Патофизиология



бет22/24
Дата05.12.2022
өлшемі186,5 Kb.
#161271
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Патфиз
Мысыр мәдениеті, дифференция 1 апта, Expo 2017 Astana, қанның биох.көрсеткіштері , ОШ СОЧ Английский язык ЕМН 11 класс final 2
Аллергиялық әсерленістердің ІІІ түрі (иммундық-кешендік түрі)

Аллерген

көп мөлшердегі еритін нәруыздар, дәрі – дәрмектер , емдік сарысулар



Иммундық сатысы

Антигенді айырып тану, макрофагтар, дендритті жасушалармен әрәкеттесуі және Т, В – лимфоциттердің бірігуі

В-лифоциттердің плазмалық жасушаға айналуы және тез тұнбаландыратың (преципитация) IgG1,, IgG3 IgM иммуноглобулиндері түзілуі.

Аллергенмен қайталап кездескенде ерігіш аллерген + антидене кешені түзілуі, кешендердің айналып жүруі және ұсақ тамырлардың қабырғасына бекуі

Патохимиялық сатысы

комплемент бөлшектерінің әсерленуі, фагоцитоздың әсерленуі және фагоциттерден лизосомалық ферменттердің және супероксид радикалдардың бөлінуі, лаброциттердің әсерленуі, олардың түйіршіксізденуі және гистамин, гепарин, серотонин, хемотаксистік факторлардың бөлінуі; простагландиндер, лейкотриендер, тромбоциттерді агрегациялайтын факторлапрдың түзілуі, калликреин-кинин жүйесінің, ұйытатын, ұюға қарсы және фибринолитиздік жүйенің әсерленуі.

Патофизиологиялық сатысы
Тамырлар қабырғасының зақымдануы, тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы, қабыну дамуы.

Иммундық – кешендік түрі сарысулық ауру, аллергиялық васкулит, ревматизм, диффузды гломерулонефрит, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты полиартрит, Артюс феномені ауруларының даму негізінде жатады.




Аллергиялық әсерленістердің IV түрі (жасушаның қатысуымен жүретін)

Аллерген

Микробтар (туберкулез, бруцеллез, лепра қоздырғыштары, пневмококтар, стрептококтар), вирустар, паразиттер, саңырауқұлақтар, құрттар, әлсіз иммундық қасиеті бар, молекулалық массасы төмен тіндік нәруыздар, вирусы бар жасушалар

Иммундық сатысы

Антигенді айырып тану, макрофагтармен Т – лимфоциттердің кооперациясы

Аллергенмен қайтадан түйіскенде сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің (с-Тл) түзілуі

с-Тл нысана жасушалармен өзара әрекеттесуі

Патохимиялық сатысы

Сенсибилизацияланған Т- лимфоциттердің лимфокиндерді түзуі және босатып шығаруы



Патофизиологиялық сатысы

лимфокиндермен, Т-жендеттермен, макрофагтардың лизосомалық ферменттерімен тін жасушаларының зақымдануы аллергиялық қабынудың (гранулематозды) дамуы



Гипосенсибилизация организмнің аллергенге сезімталдығының төмендеуі. Оның арнайыланған (аллергияны туындатқан аллергенді енгізу арқылы қол жеткізіледі: А.М.Безредка әдісі бойынша сарысу енгізу, атопиялар кезінде аллергеннің аз мөлшерін енгізу) және арнайыланбаған (организмнің реактивтілігін өзгерту арқылы) түрлерін ажыратады.

Бейнақты гипосенсибилизация

Арнайы гипосенсибилизация (аллергиялық серпілістердің I түрінде тиімді)

  • организм реактивтілігін өзгертумен сипатталады;

  • Дәнекерлерге қарсы заттарды (антигистаминдік, кинин жүйесінің тежегіштерін, мембрана тұрақтандыратын, кәлцийдің қарсыластарын),

  • Иммундық қалыптандырғыштарды, иммундық күшейткіштерді, иммундық тежегіштерді (глюкокортикоидтар, цитостатиктер ж.б.)

  • аллергияны дамытқан аллергенді енгізу арқылы (сарысуды А.М.Безредка әдісімен енгізу, атопияда аллергенді аз мөлшерде енгізу)

  • IgG типті фагоциттелетін кешен түзетін тежегіш антиденелер түзіледі,

  • реагиндер (IgЕ) түзілуі азаяды,

  • Аллергия дәнекерлері әсерсізденеді,

  • Т-супрессорлық белсенділік қалпына келеді.






Жалған аллергиялық серпілістер - көрінісіне қарай аллергияға ұқсас, бірақ иммундық сатысының болмауымен ажыратылатын серпілістер тобы. Мес жасушаларының түйіршіксізденуін және биологиялық белсенді заттардың босауын тудыратын жайттардың әсерінен дамиды.



Даму жолдары

Гистаминдік
(гистамин мөлшерінің­ )



Комплемент жүйесінің белсенділенуі бұзылғанда

Арахидон қышқылының алмасуы бұзылғанда

  • Мес жасушаларының түйіршіксізденуі

  • Гистамин әсерсізденуінің бұзылуы

  • Гистаминнің тағаммен артық түсуі (ферменттелген ірімшік, ысталған шұжық)

  • Дисбактериоздар (ішек ортасының декарбоксилдеуші белсенділігінің­)




Комплемент жүйесінің қатты әсерленуі
Комплемент тежегіштерінің тапшылығы

Аспиринді қабылдағаннан кейін простагландиндердің түзілуі тежеліп лейкотриендердің түзілуі артуы



Өспе (лат. tumor, blastoma; грекше neoplasma, oncos) – тұтас организмнің жүйкелік-эндокриндік реттеулеріне бағынбай, өз бетінше дербес өсетін, құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақтықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жэасушаларға бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет