Патологиялық анатомия



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата06.02.2022
өлшемі299,9 Kb.
#81841
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Патанатомия и патофизиология



Патологиялық анатомия

– адамдар мен жануарлар организмінде 
ауруға байланысты дамитын патологиялық процестердің 
морфологиялық негіздерін зерттейтін ғылым; Қазіргі кезде 
Патологиялық анатомия ауру морфологиясын организмдік, 
органдық (ағзалық), тіндік, клеткалық жəне клеткаішілік деңгейлерде 
зерттей алады. 
Патологиялық анатомияның зерттеу əдісіне: 

аутопсия (мəйіт)


биопсия

жəне 

тəжірибелік əдіс

жатады. Соңғы əдіс Патологиялық 
анатомияда жиі қолданылады. Мысалы, қатерлі ісік тудырушы 
(канцерогендік) заттардың, аса улы химикалық қоспалардың, 
қоршаған ортаның зиянды əсерлерін осы əдіспен

анықтайды. 

[1]


ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ ПƏНІНІҢ 
МІНДЕТТЕРІ 
Патологиялық анатомия əр түрлі аурулар кезіндегі организмде болатын морфологиялық
өзгерістерді зерттейтін пəн. Патология

раtһоs
«ауру сырқат» жəне

Іоgos
«ілім» деген грек сөзі,
яғни патология —

ауру жөніндегі
ілім деген мағынаны береді. Патологиялық анатомия
 
морфология ғылымдары қатарына жатады. Ол əр түрлі морфологиялық əдістер арқылы ауру
дамуының барлық кезеңдерін, осы аурудан өлгеннен кейінгі денедегі бүкіл өзгерістерін
тексереді. 
Патологиялық анатомия ағзалардағы, тканьдердегі морфологиялық өзгерістерді ізбе-із
тексере отырып, белгілі бір аурудың морфогенезін, ауру барысындағы кездесетін əр түрлі
ауытқуларды, оның асқыну белгілерін, организм үшін қандай нəтижелерге алып келу
мүмкіншіліктерін де анықтай алады. 
Сонымен қатар патологиялық анатомия аурулардың шығу себептерін

(этиология)

, даму
механизмін

(патогенез)

, өлу процесін жəне оның себептерін де

(танатогенез)
жан-жақты
зерттейді. 
Патологиялық анатомияның казіргі даму кезеңінде ауру морфологиясы тек организмдік,
ағзалық, тканьдік, клеткалық деңгейге ғана емес, клеткаішілік (органоидтық) жəне
молекулалық деңгейде де зерттеледі. Осы зерттеулердің нəтижесінде клиникада айтылып
келген функциональдық (қызметтік) жəне құрылымдық (структуралық) өзгерістердің
диалектикалық бірлігі яғни құрылымдық өзгеріссіз кызметтік өзгерістердің болмайтындығы
айқын дəлелденді. 
Патологиялық анатомия тек қана теориялық ғылым емес, оның денсаулық сақтау жүйесінде
де аса зор маңызы бар. Осы ғылым мамандары биопсиялық тексерулер мен жарып көру
нəтижесінде табылған морфологиялық өзгерістерді аурудың клиникалық көріністерімен
салыстыра тексеріп, əр түрлі патологиялық процестерді,əсіресе қатерлі ісіктерді дер кезінде
анықтауға да тікелей қатыса алады. 


Жарып көру барысында клиникалық диагноз өлген кісі ағзаларындағы морфологиялық
өзгерістермен салыстырыла қаралып, аурудың ең соңғы

патологиялық анатомиялық диагнозы
 
 
қойылады. Өкінішке орай кейбір жағдайларда клиникалық диагноздың дұрыс еместігі немесе
ауруды емдеу кезінде дəрігерлер тарапынан жіберілген қателер, сəтсіз іс-əрекеттер байқалады.
Əрбір дəрігер жіберген қате клиникалық-анатомиялық конференцияларда талқыланып, оның
себептері, ауру өліміне тікелей қатысы анықталады. Біздің медицинамыздың осындай
клиникалық-анатомиялық бағыты аурухана жағдайында дəрігерлердің біліктілігін асыруға
мүмкіндік береді. 
Жарып көрудің карантинді инфекцияларды дер кезінде анықтаудағы орны ерекше. Жарып
көру кезінде алынған материал жəне биоптаттар ғылыми тұрғыдан зерттеліп, білім беру, оқу
саласында да пайдаланылады. 
Міне, осы
аталған міндеттер
патологиялық анатомияның медицина үшін қаншалықты
маңызы барлығын керсетеді. Қазіргі уақытта патологоанатомдар жұмысы клиникамен тығыз
байланысты
болғаны үшін оларды 

клиникалық патологтар

деп атайды. 
Оқулықтың осы бөлімінде жалпы патологиялық процестер жəне клетка патологиясы
қаралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет