Аллергиялық әсерленістердің I- түрі (реагиндік немесе анафилаксиялық түрі)
Аллерген
өсімдіктер тозаңы, жануарлар және өсімдіктер нәруызы, дәрі дәрмектер.
Иммундық сатысы
Макрофагтар және дендритті жасушалармен әрәкеттесуі, Т-эффектор, Т-хелпер (Th) (Th2 түзілуі), Т-супрессорлар, В-лимфоциттердің бірігуі (кооперация).
↓
В-лимфоциттердің плазмалық жасушаларға айналуы
↓
IgE және IgG4 түзілуі
↓
мес жасушалары немесе базофилдердің бетіне бекуі.
↓
Аллергенмен қайталап кездескенде мес жасушалары немесе базофилдердің бетінде аллерген + антидене кешені түзілуі.
Патохимиялық сатысы
Мес жасушалары немесе базофилдердің түйіршіксізденуі және түйіршіктерден: гистамин, гепарин, эозинофилдердің және нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары босап шығуы.
Мембрана фосфолипидтерінен лейкотриендер мен простагландиндердің түзілуі.
Аллергиялық серпілістер аймағына эозинофилдер, нейтрофилдер шығуы және олардан екіншілік дәнекерлер: гистаминаза, арилсульфатаза, протеаза, фосфолипазалар бөлінуі
Патофизиологиялық сатысы
қан тамырларының кеңеюі және олардың өткізгіштігінің жоғарылауы, ісінудің дамуы, тегісеттердің жиырылуы, бронхоспазм, шырыштың артық түзілуі, жасушалардың зақымдануы, ринит, конъюнктивит, есекжем.
Аллергиялық әсерленістердің II түр (цитотоксиндік).
Аллерген
химиялық заттар, соның ішінде, жасуша мембранасында бекітілген дәрі-дәрмектер, (Au, Ni, Zn, Cu, сульфаниламидтер, антибиотиктер); жасушалар және жасушалық емес құрылымдар мембраналарының өзгерген бөліктері (бүйрек шумақтарының негізгі мембранасының, коллагеннің).
Иммундық сатысы
Жасуша мембранасының және жасушадан тыс құрылымдардың (коллагеннің, бүйрек шумағының тіректі мембранасы) өзгерген бөлшектері
↓
Аутоаллергенді айырып тану, макрофагтар және Т,В – лимфоциттердің бірігуі
↓
В-лимфоциттердің плазмалық жасушаларға ауысуы, IgG1-3, IgM түзілуі.
↓
Аллергенмен қайталап кездескенде нысана жасушалардың бетінде аллерген + антидене кешені түзілуі