Ситуациялық есеп: Науқас клиникаға «миокардтың жіті инфаркты» алдын ала аңғарымымен түсті.
рН 7,32
рСО2 38 мм с.б.
SB 18,0 ммоль/л
ВВ 36,0 ммоль/л
ВЕ -6,5 ммоль/л
Қандағы сүт қышқылы - 2,8ммоль/л (қалыптыда 0,5-2,0 ммоль/л)
Титрациялық қышқылдық - 200 мл/тәулігіне (қалыптыда 70-100 мл/тәу)
1.Артериалық қанның рН мәнін айқындалу дәрежесіне қарай сипаттаңыз (теңгерілген, теңгерілмеген)
рН – 7,32 – теңгерілмеген ацидоз. 2.ҚСҮ бұзылысының патогенезіне қарай түрі туралы қорытынды жасаңыз. Жауапты негіздеңіз
Теңгерілмеген мет.ацидоз : қанайналымы мен микроциркуляцияның бұзылысы гипоксия кардиомиоциттердің зақымдануы некроз қанға көптеп қышқыл өніс-ң шығуы(лактатацидоз) мет.ацидоз. 3.ҚСҮ көрсеткіштерінің мәнін бағалаңыз. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарының себебі не?
Ісіну - қан мен тіндер арасында су алмасуынын бүзы- лыстарынан тінаралык кеңістіктерде сүйықтың артық жиналып қалуы. Сүйықтың дене қуыстарында жиналуын шемен дейді. Іш қуысы сулануын іш шемені, өкпеқап қуысы сулануын гидроторакс, ми қарыншалары сулануын - гидроцефалус, жүрекқ- ап қуысы сулануын гидроперикардиум деп атайды.
Ісіну көптеген аурулар кездерінде болатын біртектес дерттік үрдіс. Қан мен тіндердің арасында су алмасуы микроциркуляциялық арнада қылта- мырлардың қабырғалары арқылы болады. Ісінудің даму жолдарында:
•қылтамырлар ішінде қан қысымы көтерілуінің; •қанда онкотикалық қысым төмендеуінің;
қылтамырлардың қабырғаларынын өткізгіштігі жоғарылауының;
• лимфа ағуы баяулауының; су мен электролиттер алмасуының жүйкелік және гуморалдық реттелуі бұзылыстарының;
• тіндерде және тінаралық кеңістіктерде осмостық және онкотика- лық қысымдардың көтерілуінің - маңызы өте зор. Лимфа ағуының баяулауы кезінде жасуша аралық сүйықта онкотикалық қысым біршама көтеріледі. Ас түзын артық пайдаланғанда немесе бүйрек қызметі бүзылғаанда жасуша аралық кеңістіктерде натрий иондары жиналып қалуы мүмкін Осы келтірілгендерге байланысты ісінудің бірнеше себепшарттарын (факторларын) ажыратады. Қылтамырлар ішінде қан қысымы көтерілуіне әкелетін факторды гемодинамикалық фактор, қанда онкотикалық қысымды төмендететін факторды онкотикалык фактор, қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылататын факторды қантамырлық фактор, лимфа ағуын баяулататын факторды лимфогендік фактор, су мен электролиттер алмасуының реттелуі бүзылыстарына әкелетін факторды жүйкелік-эндокриңдік фактор, тінаралық кеңістіктерде осмостық-онко- тикалық қысымдарды көтеретін факторды тіңдік фактор - деп атайды.