Патологиялық физиология, міндеттері, зерттеу әдістері. Патофизиологиядағы эксперименттің маңызы



бет2/14
Дата19.06.2023
өлшемі314,86 Kb.
#178956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ïàòîëîãèÿëû? ôèçèîëîãèÿ, ì³íäåòòåð³, çåðòòåó ?ä³ñòåð³. Ïàòîôèçèî

Билет- 2

  1. Денсаулық және ауру, анықтамасы. Аурудың негізгі критерийлері. Ауруларды жіктеу принциптері. Патологиялық реакция, патологиялық процесс, патологиялық жағдай, ұғымдар, мысалдар. Типтік патологиялық процестер туралы түсінік, сипаттамасы.



Денсаулық деп организмніц сыртқы орта ықпалдарына бейімделіп, өзінің ішкі тұрақтылығын қалыпты деңгейде сақтап калатын жағдайын айтады.
Ауру — деп тұтас организмнің коршаған органын ыкпалдарына корғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, дерт туындататын сыртқы немесе ішкі ыкпаллардан дамитын, оның биологиялык және әлеуметтік мүктаждықтарын атқара алмайтын жана сапалы жағдайын айтады.
Аурудың критерийлері мен принциптері: науқастың шағымдары, объективті тексеру нәтижелері, бейімделу мен еңбек қабілеттіліктің төмендеуі.
Аурудың маңызды өлшемі - наукастың шағымдары (әлсіздік, ауырсыну, температура және т.б.) бірақ олар әрқашан ағзаның жағдайын объективті түрде көрсетпейді. Аурудың қандай да бір симптомдарын және олардың себептерін білетін адамдар дәрігерді дезинформациялай алады.
Аурудың анықтаушы критерийі объективті тексеру нәтижелері (лабораторлы және аспаптық әдістер) болып табылады, ол нормадан қандай да бір ауытқуларды анықтауға және аурудың тән симптомдарын (белгісін) анықтауға мүмкіндік береді.
Аурудың маңызды өлшемі бейімделу мен енбек кабілеттіліктің төмендетуі болып табылады. Бұл бұзушылықтарды анықтау үшін ағза (мүше, мүшелер жүйесі) жасанды түрде жұмыс істеу қабілетін көрсетуге мәжбүр болған жағдайларға қойылатын функционалдық сынамалар жүргізіледі. Мысал ретінде қант диабеті кезінде қант жүктемесі бар сынаманы, электрокардиограммадағы ауытқуларды анықтау үшін түрлі функционалдық жүктемелерді келтіруге болады.


Пайда болу себептеріне қарай: туа біткен және жүре пайда болған аурулар деп ажыратылады. Туа біткен аурулар: тұқым қуалайтын тектік ерекшеліктерден немесе іштегі үрықтың даму бүзылыстарынан немесе туылу кездеріндегі кесепаттардан дамитын болады. Жүре пайда болған аурулар: жүқпалы (инфекциялык) жөне жүкпалы емес (бейинфекция- лық) болуы ықтимал.
Даму жоддарына карай оларды: тектік, аллергиялық, қабынулық, зат алмасулық, өспелік, жүйкелік-реттелулік, жүйкелік-дистрофиялық т.б. аурулар деп ажыратады.
Даму жылдамдығы мен көріну каркынына қарай:
• қауырт,
• жіті,
• жітілеу,
<■ созылмалы (сүлде) ауруларға ажыратады.
Қауырт ауру 4 тәулік ішінде, жіті ауру 5-14 тәулік аралығында, жітілеу ауру 15-40 тәулік аралығыңда, созылмалы ауру бірнеше ай — жылдар бойы өтеді.
Дертгің арнайы өзгерістерінің денедегі денгейіне карай: молекулалық, хромосомалық, ағзалық, жүйелік деп бөлінеді.
Наукас адамдардын жасына карай: жаңа туған нәрестелердің, ба- лалардың, ересек адамдардың және қарттардың аурулары болады;
Жынысына карай: әйелдердің, еркектердің ауруларын ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет