Газдық емес ацидоз қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің ең жиі және ауыр түрде кездесетін бүзылыстарына жатады. Оның негізінде деммен
шығарылмайтын қышқыл өнімдердің организмде жиналып қалуы немесе буферлік негіздердің организмнен тым артық шығарылуы жатады.
Бұл ацидоз мынадай себептерден дамуы ықтимал:
•қышқылдардың сырттан организмге көп түсуінен ;
• әртүрлі себептерден зат алмасу бүзылыстары нәтижелерінде толық тотықпаған өнімдер жиналып қалуынан. Метаболизмнің бұзылыстары:
- әртүрлі себептерден болатын гипоксия кездерінде;
қанайналымы мен микроциркуляцияның бүзылыстарында; ішкі сөлденістік бездердің ауруларында (қантты диабет,
гипертиреоз);
-ашығу, қол жұмысымен күштену кездерінде;
бауыр қызметі жеткіліксіздігінде т. б. туа біткен немесе жүре пайда болған зат алмасуларының көптеген бұзылыстарында байқалады. •қышқыл өнімдердің организмнен бүйрек арқылы сыртқа
шығарылуының бұзылуынан (нефриттер, уремия)
• ас қорыту жолдарының сілтілік сөлдерімен немесе несеппен көп
сілтілердің организмнен артық шығарылуынан (іш өту, ішектер тесілуі, бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі т. с. с.).
Газдық емес ацидозды метаболизмдік ацидоз деп жиі атайды. Метаболизмдік ацидоз газдық емес ацидоздың бір түрі ғана екенін жоғарыда келтірілген, пайда болу себептерінен көруге болады. Сол себептен таздық емес ацидоз пайда болу себептеріне қарай үш түрге ажыратылады:
• экзогендік, қышқылдардың сырттан организмге көп түсуінен дамитын;
Метаболизмдік ацидоз кетоацидоз, лактатацидоз, басқа органикалық және бейорганикалық қышқылдардың денеде жиналып қалуынан дамитын болып ажыратылады. Кетоацидоз май алмасуының аралық өнімдері кетондық денелердің организмде түзілуі артқанда немесе олардың тотығуы тежелгенде байқалады. Бұндай жағдай: инсулинге тәуелді қантты диабет; ұзақ ашығу; бауыр қызметі жеткіліксіздігі; ішімдіктермен улану; қызба т.б. дерттер кездерінде кездеседі.
Басқа органикалық жане бейарганикалық қышқылдар ауыр қабынулар, үлкен ауқымды күйіктер және жарақаттар, бауыр мен бүйрек қызметтерінің ауыр бүзылыстары кездерінде организмде жиналады да, газдық емес ацидоз дамытады.
2. Ситуациялық есеп: Науқасқа өкпені жасанды демалдыруды қолдану арқылы операция жасалынуда. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,24
рСО2 69 мм с.б.
SB 18,5 ммоль/л
АВ 28,0 ммоль/л
ВЕ -8,0 ммоль/л
Артериалық қанның рН мәнін айқындалу дәрежесіне қарай сипаттаңыз (теңгерілген, теңгерілмеген)
ҚСҮ бұзылысының патогенезіне қарай түрі туралы қорытынды жасаңыз. Жауапты негіздеңіз
ҚСҮ көрсеткіштерінің мәнін бағалаңыз. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарының себебі не?