арқылы алынатын биопсияны
трепанобиопсия
деп атайды. Биопсия — негізінен ауру
диагнозын, əсіресе қатерлі ісіктерді өз уақытында анықтау үшін өте қажет əдіс.
Биопсия аурудың алғашқы морфологиялық белгілерін көруге, оның кейінгі даму процесін
зерттеуге, ауру нəтижесін алдын ала болжауға, ең бастысы, қолданылған емнің қаншалықты
пайдалылығын анықтауға мүмкіншілік тудырады. Биопсия əдісінің клиникада əлі өзін
жан-жақты көрсете қоймаған, өте күрделі ауруларды тексеріп білуге жəрдемі зор. Клиника
жағдайында науқастан операция жолымен не əдейі диагнозды анықтау үшін алынған барлық
тканьдер, қырындылар толық тексеріледі. Қазіргі уақытта биопсия патологоанатомдардың
тексеру əдістерінің негізгі түрі болып, оның саны жыл сайын тоқтаусыз артуда.
Эксперимент
арқылы тексеру əдісі де патологиялық анатомияда кеңінен қолданылады.
Себебі, кейбір аурулардың келіп шығу механизмін адамда зерттеу мүмкін емес, сол үшін
эксперимент койылады. Мысалы көптеген қатерлі ісік тудырушы (канцероген) заттардың, аса
улы химиялық қосындыларының əсерін тек осы жолмен ғана үйрену мүмкін. Қазіргі уақытта
қоршаған ортаның организмге əсерін білу үшін де эксперименттер кеңінен қолданылуда.
Адам ауруының əр түрлі модельдерін эксперимент арқылы тексеру, көптеген аурулардың
патогенезін тереңірек түсінуге, оның морфогенезін анықтауға, емдеу əдістерін жан-жақты
жетілдіре түсуге мүмкіншілік тудырады. Дегенмен, экспериментте алынған зерттеу
қорытындыларын адам патологиясына тікелей көшіруге болмайды. Эксперимент нəтижесі
жəне де ұзақ уақыт клиникалық сынақтан өтуі керек.
Қазіргі кезеңде патологиялық анатомияда электронды микроскопты, цитохимия,
радиоавтография жəне т. б. жаңа əдістерді кеңінен колдануға байланысты патологиялық
процестерді ультрақұрылымдар деңгейінде, тіпті молекула деңгейінде тексеру мүмкіндігі бар.
Осы тексерулер нəтижесінде ағза қызметіндегі ең нəзік функциональдық өзгерістерге
ультрақұрылым деңгейіндегі
құрылымдық морфологиялық
өзгерістердің
сəйкес
келетіндігі анықталды.
Молекулалық деңгейдегі зерттеулер патологиялық анатомияның биохимиямен
жақындай түсуіне, көптеген биохимиялық процестердің құрылымдық негізін анықтауға алып
келуі сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: