олар бір-біріне қосылып ірі тамшылар түзеді
(ірі
тамшылы семіру.)
Бауыр май дистрофиясы
нəтижесінде үлкейіп, божырап, қамырдай жұмсарып қалады. Бауырдың майлы дистрофиясы
алькоголизмде, қантты диабетте, семіздікте, зат алмасу процесінің бұзылуына байланысты
пайда болады (10 - сурет)
Алкоголизмде
майдың май «қорларынан» шығуы күшейеді, гепатоциттерде май
қышқылдарының синтезі артады, олардың тотықтану мөлшері төмендейді, сонымен қатар
липопротеидтер синтезі азаяды, осы өзгерістер нəтижесінде май бауыр клетка ларында
жиналып қалады. Егер ауру арақ-шарап ішуін тоқтатса, клеткалардағы май бауырдан 2—4 апта
ішінде жоғалып кетеді. Ал арақ-шарап ішу жалғаса берсе, ауруда алкогольдік гепатит,
кейінірек цирроз дамиды.
Қантты диабетте,
инсулин гормонының тапшылығына
байланысты май «қорларынан» майдың қанға өтуі күшейеді, себебі инсулин осы процеске
қарсы
əрекет
етуші
(антилиполитик) гормондар қатарына кіреді. Сонымен бірге
фосфолипидтердің синтезі жəне май қышқылдарының тотығуы да бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: