|
|
бет | 17/24 | Дата | 05.12.2022 | өлшемі | 186,5 Kb. | | #161271 |
| Байланысты: ПатфизҚабынудың жалпы белгілері: қызба, ұйқышылдық, тәбеттің болмауы, бұлшық еттердің ауыруы – миалгия, буындардың ауыруы-артралгия, бауырда «жауаптың жедел кезеңі» нәруыздарының түзілуі (С – реактивті нәруыз, сарысулық амилоид А, фибриноген, церуллоплазмин, гаптоглобин, антиферменттер - антитрипсин), ядролық солға жылжыған нейтрофилді лейкоцитоз, иммундық жүйе жасушаларының әсерленуі – цитокиндер – интерлейкиндер (ИЛ-1, ИЛ-6); ӨТЖФ әсерлерінің нәтижесі
Созылмалы қабыну
ұзақ өтуімен және әлсіз айқындығымен сипатталады
әсерленген макрофагтардың санының артуымен басталады
негізгі жасушалары макрофагтар мен лимфоциттер.
пролиферация басым болады.
Тіндердің құрылымы бұзылуы мен айқын пролиферацияның қатарласа кездесуі
Қабынудың жағымды жақтары:
Қабыну ошағын орнықтырып, сау тіндерден шектеуі
Патогенді жайтты бір жерде ұстап, оның жойылуы
Ыдырау өнімдерін жойып, тіндердің біртұтастығын қалыптастыру
Иммунитеттің түзілуі
Қабынудың жағымсыз жақтары:
Тіндердің зақымдануы
Аурулардың (энцефалит, менингит, мый абсцесі, миокардит) негізін құрайды
Қабынудың этиотропты емі
Себепкер ықпалға әсер ету
Бактериостатикалық және бактерицидті әсер ететін дәрілер
Зақымданған тіндерді кесіп алып тастау
Қабынудың патогенездік емі
Жасуша мембранасын тұрақтандыратын дәрілер (дәнекерлердің бөлінуін азайту, салдарлық әлтерация мен тамырлық серпілістерді азайту)
Антиоксиданттар (салдарлық әлтерацияны азайту)
Дәнекерлерге қарсы дәрілер (салдарлық әлтерацияны азайту)
Микроциркуляцияны жақсартатын дәрілер
Пролиферацияның көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|