Одан басқа ішкі және сыртқы, алғашқы және қайталама қанағу түрлерін ажыратады. Егер құйылған қан айналасындағы тіндерді бұзып, бір жерге топталып қалса оны қанды ісік – гематома дейді. Кейбір ағзалардан қанағу өзіне тән латынша атқа ие. Өкпеден қан кетуді – гемоптоэ, қан құсуды – гематомезис, мұрыннан қан ағуға – эпистаксис, жатырдан қан кетуді – метрораггия, несеппен қанның ажырап шығуын – гематурия, нәжіспен қанның бөлінуін – мелена дейді.