген
макрофагтар
қан
тамырларының
өткізгіштігін
жоғарылатады
(С
4
-
,
Д
4
-лейкотриендер,
304
тромбоксан,
лизосомалық
ферменттер
т.
б.).
Осылай
әсерленген
макрофагтардың
айналасына
қаннан
шыққан
моноциттер жиналады, гранулема (түйіршіктер) қалыптасады.
Моноциттер
қабыну
сіңбелеріне
түскеннен
кейін
фибронектин өндіреді. Осыдан макрофагтар дәнекер тіннің
коллаген талшықтарына жайылып жабысады. Мұның фагоцитоздық
қызмет атқару үшін маңызы зор. Макрофагтардың қызмет
атқаруында олардың лимфоциттермен
функциялық бірігуінің
маңызы бар. Бұл жасушалардың өзара әсерлері инфекциялық
қабыну ошағында арнайы иммундық қызмет атқаруға қатысады.
Макрофагтар
микробтарды
жұтып,
оларды
жартылай
ыдыратады. Осылай өңделген антиген макрофагтың сыртқы
мембранасына қайта шығарылып, иммундық жауаптың күшін
анықтайтын нәруыздардың түзілуін қадағалайтын гендермен
байланысады. Тек осылай
өңдеуден өткен антигенді Т-
лимфоциттер таниды. Осындай созылмалы қабыну ошағындағы
макрофаг пен Т-лимфоциттердің өзара әрекетесуін антигенге
тәуелді әрекет деп атайды.
Сонымен бірге, макрофагтар лимфоциттердің өсіп-өнуін
және олардың белсенділігін күшейтетін зат (интерлейкин I)
өндіреді.
Ал,
белсенділігі
көтерілген
лимфоциттер
макрофагтарды әсерлендіретін цитокиндер шығарады. Бұлардың
көпшілігі
гликопротеидтерге
жатады.
Макрофагтардың
миграциясын
тежейтін цитокин, олардың мембраналарының
жабысқақтығын ұлғайтады, макрофагтармен өндірілетін қабыну
медиаторларының
өндірілуін
көбейтеді.
Сонымен
қатар
лимфоциттер макрофагтардың өзара жабысуын,
олардың өсіп-
өнуін күшейтетін және созылмалы қабынуға тән көп ядролы
алып жасушалар құратын макрофагтардың өзара бірігуін
арттыратын цитокиндер өндіреді. Цитокиндер макрофагтардың
бактерияларды жоятын әсерлерін жоғарылатады.
Сонымен бірге, әсерленген макрофагтар сүйек кемігінде
моноциттердің өндірілуін ұлғайтатын зат шығарады.
Содан
моноциттер қабыну ошағындағы әсерленген макрофагтардың
орнын ұдайы толтырып тұратындықтан қабыну сүзілмелерінің
тез тарап кетуі болмайды. Сондықтан қабыну созыла береді.
Созылмалы қабыну науқас адамның өмір бойына созылуы
ықтимал.
Мезгіл-мезгіл
оған
нейтрофилдер
мен
жаңа
макрофагтар
түсуінен
созылмалы
қабынудың
асқынулары
байқалады. Осыдан келіп дәнекер тінінің бүліністері
қайталанып, онда жаңа талшықтар өсіп кетеді, ағзаның
қызметі бұзылуына әкелетін беріштену дамиды. Осылай
созылмалы бауырдың қабынуы — циррозға, өкпенің қабынуы —
пневмосклерозға,
бүйректің
қабынуы
—
нефросклерозға
т.с.с. әкеледі.