Патофизиология



бет2/24
Дата05.12.2022
өлшемі186,5 Kb.
#161271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Патфиз

Аурудың нышандары

  • Науқастың шағымы

  • Дерттің айғақты әйгіленімдері (дәлелімді тексерудің мәліметтері)

  • Қоршаған ортаға науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі

  • Еңбекке қабілетінің төмендеуі



Ауруалды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.
Ауру алдының нышандары

  • Жүктеме кезінде бейімділік мүмкіншіліктерінің шектелуі

  • Байқалған өзгерістердің қайтымдылығы

  • Жүктемелік сынамалармен анықталады (Мартине, Генче, Штанге т.с.с.)

Дерттік серпіліс – (re – қарсы, action - әсер, серпіліс) –
Организмнің кейбір әсерлерге қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз, қысқа мерзімдік жауабы (аурудың симптомы: теміртапшылықты анемия кезінде бор, топырақ, мұз жеу).
Дерттік үрдіс – зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің жиынтығы
Біртектес дерттік үрдістер:(қабыну, гипоксия, қызба)

  • адам мен әртүрлі жануарларда бірдей өтеді,

  • көп себепті (полиэтиологиялы),

  • әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,

  • айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,

  • эволюцияда барысында түзілген

Дерттік жағдай – организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.
Аурудың сатылары:

  • аурудың басталуы

  • нағыз ауру сатысы

  • аурудың аяқталуы

Жұқпалы аурулар сатысы:

  • инкубациялық кезең

  • хабаршы сатысы

  • айқындалу кезеңі

  • аурудың аяқталуы

Аурудың аяқталуы

  • сауығу (толық, шала)

  • созылмалы түрге ауысуы

  • өлім

Өлім

  • табиғи

  • патологиялық

Өлімнің кезендері: жантәсілім алды, ақтық үзіліс, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім
Реанимация – организмді тірілту. Өлімнің қайтымды сатыларында жүргізуге мүмкіндік бар.
Тірілтудің ұстанымдары:

  • жүрек қызметін қалпына келтіру

  • тынысты қалпына келтіру

  • бұзылған гомеостазды қалпына келтіру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет