Жасушаның жіті зақымданудың сатылары
Бүліндіргіш жайттың біріншілік спецификалық әсері
Жасушалардың бейспецификалық серпілісі
Паранекроз ( жасушаның қайтымды өзгерісі: цитоплазманың бұлыңғырлануы, вакуолизациясы, ірі дисперсті тұнбалардың пайда болуы, жасушаға әртүрлі бояғыштардың сорылуының жоғарылауы)
Некробиоз («өлім мен өмір арасы» жағдайындағы ( necros – өлі және bios - тірі); жасушаның өліміне әкелетін өзгерісі. Некробиоздың некроздан айырмашылығы некробиоз тудырған себептердің әсерінен кейін жасушаның бастапқы жағдайына қайта келу мүмкіндігі)
Некроз (Некроз - жасушаның қайтымсыз зақымдануы, зақымдаушы жайттардың ықпалынан дамитын екі бәсекелес үрдістің, ферменттердің бүліндіргіш әсерінің нәтижесінде дамитын: жасушаның ферментативті қорытылуы (колликвациялы, сұйылтушы некроз) және нәруыздың денатурациясы (коагуляциялық некроз)
|
Жасушаның созылмалы зақымданудың сатылары
Апаттық сатысы (қалған құрылымдардың қызметінің жоғарылауы, жасушаның гендіқ ақпаратының белсенділенуі)
Тұрақты икемделу сатысы (жасуша құрылымдарының гипертрофиясы мен гиперплазиясы)
Дистрофиялық өзгерістері мен жасуша өлу сатысы
|