1.Жабайы және үй құстары туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету.
2. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға қалыптастыру.
3. Балаларды дала, үй құстарына қамқор болуға баулу.
Білім саласы: қатынас. Бөлімі: қазақ тілі. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, кластер, үнтаспа, карточкалар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. * Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық, өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.
l. “Шаттық шеңбер”
Сылдыр-сылдыр шапалақ,
Міне, менің қолым.
Міне, менің жүрегім,
Сені жақсы көремін.
Негізгі кезеңі. 1. Кіріспе әңгіме: -Балалар бүгін аптаның қай күні? -Жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Ендеше, балалар осы өзгерістерді бақылау үшін “Орман патшалығына” саяхатқа барайық. Келе жатқан жолымыздың жан-жағы сары алтынға боялған, ауасы таза, күн ашық. Айнала сайраған құстардың дауысы естіледі. (Құстардың дауыстарын тыңдату мелодия)
-Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар?
-“Орман патшалығында” қандай құстарды танисыңдар? - Осының ішінде қандай құстар қыстап қалады? - Құстар ағаштарды неден қорғайды? - Балалар сендерге ормандағы саяхат ұнады ма? - Ал енді “Орман патшалығынан”” сыныпқа оралайық. 2. Ойын: ”Құстардың дене мүшелері” Бәріміз тақтаға қарайық. Тақтада құстардың суреті бейнеленген. Ал, сендердің үстелдерінің үстінде құстың дене мүшелеріне байланысты карточкалар жатыр. Осы карточкаларды дұрыс орналастырыңдар.
3. Жұмбақтарды шешу: * Шықылықтап тұрмайды, Құйрығы ұзын, өзі ала. Бұл қандай құс? (Сауысқан) * Таң азанмен оянды, Елдің бәрін оятты. (Әтеш) * Түрі көмірге ұқсайды, Қарқылдап ұшады. (Қарға) * Шарлап келіп даланы, Үйіме, үйін салады. (Қарлығаш)
4. Сергіту сәті. Кәне, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. 5. Оқулықпен жұмыс. Тапсырма. Суреттегі құстарды көрсетіп, олардың қалай дыбыстайтындығын айтқызу.
6. Сурет бойынша жұмыс. -”Орман патшалығындағы” көрген құстарды есімізге түсіріп, атап шығайық. - Олар қандай құстар?(жабайы құстар) - Ал, мына берілген суретте тағыда қандай құстарды көріп тұрсыңдар? - Осы құстарды басқаша қалай атауға болады? (үй құстары)
7. “Құстарды ажырату” ойыны. (Балалардың үстелдерінің үстінде жатқан шашыранды құстардың суретін жинастырып, жапсыру) 8. Рефлексия. - Не білдік? Не білемін? Не білгім келеді?