Тромбоз деп қанның қан тамырлары ішінде ұйып қалуын атайды. Ұйып қалған зат тромб деп аталады. Тромб қан тамырлары саңылауын тарылтып немесе бүтіндей тығындап, қан айналасына кедергі жасайды. Артериямен қан келмей қалғанда, ағзалар некрозға дейін баратын аса қауыпті өзгерістерге ұшырайды.
Тромбоздың негізінде физиологиялық құбылыс - қан ұю үрдісі жатады. Бұл организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакцияларының ең бір маңызды түрі, себебі тамырлар жарақаттанғанда қанағу тоқтамаса, организм сәл ғана жарақаттан қансырап өледі.