Патофизиология


Ерте жастағы балалардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады



бет5/24
Дата05.12.2022
өлшемі186,5 Kb.
#161271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Патфиз

Ерте жастағы балалардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:

  • Жүйке және эндокрин жүйесінің құрылымдық және функциялық дамуы аяқталмағандығымен.

  • Иммундық жүйенің қызметінің жетілмегендігімен

  • Физиологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен.

Қарт адамдарға патологияның келесі ерекшеліктері тән:

  • Ауру көріністерінің мардымсыз болуы (гипоергиялық жауап).

  • Аурулардың созылмалы түрде өтуі.

  • Патологияның көптігі

  • Ауру кезінде бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы

  • Иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі, өспе ауруларының жиі кездесуі.

Жыныс ерекшеліктері жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Әйелдер суыққа, аштыққа, қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары жиі кездеседі. Ерлер стрессорлардың әсеріне төзімсіз, дезадаптация аурулары: жүректің ишемиялық авуруы, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертензия жиі кездеседі.


Жасуша бүлінуі – бұл жасуша құрылымы мен қызметтерінің бұзылуы


Жасушаның зақымдануға төзімділігін, анықтайтын жайыттар

Жасушалардын түрі

Жоғарыарнайылдырған, жасуша ішілік қалпына келу үрдістері жоғары денгейдегі болатын жасушалар (жүйкелік және бұлшық еттік) бүліністерге төзімді.

Гликокалекстін жағдайы

Гликокалексмолекулярлық сүзгі қызметін атқарушы, гликолипидті, гликопротеидті, полисахаридті тізбектен тұратын жасушаның беткей қабатын көмкеруші жұқа қабық. Гликокалекс түзілуі бұзылуы жасушаның зақымдануға төзімділігін төмендетеді.

Жасушалардың микроорталығы (дәнекер тіннің жағдайы)



Макрофагтар мен фибробласттар бөліну мен нақтылану реттегіш цитокиндерді бөледі

Жүйке және эндокрин жүйелерінің реттелу жағдайы

Жүйкеленуді жоғалтқан жасушалар женіл зақымданады.

Организмнің жағдайы



Авитаминоздар, нәруыз тапшылығы, ашығу, гипоксия т.б. жасуша төзімділігін төмендетеді

Жасуша тіршілік айналым қезені

Жасушаның тіршілік айналым кезеңдері: G0 ® G1 ® S ® G2 ® M
G0 - жасушаның тыныштық жағдайы; G1- синтез алды кезең, ДНК синтезіне дайындық кезең; S – ДНК синтезі; G2 – митоз алдындағы кезең, митозға дайындық кезең, M – митоз. Жасушаның әртүрлі ықпалдарға айналым кезеңдеріне әртүрлі сезімталдығы байланысты. Мысалы нейрондар өспе жасушаларға ауыспайды.



Жасуша бүліністерінің түрлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет