499
мөлшері шектеледі. Сол жақ коронарлық артерияның
саңылауы 50%-ға тарылғанда жүрек
қыспасының ұстамалары
пайда болады.
Кардиомиоциттердің
тіршілігі
жоғалмайтын
ұзаққа
созылған коронарлық қан айналымның аздығы кезінде
миокардтың жиырылу-босаңсу қызметі тұрақты әлсіреуін
«маужыраған миокард»
– дейді. Бұл жүректің аз коронарлық
қанайналымға бейімделуін көрсетеді. Ал жүректе қан
айналым қалпына келгенде оның қызметі де қалпына келеді.
Дегенмен
бұндай
жағдай
жүректің
ишемиялық
ауруын
ауырлатып, қолайсыз ықпалдардың әсерлерінен (қол
жұмысын
атқарғанда т.б. ауыртпалықтар кездерінде) миокардтың
инфаркты дамуына әкелуі мүмкін.
500
- сызбанұсқа
Коронарлық артериялардың атеросклероздық өзгерістері
мен олардың қатты жиырылып қалуы эндотелий жасушаларының
атқаратын
қызметтерінің
бұзылыстарына
әкеледі
(-
сызбанұсқа). Бұл кезде әртүрлі
себептерден пайда болатын
биологиялық белсенді заттардың (серотонин, гистамин,
лейкотриендер, брадикинин, аденозин, АДФ т.с.с.),
асқын
тотықтардың босап шығуынан майда қан тамырлардың эндотелий
жасушаларында нәзік құрылымдық, дистрофиялық өзгерістер
дамиды. Сонымен бірге эндотелий жасушаларының бүлінуінен
тіндік
тромбопластиннің босап шығуы, тромбоциттердің
адгезиясы мен агрегациясы күшеюімен біргө, X – фактордың
әсерленуі арқылы қан үю үрдістері артады. Осыдан майда
тамырларда тромбоздар дамиды.
Сонымен
бірге
эндотелий
жасушаларының
қызметтері
бұзылғанда тромбоциттердің агрегациясынан
серотонин босап
шығады, тромбиннің, ангиотензин II-нің, норадреналин мен
вазопрессиннің әсерлерінен эндотелин өндірілуі артады.
Достарыңызбен бөлісу: