Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны



бет11/19
Дата17.06.2018
өлшемі2,33 Mb.
#43161
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
2.1.2.7. Үштілділікті дамыту

Мемлекеттік тілді дамыту саласында Қазақстан Республикасында тілдер-ді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар-ламасын іске асыру жөнінде жұмыс жүргізілді.

Облыстың тіл саясаты өңірде тұратын халықтардың мемлекеттік тілін және этнос тілдерін әрі қарай дамытуға, қызметтің барлық салаларында мемле-кеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді және өңірдің лингвистикалық капита-лын сақтауды қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Мемлекеттік тілмен қатар қоғамдық өмір саласында жақын және алыс шетел-дермен қарым-қатынас құралы болатын ғылым мен техниканың әр түрлі сала-лары бойынша ақпарат алудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып саналатын орыс тілі қалады. Әлемдік қауымдастықпен бірігудің шетел әріптестерімен тәжірибе алмасу және инновациялық технологияны енгізудің шарттарының бірі ағылшын тілін білу болып табылады.

Облыста 25 мыңнан астам тыңдаушыларды қамтитын 21 оқу орталығы жұмыс істейді, олардың ішінен 13 орталықта мемлекеттік тілді оқыту жүргізі-леді. Жыл сайын оқыту орталықтарының саны және мемлекеттік және ағылшын тілді оқығандар саны артуда (2012 жылы – 17, 2013 жылы – 19, 2014-2015 жылдары – 21).
Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқығандар санының серпіні

адам

Р/с



Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015

жылғы 9 ай

1

2

3

4

5

6




Мемлекеттік тілді оқығандар













1

Қалалар мен аудандар ұйымдары

1 860

2 088

4 300

2 452

2

Облыс мемлекеттік мекемелері

164

184

616

477

3

Облыс ірі кәсіпорындары

515

537

2 014

2 600

4

Оқыту орталықтары

3 021

3 344

5 616

6 381




Ағылшын тілін оқығандар













1

Қалалар мен аудандар ұйымдары

150

165

384

356

2

Облыс мемлекеттік мекемелері

-

6

-

18

3

Облыс ірі кәсіпорындары

-

-

-

-

4

Оқыту орталықтары

968

1 067

4 240

1 947


Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметке түсуге және іс жүргізудің негізгі тілін талап ету ретінде қазақ тілін нығайтудың оң үрдісі байқалуда. Жоғары білікті мамандардың жұмылдыруының есебінен ірі кәсіп-орындарда мемлекеттік тілге оқығандар санының өсуі байқалуда.

Жыл сайын барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік тілді оқыту курстары тегін ұйымдастырылады, 2013 жылдан бастап мемлекеттік қызмет-керлер үшін ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша тегін оқыту және сынақ тестілеу жүзеге асырылады. Тілдерді дамыту және қолдану жөніндегі өңірлік жоспар шеңберінде жыл сайын 300-ден аса мемлекеттік қызметші оқиды.

Қоғамда мемлекеттік тілді талап етушілік деңгейі бірыңғай емес. Егер мемлекеттік билік саласында бұл көрсеткіш 2012 жылы 92,2%-дан 2014 жылы 96,7%-ға өссе, онда сауда, тұрмыстық, банктік қызмет көрсету және көлік сала-сында тілді таңдау реттемелі, стихиялы түрде анықталады және көрсеткіш 55,8%-дан 63,3%-ға дейін өзгереді.

Ағымдағы жылы өткізілген әлеуметтік зерттеуге сәйкес сауалнама жүр-гізілген азаматтардың бөлігі, әсіресе Павлодар (19,8%), Екібастұз (11,9%) және Ақсу (11,2%) қаласы тұрғындарының ағылшын тілін жақсы меңгергені байқа-лады. Ағылшын тілін аз дәрежеде ауылдық аудандардың тұрғындары меңгереді (орташа көрсеткіш 4,6%), жоғары және орта арнайы білімі жоқ ауылдық аудан тұрғындарының басым болуымен түсіндіріледі. Тұтастай 2015 жылы ағылшын тілін меңгерген облыстың халық үлесі 12%-ды құрайды, көптілді білетін азаматтардың үлесі 10,5%-ды құрайды.

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының бұқаралық ақпараттар құралдарда мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мақсатында ақпараттық-танымдық бағ-дарламалар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілдік саясаты» жарна-малық-имиджді роликтер, облыстық радиода «Мемлекеттік тіл және отбасы» бағдарламасы эфирге шығады, екі тілде «tildes.gov.kz» Web-cайты жұмыс істей-ді, ай сайын «Ертіс дидары» газеті жарияланады.

Визуалдық ақпаратты ресімдеу бойынша объектілер мониторингісі бүгінгі күні тексерілетін объектілер санын көбейтумен визуалдық ақпараттарды ресімдеуде қателер саны 36,5%-ға азайғанын көрсетті.

SWOT – талдауы.

Күшті жақтары:

мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы кеңейді;

мемлекеттік тілде іс жүргізуді аудару үрдісі белсенді іске асуда;

мемлекеттік тілдің қарым-қатынас қызметі теледидар және радиода, газеттерде, көлік және байланыс, сауда және қызмет көрсету саласында нығаюда;

өңірде тұратын халық тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды;

мемлекеттік тілді меңгеретін тұрғылықты емес ұлтты азаматтар саны көбейді;

қазақ тілінде оқытатын мектептерде оқитын тұрғылықты емес ұлтты балалар саны өсуде;

деректемелерді және визуалдық ақпараттарды орналастыру бөлігінде заңнаманы қадағалау бойынша құқық бұзушылық саны азайды.

Осал жақтары:

облыс тұрғындары сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, көлік және банк қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді шамалы дәрежеде меңгереді;

әлеуметтік-тұрмыстық салада қазақ тілін қолданудың дәрежесі төмен болып қалуда.

ішкі құжаттарды, соның ішінде есептеу-статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде жүргізудің төмен пайызы.

Қатерлер:

тілдер орталықтарын аккредиттеу рәсімін өткізу бойынша уәкілетті орган анықталмаған;

қоғамда тіл мәдениетінің төмендеуі;

азаматтардың лингвистикалық капиталының төмендеуі;

мемлекеттік тілді дамытуда құқықтық базаның толық еместігі;

білім беру саласында үш тілді білу деңгейін бағалау және бақылаудың әлсіз жүйесі;

Мүмкіндіктер:

өңір азаматтарына мемлекеттік тілді меңгеру үшін жағдай жасау;

қазақ тілін оқыту жүйесін құру бойынша жұмысты жетілдіру;

өңірде тұратын халықтың тілдерін үйрену және сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу;

халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді көпшілікке тарату;

мемлекеттік тілдің беделін көтеру және қолданылу талабын кеңейту бойынша қызметті жүзеге асыру;

мемлекеттік тілде теле- және радио хабарлаларын жасау арқылы тілдік ортаны қалыптастыру;

тілдер туралы заңнаманы қабылдауға бақылауды күшейту.

Салаларда жүргізілген SWOT-талдау негізінде өңірде саланы дамытудың негізгі проблемалары анықталды:

тілдің әр түрлілігін сақтауда әлеуметтік-қатынастық кеңістіктегі мемле-кеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі;

қоғамда мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі;

қызметшілер мен мамандардың мемлекеттік тілді үйренуінде кәсіпорын-дардың ынталандыруының болмауы;

тұрмыстық салада және жұмыс орны бойынша мемлекеттік тілдің толық емес көлемде қолданылуы.

2.1.2.8. Ішкі саясат

Облыста ішкі саясат тұрақтылығын нығайту азаматтық қоғам институт-тарымен ынтымақтастықты дамытумен байланысты.

Облыста саяси партиялардың 7 филиалы, 700-тен аса ҮЕҰ, 24 этномәдени бірлестік және Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының
8 филиалы, 1 345 кәсіподақ ұйымы тіркелген.

Бірлескен қызметтің негізгі бағыты – этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Облыста азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қатына-сын оң бағалайтын халықтың үлесін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүр-гізілуде.

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қатынасын оң бағалайтын халықтың үлесін әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша 2012 жы-лы 63,2%-ды, 2013 жылы – 64,0%-ды, 2014 жылы – 85,4%-ды құрады. Этнос-аралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалағандар – сәй-кесінше халықтың 93,0, 94,6 және 95,0%.

Өңірде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қойған еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси стратегиялық мақсаттарының айналасына халықты шоғырландыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

ҮЕҰ санының өсуі.

ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдау.

Павлодар облысы бойынша Азаматтық Альянстың болуы.

ҮЕҰ қызметтеріне жоғары сұраныс.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылы.

Осал жақтары:

Белсенді ҮЕҰ-ның жеткіліксіз үлесі (710-нан 250).

Ауылдық ҮЕҰ қызметтерінің төмен деңгейі.

ҮЕҰ-де білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер:

Бизнес-қоғамдастықпен байланысты дамыту.

Белсенділігі жоғары жаңа ҮЕҰ, қорларды құру.

Мемлекеттік органдармен азаматтық қоғам институттарының арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамыту;

Республикалық жобаларды, халықаралық гранттарды іске асыруға қаты-су.

Қатерлер:

Экономикалық дағдарыстың кері әсер етуіне байланысты халық наразы-лығының өсуі. Билікке сенімнің жоғалуы.

Жалған ҮЕҰ-ның пайда болуы.

ҮЕҰ-ның халыққа ықылассыз қызмет көрсетуі.

Бағдарламаларды оңтайландыру. Бюджет қаражатын қысқарту.

Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамытудың негізгі проблемасы:

жекелеген ҮЕҰ-ның кеңсе бөлмелерінің болмауынан қызмет тиімділігі деңгейінің төмендеуі;

ауылдық ҮЕҰ-ны жеткіліксіз қаржыландыру.
2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қорғау және қылмысқа қарсы күрес.

Қоғамдық тәртіпті қорғау және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қоғамдық жерлерде және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу және алдын ала ескертуге, жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.

Қолданылатын шаралардың жеделдігі уақыт және дислокация бойынша жол-партрульдік қызмет бағыттарын он күн сайын маневр жасаумен болады.

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің алдын алуға бағытталған шаралар едәуір тиімді іс-шаралар болып табылады.

Көшеде жасалған қылмыс. Көшелерде жасалған қылмыстардың тал-дауы олардың деңгейінің біртіндеп төмендегенін көрсетеді. Егер 2012 жылы облыс аумағы бойынша көшелерде 2 925 қылмыс жасалса, 2014 жылы олардың саны 2 535-ке дейін немесе 13,3%-ға төмендеді.

Ағымдағы жылғы 9 ай ішінде көшелерде 1 928 құқықбұзушылық тіркел-ді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда (2014 жылы – 1 922) 0,3%-ға немесе 6 құқық бұзушылыққа көп.


Р/с



Аудан, қала атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жылғы

9 ай

1

2

3

4

5

6

1

Ақтоғай ауданы

3,6

2,5

5,2

2,4

2

Баянауыл ауданы

1,8

3,2

3,8

3,1

3

Железин ауданы

2,6

1,8

8

4,7

4

Ертіс ауданы

5,6

6

5

1,4

5

Качиры ауданы

13,1

6,6

6,7

7,1

6

Лебяжі ауданы

2,2

1

1,8

3,7

7

Май ауданы

6,9

3,4

0

11,2

8

Павлодар ауданы

4,3

7,1

5,6

7,8

9

Успен ауданы

2,3

4,4

6,1

7,0

10

Шарбақты ауданы

2,3

5,8

6,3

5,7

11

Ақсу қаласы

12

8,6

8,5

10,3

12

Екібастұз қаласы

23,4

24,1

22

13,7

13

Павлодар қаласы

26,2

20,4

19,9

17,5




Облыс бойынша барлығы

21,7

18,2

17,4

14,6


Көшеде жасалған қылмыстар деңгейінің төмендеуіне әсер еткен себептер:

едәуір зақымданған учаскелерді нысаналы жұмысты жоспарлауды есепке алумен қылмыстың жағдайына он күн сайын талдау жүргізу, бағыттарға маневр жасау және уақыт және қызмет атқару орны бойынша жол-патрульдік қыз-меттің саптық бөлімшелерін патрульдеуді алдын ала дислокациялау;

қала көшелерінде бейне бақылау жүйесін кеңейту;

қоғамдық құрылымдарға қатысушыларды құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тарту.

Жолдардағы қауіпсіздік. Жол-көлік оқиғаларын талдау жол жүру қауіпсіздігі деңгейін арттырудың оң үрдісін көрсетеді.

Жол-көлік оқиғалар саны 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға қысқартылды (2012 жылы – 1 070, 2014 жылы – 1 057), қаза болғандар саны 14,9%-ға төмендеді (2012 жылы – 101, 2014 жылы – 86).


Р/с



Аудан, қала атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жылғы

9 ай

1

2

3

4

5

6

1

Ақтоғай ауданы

25,8

5,3

9,1

13

2

Баянауыл ауданы

14,8

17,8

11,4

40

3

Железин ауданы

27,3

0

23,5

50

4

Ертіс ауданы

13,3

0

14,3

40

5

Качиры ауданы

25

4,7

16,7

21

6

Лебяжі ауданы

7,1

22,9

42,9

62,5

7

Май ауданы

13,3

25

11,1

33,3

8

Павлодар ауданы

16,1

25,6

9,6

2,3

9

Успен ауданы

16,7

26,7

15,4

0

10

Шарбақты ауданы

18,2

7,1

19

16,6

11

Ақсу қаласы

12,9

10,8

10,8

13,4

12

Екібастұз қаласы

5,4

4,7

6,1

3,3

13

Павлодар қаласы

2

2,7

2,8

2,0




Облыс бойынша барлығы

6,5

5,8

5,8

6,8


Талдауда көрсетілгендей, жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санының азаюы:

«Қауіпсіздік жол», «Тас жол», «Автобус» және т.б. сияқты мақсатты алдын алу іс-шаралар өткізудің тиімділігі;

жол жүру ережелерін бұзғаны үшін заңнамалық жауапкершіліктің кү-шеюі;

көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қызметіне талаптарды жоғары-лату;

жол жүру ережелері бұзушылықтарын тіркеудің автоматтандырылған жүйесін кеңейту есебінен қол жеткізілді.

Жасөспірімдер қылмысы. 2014 жылы алдын алу шаралары нәтижесінде кәмелет жасқа толмағандар жасаған қылмыстардың жалпы санының 21 фактіге немесе 11,1%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

2014 жылы барлығы 4 137 ашылған қылмыстардың жалпы санынан кәмелет жасқа толмағандар 169 қылмыс жасады, үлес салмағы 4,1%-ды құрады. 2012 жылмен салыстырғанда 5,8% көрсеткіштің төмендеуі байқалады, бұл ретте 2012 жылы 4 489 ашылған қылмыстар ішінен кәмелет жасқа толмағандар 260 қылмыс жасады.


Р/с



Аудан, қала атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жылғы

9 ай

1

2

3

4

5

6

1

Ақтоғай ауданы

3,4

7,1

2,4

0

2

Баянауыл ауданы

6,7

0,9

0

1,1

3

Железин ауданы

3,9

3

0,5

1,7

4

Ертіс ауданы

2,5

1,4

2

1,4

5

Качиры ауданы

8,7

5,8

2,7

5,3

6

Лебяжі ауданы

1,6

2,2

2,2

2,4

7

Май ауданы

3,2

6,8

2,6

4

8

Павлодар ауданы

2,4

5,6

2,1

0,8

9

Успен ауданы

0,9

0,9

0,8

3,1

10

Шарбақты ауданы

1,0

0

2,3

2,5

11

Ақсу қаласы

3,9

3

3,4

1,6

12

Екібастұз қаласы

7,5

5,6

8

3,2

13

Павлодар қаласы

6,7

4,9

4,3

2,6




Облыс бойынша барлығы

5,8

4,4

4,1

2,5


Кәмелет жасқа толмаған тұлғалар жасаған қылмыстардың төмендеуіне келесі шараларды орындау арқылы қол жеткізілді:

кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық, қараусыздық және панасыздықтың алдын алуға бағытталған «Түнгі қаладағы балалар», «Па-насыз балалар», «Жасөспірім», «Тұрмысы қолайсыз отбасы», «Қауіпсіз мектеп» және т.б. жедел-алдын алу іс-шаралар мен акциялар өткізуі;

бала тәрбиесінен жалтарғаны үшін ата-аналардың заңнамалық жауапкер-шілігін арттыру.


Каталог: images -> doc
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым
doc -> Негізгі орта білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
doc -> Тәлімгер портфолиосын құрудың негізгі принциптері
doc -> Галилео Галилей Физик или астроном? Сначала давайте посмотрим его краткую биографию… Галилео Галилей
doc -> Оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі
doc -> 6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылына арнаған жұмыс жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет