Майлы паренхималық дистрофия (липидоздар) Майлы паренхималық дистрофия деп клетка цитоплазмасында майдың көбейіп кетуін, яки
майдың нормада ұшырамайтын жерлерде пайда болуын немесе химиялық құрамы басқаша
майлардың (мысалы, Гоше, Ниман-Пик липоидоздарында) жиналып қалуын түсінеміз.
Клеткада негізінен бейтарап майлар жиналады. Клеткада майдың пайда болуы: клеткадағы
май-белок кешендерінің ыдырап, майдың көрініп қалуына
(фанероз, декомпозиция), қанда
май мөлшерінің көбейіп кетуіне
(инфильтрация) жəне майдың көмірсулар мен белоктар
есебінен шамадан тыс түзілуіне
(трансформация) байланысты. Майлы дистрофия көбінесе
жүректе, бауырда, бүйректе кездеседі. Май жиналу процесі клетканың жойылуына
(деструкция) соқтырады. Бауырдың майлы циррозының дамуының негізінде осы механизм
жатыр.
Клеткаларда майды анықтау үшін арнайы гистохимиялық əдістер қолданылады. Май
судан III жəне шарлах бояуымен сарғыш-қызыл түске, осмий қышқылы мен судан IV
бояуымен қара түске боялады.