ДИСТРОФИЯЛАР
Дистрофия
(грекше
dys -
бұзылу жəне
trорһе
- қоректендіремін) деп, клеткалар мен
тканьдерде зат алмасуының бұзылуына байланысты шығатын əр түрлі патологиялық
процестерді түсінеміз.
Зат алмасу процесі, əсіресе биомолекулалардың ыдырауы
мен жинақталуының
диалектикалық
бірлігі, тіршіліктің, өмір сүрудің биологиялық негізі болып есептеледі.
Организмнің қалыпты қызметі үшін құрылыс материалы есебінде белоктар, энергия көзі
есебінде майлар мен көмірсулар жəне минералдық заттар мен витаминдер қажет. Зат алмасу
процесінің барысы организмнін туа біткен ферменттік жүйесімен реттеліп отырылады.
Патологиялық жағдайларда, əр түрлі себептерге байланысты зат алмасу процесі
бұзылады. Бірақ та дистрофия дегенде тек зат алмасуының бұзылуын ғана түсіну жеткіліксіз,
себебі «трофика» сөзі кең мағынаға ие. Сондықтан дистрофияны тек клеткадағы өзгерістер
ғана деп қарау дұрыс емес, ол клетканы қоршаған ортаның, тіпті бүкіл нерв, эндокрин
жүйелерінің əсерінің де көрінісі. Дистрофия морфологиялық тұрғыдан регрессивті процесс
болып есептелгенмен, жалпы - биологиялық тұрғыдан оны организмде қалыпты жағдайларда
жүріп жататын зат алмасу, энергия бөліну сияқты биологиялық мақсатқа сəйкес бейімделу
реакцияларының бірі деп қарау керек (И. В. Давыдовский).
Дистрофияның даму механизмдерінің негізінде, зат алмасу процесін қамтамасыз етуші
клеткалық жəне клеткааралық қарым-қатынастардың бұзылуы жатады.
Оның негізгі себептеріне: əр түрлі ферментопатиялар (тума немесе тұқым қуалау
жолымен пайда болған ферменттер жетіспеушілігі), қан айналуының бұзылуына байланысты
дамитын гипоксия, зат алмасуының нервтік, эндокриндік реттелуінің бұзылуы жатады.
Сонымен, дистрофия өте күрделі көп себепті (көпэтиологиялы) құбылыс болып, əр
уақытта да клетка ішіндегі жəне клеткааралық құрылымдардың зақымдануымен жəне олардың
жаңару процестерінің бұзылуымен сипатталады.
Дистрофияның дамуына төмендегі өзгерістер себеп болады:
1. Инфильтрация. Қан арқылы келген заттардың клеткаға немесе клеткааралық тканьге,
мөлшерден тыс сіңіп қалуы. Мысалы, атеросклероз ауруында қанда холестерин мөлшері өте
көбейіп кетіп ол қан тамырларының ішкі қабатында (интимада) сіңіп қалады, семіздік кезінде
майлар бауырда, жүректе жиналады.
2. Декомпозиция (ыдырау). Бұл қалыпты жағдайда бір-бірімен берік байланысқан,
бірақ та патология жағдайында ыдырап жеке-жеке көрініп қалатын заттарға тəн. Мысалы,
май-белок қоспалары ыдырағанда клеткада жеке-жеке май жəне белок заттары жиналып
қалады. Бұл көбінесе клетка ультрақұрылымдарының ыдырап жойылуына байланысты
процесс.
3. Трансформация деп бір зат орнына екінші заттың түзілуін айтамыз. Мысалы, май
жəне көмірсу түзуші заттардан белоктың пайда болуы немесе көмірсулардан майдың түзілуі.
4. Денатурация — белоктардың əр түрлі жағдайларға байланысты ұйып немесе бірігіп
ірі тамшылар (коагуляттар) түзуі.
5. Бейтабиғи синтез. Бұған мысал ретінде клеткалар мен тканьдерде табиғи жағдайда
кездеспейтін заттардың, амилоид белогінің, алкоголь гиалинінің пайда болуын
келтіруге болады.
6. Клеткада
синтезделіп жатқан заттардың өз мерзімінде ыдырамай
цитоплазмада
жинақталып
қалуы. Бұл тезаурисмоздарға тəн құбылыс болып ферментопатиялар қатарына
жатады. Көлемі ерекше үлкейіп кеткен клеткалар
(«жинақталу
клеткалары»)
бара-бара
бүтіндей жойылады.
|