Патологиялық физиология, міндеттері, зерттеу әдістері. Патофизиологиядағы эксперименттің маңызы



бет11/14
Дата19.06.2023
өлшемі314,86 Kb.
#178956
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ïàòîëîãèÿëû? ôèçèîëîãèÿ, ì³íäåòòåð³, çåðòòåó ?ä³ñòåð³. Ïàòîôèçèî

Изомостық гипогидратация (лат. һурo - аз, төмен, hydor - су) су мен түздардың біршамадай азаюынан дамиды. Бүндай жағдай полиурия, диспепсия кездерінде және қан кетуден байқалуы мүмкін. Бұл кезде негізінен жасуша сыртындағы сүйық азаяды.
Гипосмостық гипогидратация организмнен сумен бірге түздардың судан басымырақ шығарылуынан дамиды. Оны түзтапшылықты гипогнд- рия деуге де болады. Электролиттердің организм үшін көптеген маңызды қасиеттерімен бірге, суды байланыстырып, организмде үстап тұратын қасиеті бар. Бұл жағынан әсіресе натрий, калий, хлор т. б. иондарының маңызы өте үлкен. Сондықтан организмнен бүл түздардың артык шығарылуы оның сусыздануына әкеледі. Бұл кезде организмде электролиттердің мөлшері қалпына келмей, қанша су іше бергеніне қарамай организмнің сусыздануы тоқтамайды. Сусыздану негізінен жасуша сыртындағы сүйықтың есебінен болады. Жасуша сыртындағы электро- литтердің артық шығып кетуінен онда осмостық қысым азаяды.Жасу- ша ішінде электролиттер біршама сақталуына байланысты онда осмос- тық қысым жасуша аралық сүйықтан басым болады. Осыдан жасуша сыртындағы су оның ішіне енеді, жасушаның ісінуі дамиды. Жасуша сыртындағы сүйық азаюына байланысты қанның қоюлануы т.с.с. жоғарыда көрсетілген қанайналымның бұзылыстары байқалады.
Электролиттердің организмнен артық шығарылуы ішек-қарын жолдарымен, бүйрек және тері арқылы болуы мүмкін. Ішек-қарын жолдарымен кайта-қайта құсу немесе іш өту (гастроэнтриттер, жүкті өйелдердің уыттанулары т. б.) кездерінде ересек адам төулігіне организмдегі натрийдің жалпы көлемінен 15%, хлордың 28%, судың 22%-на дейін шығарады. Бұл кездерде организмнің қышқылдық-сілтілік үйлесімділігі бүзылады. Асқазанның сөлі сыртқа көп шығарылудан көптеп хлор мен сутегі иондары жоғалады да, организмде газдық емес алкалоз дамиды. Ал, үйқы безі мен ішектердің сөлдерімен көп натрий иондары шығарылады. Осыдан келіп газдық емес ацидоз дамиды.


Гиперосмостық гипогидратация судың электролиттерден басымырақ шығарылуы . Бүндай жағдай терең тыныстың жиілеуінен, сілекейдің көп шығарылуынан және қантсыз диабет т. б. кездерінде полиуриядан дамуы мүмкін. Бұл кезде жасуша сыртыңдағы сүйықтың көлемі азаяды, оның осмостық қысымы жоғарылайды. Осыдан су жасуша ішінен оның сыртына ауысады. Жасушаның сусыздануы қатты шөлдеу сезімін шақырады, тіндік нәруыздардың ыдырауын күшейтеді, дене қызуын көтереді, кейде сана-сезімінің болмауына, кома дамуына әкеледі. Дененің құрғап кетуін болдырмау үшін гипогидратация кездерінде организмге сүйық енгізу қажет. Ол үшін организмге қанша су жетіспейтінін немесе судың тапшылық мөлшерін анықтау керек. Судың тапшылығы (СТ) мына өрнек бойынша аныкталады:
СТ = 0,6 Ө дене массасы (кг) Ө (1-140 : натрийдің қан плазмасын-
дағы деңгейі);
2. Ситуациялық есеп: Науқаста диффузды гломерулонефрит. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз.
рН 7,23
рСО2 34 мм с.б.
SB 16,0 ммоль/л
АВ 13,0 ммоль/л
ВЕ - 11,0 ммоль/л
Зәрдің титрлік қышқылдығы: 8 мл сілтілер, (қалыптыда 70-100 мл/тәу)
Зәрдегі аммиак: 8 ммоль/л (қалыптыда 20-50 ммоль/л)

  1. Артериалық қанның рН мәнін айқындалу дәрежесіне қарай сипаттаңыз (теңгерілген, теңгерілмеген)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет