Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны



бет9/19
Дата17.06.2018
өлшемі2,33 Mb.
#43161
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Ана өлім-жітімінің көрсеткіші. 2012-2014 жылдар кезеңінде 2 оқиға тір-келді, 2015 жылы ана өлім-жітімінің бір оқиғасы тіркелді. 2012 жылы көрсет-кіш 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 15,5 құрады, 2013 жылы – 15,4,
2014 жылы – 15,5, 2015 жылғы 9 ай ішінде – 10,4.

2012-2015 жылдар кезеңі ішінде ана өлім-жітімінің оқиғасы облыстың
6 ауданында тіркелмеді. Ақсу қаласында (2012 жыл), Ақтоғай ауданында
(2012 жыл), Павлодар қаласында (2014 жыл), Баянауыл ауданында (2015 жыл) ана өлім-жітімінің бір оқиғасы тіркелді, Павлодар ауданында 2013-2014 жылдар ішінде 3 оқиға болды.

Республика бойынша ана өлім-жітімінің көрсеткіші: 2012 жылы – 13,5, 2013 жылы – 13,1, 2014 жылы – 11,7, 2015 жылғы 6 ай ішінде – 12,4.

Сәби өлім-жітімінің көрсеткіші. Соңғы 3 жыл ішінде сәби өлім-жітімі-нің көрсеткішін 9,8%-ға төмендетуге қол жеткізілді. 2012 жылы сәби өлім-жіті-мінің деңгейі 9,25 құрады, 2013 жылы осы көрсеткіш – 1 000 тірі туылғандарға шаққанда 8,74, 2014 жылы – 8,34.

2015 жылғы 9 ай ішінде осы көрсеткіш 1 000 тірі туылғандарға шаққанда 6,5 құрады, бұл 2014 жылғы ұқсас кезеңнен 27%-ға төмен (8,9). Сәби өлім-жітімі деңгейінің өсуі Павлодар, Ақсу қалаларында және Павлодар ауданында байқалады.

Себептер арасында біршама үлесті перинаталдық кезеңде туындаған жағ-дайлар құрайды, екінші орында – дамудың туа біткен кемшіліктері және үшінші орында - жазатайым жағдайлар мен уланулар.

Облыста әлеуметтік маңызды аурулар бойынша жағдай өзекті болып қа-луда. Өлім-жітім себептерінің құрылымында жүрек-қан тамырлары жүйесімен сырқаттану – бірінші орында, екінші орында – онкологиялық сырқаттанулар, үшінші орында – жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан болған өлім-жітім.

Облыста соңғы 3 жыл ішінде (2012-2014 жылдар) онкологиялық аурулар-мен жоғары сырқаттанушылық сақталады. Онкологиялық сырқаттану себеп-терінің бірі халықтың қартаюы болып табылады, 2012-2015 жылдар ішінде
60 жастан жоғары адамдардың саны 5%-ға ұлғайды, бұл жас онкопатологияның дамуы үшін аса осал болып табылады.

Облыста онкологиялық сырқаттану көрсеткіші республикалық көрсет-кіштен 1,5 есе жоғары. Қала халқы ауыл халқынан 1,5 есе жиі ауырады (қала халқы облыс халқының 65,1% құрайды). Әйелдер ерлерге қарағанда 1,2 есе жиі ауырады.

Соңғы 3 жыл ішінде облыс онкологиялық сырқаттанулар және онколо-гиялық сырқаттанулардан болатын өлім-жітім деңгейі бойынша республика өңірлерінің бірінші үштігіне кіреді. Қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітім бойынша индикаторға қол жеткізбеу себептері мыналар: 2012 жылға дейін сыр-қаттанудың орташа жылдық өсімі 3% құрады, бұл 2016 жылға дейін көрсет-кішті болжамдау кезінде ескерілді. 2012 жылы Павлодар облысында көптеген он жылдың ішінде алғаш рет сырқаттану деңгейінің 14%-ға күрт көтерілуі болды, бұл сәйкесінше қатерлі ісік өскіндерінен болатын өлім-жітім деңгейінің артуына әсер етті.

2012 жыл ішінде қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітім көрсеткіші 158,02 құрады, 2013 жылы – 145,29, 2014 жылы – 142,65. 2012 жылдан бастап 2014 жыл аралығында өлім-жітімнің 9,7%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.
2015 жылғы 9 ай ішінде қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғанға шаққанда 143,4 құрады, бұл 2014 жылғы ұқсас кезең ішіндегі көрсеткіштен 2,4%-ға төмен.

2012-2014 жылдар ішінде республика бойынша қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітім көрсеткіші 12,1%-ға төмендеді және 2012 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 103,98 құрады, 2013 жылы – 99,49, 2014 жылы – 91,36.

2012 жылы 15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралуы 0,453% құрады, 2013 жылы – 0,335%, 2014 жылы осы көрсеткіш 0,346% құрады,
2015 жылғы 9 ай ішінде – 0,365%.

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясы таралуының жоғары көрсеткіші Павлодар қаласында (0,61%), Ақсу қаласында (0,46%), Павлодар ауданында (0,12%), Лебяжі ауданында (0,09%) байқалуда.

Осы жас тобындағы АИТВ-инфекциясы таралуының ең төмен көрсеткіші Ақтоғай (0,02%), Баянауыл, Май, Успен (0,01%-дан) аудандарында байқалуда.

Бағдарламалар бойынша жүргізілген алдын алу іс-шараларының арқасын-да облыста АИТВ-инфекциясының жағдайы тұрақтанды және эпидемияның шоғырлану сатысында. «Залалды төмендету» бағдарламасы бойынша іс-шара-ларды одан әрі жүргізу жағдайында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақ-стан» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторына қол жеткізілетін болады.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

медициналық ұйымдардың дамыған желісі;

қалалық медициналық ұйымдардың дәрігерлік кадрлармен толықталуы;

орта буын медицина персоналымен қамтамасыз етілгендік көрсеткішін арттыру;

көліктік медицинаны және телемедицинаны дамыту;

сәби өлім-жітімін 9,8%-ға төмендету, 2012 жылғы 1 000 тірі туылғандар-ға шаққанда 9,25-тен 2014 жылғы 8,34 дейін;

қатерлі ісік өскіндерінен болатын өлім-жітімді 9,7%-ға төмендету,
2012 жылы 158,02-ден 2014 жылы 142,65 дейін.

Осал жақтары:

салауатты өмір салтын насихаттауды жеткіліксіз қаржыландыру;

салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жеткіліксіз деңгейде;

азаматтардың өз денсаулығы үшін төмен тілектес жауапкершілігі;

әйелдердің репродуктивтік денсаулығының төмен индексі;

онкологиялық сырқаттанудың 2012 жылғы 301,5-тен 2014 жылғы
303,6 дейін өсуі;

ауылдық медицина ұйымдарында – дәрігерлік кадрлардың тапшылығы;

медициналық ұйымдардың 390 ғимаратынан 118-ін жалға берілетін ғима-раттарда орналастыру (30%).

Мүмкіндіктер:

денсаулық сақтау объектілері құрылысын қаржыландыруды ұлғайту;

медициналық құрал-жабдық сатып алумен, денсаулық сақтау объектіле-ріне күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу;

жас мамандарды өңірлерге, жекелей алғанда ауылдық елді мекендерге тарту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу.

Қатерлер:

саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық жабдықты сатып алуға, денсаулық сақтау объектілерін салуға шығыстарды жаппайды, бұл халыққа медициналық қызмет көрсету қол жетімділігін және сапасын төмендетеді;

ауылда мамандар тапшылығы.

Осылайша, мыналар облыс денсаулық сақтаудың негізгі проблемалары болып қалады: кадр мәселелері, халық сырқаттануының жоғары деңгейі, әлеу-меттік маңызды аурулармен сырқаттануды қоса алғанда – онкологиялық мен туберкулез, денсаулықты қорғау мәселелеріне ведомствоаралық өзара іс-қимылдың аз тиімділігі, халық тарапынан өз денсаулығына жеткіліксіз жауап-кершілік.

Емдеу-алдын алу ұйымдарының, әсіресе ауылдық бөлігінің материалдық-техникалық базасы әлі жеткіліксіз болып қалады.
2.1.2.3 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

2015 жылғы 1 шілдеге тұрақты халық саны 757,1 мың адамды құрады. 2014 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда ол 3,0 мың адамға ұлғайды.

2014 жылы облыстың экономикалық белсенді халық саны 441,3 мың адамды немесе халықтың жалпы санынан 58,4%-ды құрады (республика бойын-ша көрсеткіш мәні – 51,7%). 2012 жылмен салыстырғанда экономикалық бел-сенді халық саны 0,5%-ға ұлғайды.

2014 жылы облыста экономикалық белсенді халықтың деңгейі – 74,0%, бұл республика бойынша көрсеткіштен 3,3% пайыздық тармаққа жоғары (70,7%).

2014 жылы Орталық-Шығыс макроөңір өңірлерінің бөлінісінде көші-қонның өңіраралық сальдосы теріс мәнмен сипатталады. Ең көп теріс сальдо (8 068 адам) Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Қарағанды облысында осы көрсеткіш төмен (2 862) және ең аз – Павлодар облысында (2 631 адам).

Өңіраралық көші-қон ЖӨӨ-ге, халықтың табыс деңгейіне және басқа экономикалық факторларға тәуелді. 2014 жылы Павлодар облысы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі бойынша 6 орынды алады, Қарағанды облысы – 8, Шығыс Қазақстан облысы – 12. Облыста ең көп кетумен (Шығыс Қазақстан облысы) атаулы ақшалай кірістердің көрсеткіші ең төмен болып табылады – 56,0 мың теңге, Қарағанды, Павлодар облыстарында – сәйкесінше 67,5 және 66,8 мың теңге.

Дамыған әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымы бар тірек елді ме-кендерде облыс ауыл халқының шамамен 10%-ы шоғырланған.

Экономика салалары бойынша жұмыспен қамтылған халықтың құрылы-мында ең көп үлес салмақ қызмет көрсету саласына тиесілі (соның ішінде бюджеттік сала: мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау) – 48,3%, өнеркәсіп және құрылыс – 29,7%. Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту 22,0% құрады.

Облыста ресми жұмыспен қамтылған халықтың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің үлесіне 21,2% тиесілі (ел бойынша – 29,5%) және олар негізінен, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған. 2012-2014 жылдар кезеңі ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны
90,7 мың адамнан 88,9 мың адамға дейін немесе 2,0%-ға төмендеді.

2012-2014 жылдар кезеңі ішінде жұмыссыздар саны 21,7 мың адамнан 21,0 мың адамға немесе 3,4%-ға қысқарды.
Павлодар облысы еңбек нарығының негізгі индикаторлары

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл

2012 жылға қарағанда

1

2

3

4

5

6

1

Экономикалық белсенді халық саны, мың адам

439,2

440,0

441,3

100,5




оның ішінен:
















экономикада жұмыспен қамтылғандар

417,5

418,0

420,3

100,7




жұмыссыздар

21,7

22,0

21,0

96,8

2

Жұмыспен қамтылған халықтың санынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі, %

21,7

21,3

21,2

-0,5

3

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санынан өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі, %

-

68,4

30,9

-37,5

4

Ашық еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі, %

4,9

5,0

4,8

-0,1

5

Әйелдердің жұмыссыздық деңгейі, %

5,8

5,8

5,0

-0,8

6

Жастардың жұмыссыздық деңгейі (15-28 жастағы), %

5,2

6,0

2,7

-2,5


Соңғы жылдары облыстағы әлеуметттік-экономикалық ахуал тұрақты болып қалуда, мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жобалар-ды іске асыру есебінен жұмыс орындары мен бос орындардың саны өсуде, білікті жұмыс күшіне сұраныс ұлғаюда, бұл еңбек нарығындағы жағдайға оң ықпал етеді.
Жұмысқа орналастыру бойынша негізгі көрсеткіштер

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл

2012 жылға қарағанда

1

2

3

4

5

6

1

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген тұлғалардың са-нынан жұмысқа орналасқандардың үлесі, %

55,5

58,6

52,3

-3,2

2

Жүгінген нысаналы топтардың қа-тарынан тұрақты жұмысқа орналас-тырылған адамдардың үлесі, %

24,0

24,8

25,1

1,1

3

Жергілікті атқарушы органдар бер-ген рұқсат етулер бойынша тарты-латын шетел жұмыс күшінің құра-мындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетел жұмыс күшін тар-туға квота бойынша), %

25,1

42,1

41,2

16,1

4

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке қабілетті жастағы жұмысқа орналастырыл-ған мүгедектердің саны, адам

166

246

310

186,7



2014 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер саны 14065 адамды құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға аз (15 268). Оның ішінен 7 361 адам (52,3%) жұмысқа орналастырылды, 2012 жылы – 55,5%, 2015 жылғы 9 ай ішінде – 76,3%. 2014 жыл ішінде жұмысқа орналас-тыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың санынан жұмысқа орналасқандар үлесінің көрсеткіші облыстың 6 ауданында орташа облыстық көрсеткіштен жоғары (соның ішінде Качиры ауданы – 74,0%, Лебяжі ауданы – 71,7%, Ақто-ғай ауданы – 67,9%, Железин ауданы – 61,7%, Шарбақты ауданы – 56,2%, Пав-лодар ауданы – 53,8%). Республика бойынша осы көрсеткіш 57,4% құрайды.

«ЖҚ2020ЖК» шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жә-не өңірлік бағдарламаларды іске асыру 2014 жылы халықтың нысаналы тобы-нан 3 611 адамды тұрақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкін-дік берді (25,1%), бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 1,1 пайыздық тармаққа көп (3 509 адам).

2014 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке қабі-летті жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны 310 адамды құра-ды, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 86,7%-ға жоғары.

2014 жылға Павлодар облысына шетел жұмыс күшін тартуға 3 774 бірлік квота бөлінді, соның ішінде 3 206-сы басымды жобаларды іске асыру үшін: «Бозшакөл ТКБК салу», «Екібастұз ГРЭС-2 қайта жаңарту». Қызметкерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетел қызметкерлері үлесінің ұлғаюы индустриялық-инновациялық даму жобаларын, соның ішінде «Павло-дар» АЭА аумағында іске асырумен байланысты.

Тартылатын шетел жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлесі (басшылар мен мамандар) 2012 жылмен салыстырғанда 16,1 пайыздық тармаққа ұлғайды және 41,2% құрады.


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға қарағанда

1

2

3

4

5

6

1

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен кірісі бар халықтың үлесі, %

2,9

1,5

1,5

51,7

2

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан еңбекке қабілетті адамдар-дың үлесі, %

37,3

35,4

33,4

89,5


Облыста халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүр-гізілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2012 жылмен салыстырғанда 42,8%-ға азайды және 2014 жылы 1076 адамды құрады.

Нәтижесінде 2012 жылдан бастап 2014 жыл аралығында ең төменгі күн-көріс мөлшерінен төмен кірісі бар халықтың үлесі 1,4 пайыздық тармаққа төмендеді және 1,5%-ды құрады.

2015 жылдың екінші тоқсанында ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен кірісі бар халықтың үлесі 1,7% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 1,0 пайыздық тармаққа төмен (республикалық көрсеткіш – 2,7%).

2014 жылдың қорытындысы бойынша ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен тұратын халықтың жалпы санындағы атаулы әлеуметтік көмек алушылар үлесі 9,5% құрады, 2012 жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш 0,8 пайыздық тармаққа ұлғайды.

2015 жылғы есептік кезең ішінде Павлодар облысы бойынша ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен тұратын халықтың жалпы санындағы атаулы әлеу-меттік көмек алушылардың үлесі 5,1% құрады, бұл республикалық көрсет-кіштен 2,2 пайыздық тармаққа төмен (республикалық көрсеткіш – 7,3%).

2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан еңбекке қабі-летті адамдардың үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 3,9 пайыздық тармаққа азайды және 33,4% құрады. 2015 жылғы 9 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарынан еңбекке қабілетті адамдардың үлесі 30,8%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 1,2 пайыздық тармаққа жоғары (Қазақстан Республикасы бойынша – 29,6%).

Облыстың өңірлері арасында еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ең жоғары пайызы Екібастұз қаласында – 35,2% (50 адам), ең тө-мен көрсеткіш Успен ауданында – 18,2% (4 адам). Облыстың 4 ауданында мем-лекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ (Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качиры аудандары).
Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету көрсеткішінің серпіні

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға қарағанда

1

2

3

4

5

6

1

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсе-тумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (алуға мұқтаж адам-дардың жалпы санындағы), %

85,7

96,5

96,6

10,9

2

Жеке сектор субъектілері ұсына-тын арнайы әлеуметтік қызмет-термен қамтылған адамдардың үлесі (соның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен), %

14,4

14,4

10,3

-4,1


2014 жыл ішінде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адам-дардың үлес салмағы (алуға мұқтаж адамдардың жалпы санындағы) 96,6% құ-рады және 2012 жылмен салыстырғанда 10,9 пайыздық тармаққа ұлғайды,
2015 жылғы 9 ай ішінде – 96,1%.

Өз-өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіздігінің және үйсіздігінің, мүгедек-тігінің болуы себепті күрделі өмір жағдайындағы барлығы 5,4 мыңнан аса адам арнайы әлеуметтік қызмет алушылар болып табылады.

2011 жылғы сәуірден бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберін-де үйде күтім жасау және күндізгі келу (жартылай стационар) жағдайларында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Қызмет көрсету нарығына қатысуға үкіметтік емес сектор тартылды. Бүгінде мұндай қызметтерді 669 азаматқа
3 қалада және 8 ауданда 13 үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі – ҮЕҰ) көрсетеді.

2014 жылы ҮЕҰ мұқтаж адамдардың 10,3%-на қызмет көрсетті,
2015 жылғы 9 ай ішінде – 12,2%.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

өнеркәсіп, инфрақұрылым, ТҮКШ салаларында тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құрумен жобаларды іске асыру;

Облыс халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары және Облыстың 2016-2018 жылдарға арналған жұ-мыспен қамту картасы шеңберінде облыс кәсіпорындарымен жұмысқа орналас-тыру мәселелері бойынша ынтымақтастық;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының жыл сайынғы төмендеуі. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарынан еңбекке қабілет-ті азаматтар үлес салмағының төмендеуі;

ҮЕҰ-ны тарту арқылы бәскелестікті дамыту және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету санын арттыру;

қызмет көрсету нысанын және орнын таңдауға құқықты іске асыру, тұратын орны бойынша күндізгі келу желісін дамытуға байланысты қамқор-лыққа алынатын адамның әлеуметтену деңгейін арттыру.

Осал жақтары:

еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы балансының келіспеуі;

атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы бала күтімімен айна-лысатын аналардың жоғары үлес салмағы 14,5% (156 адам);

атаулы әлеуметтік көмек алушылардың төмен білім деңгейі;

ҮЕҰ-ның психоневрологиялық ауытқуы бар адамдарға қызмет көрсетуі туралы халықтың нашар хабардар етілуі;

ауылда мүгедектердің күндізгі келу бөлімшелерін дамыту үшін үй-жайлардың болмауы,

әлеуметтік сала қызметкерлері жалақысының төмен деңгейі;

медициналық-әлеуметтік мекемелердің жоғары медициналық білімі бар кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

Мүмкіндіктер:

тұрақты, уақытша, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, жастар тәжірибесін, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтар, кәсіпкерлік бастаманы қолдау;

жұмыс орындарының белгіленген квотасы шегінде шетел жұмыс күшін тарту, соның ішінде басымды жобаларды іске асыру үшін;

облыстың пилоттық өңірлерінде еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік кө-мек алушылар санатынан негізді ақшалай көмек алушыларды ұлғайту;

еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қам-туға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту,

медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын ұлғай-ту;

мемлекеттік сатып алу нормаларын қолданусыз ҮЕҰ-ны қаржыландыру тетігін әзірлеу және қызмет көрсету мерзімдерін 3 жылға дейін ұлғайту;

мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға кіріктіру және әлеуметтендіру, олардың тұрмыс-тіршілік жағдайларын жақсарту.

Қатерлер:

экономикалық дағдарыстың кері әсер етуі салдарынан жұмыссыздық дең-гейінің өсуі;

еңбекке қабілетті жастағы халықтың көші-қон келуінің күшеюі;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан аз қамтылған азаматтардың күрделі өмір сүру жағдайынан шығуын дербес шешуді қаламауы (арқа сүйеушілік);

психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедектерді стационарлық медицина-лық-әлеуметтік мекемеге жатқызуға мұқтаждардың өсуі (психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерге жоғары кезектілік).

Қол жеткізілген оң өзгерістерге қарамастан, облыс халқын әлеуметтік қорғау жүйесінде мынадай негізгі проблемалар қалуда:

халықтың нысаналы топтарының жекелеген санаттарын жұмыспен қам-тумен қамтамасыз етудің күрделілігі (әйелдер, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар және зейнеткерлік алдындағы жастағы адамдар);

жалғыз басты және жалғыз тұратын еңбекке қабілетті емес азаматтар санының ұлғаюы,

психоневрологиялық ауытқуы бар адамдар санының ұлғаюы (психо-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерге жоғары кезектілік),

медициналық-әлеуметтік мекемелердің жоғары медициналық білімі бар кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

Еңбек. Индустриялық дамыған өңірдің аумағында зиянды, қауіпті және ауыр еңбек жағдайлары бар кәсіпорындардың көбі шоғырланған, осыған байла-нысты, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер саны жоғары.
Жарақаттану көрсеткіштерінің серпіні

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014

жыл

2015 жылғы

9 ай

1

2

3

4

5

6

1

Зардап шеккендер саны, адам

192

184

170

122

1.1

Павлодар қаласы

59

50

44

26

1.2

Екібастұз қаласы

77

74

71

71

1.3

Ақсу қаласы

25

28

23

3

1.4

Аудандар

31

32

32

26

2

Жазатайым оқиғалар саны

183

168

159

117




соның ішінде:













2.1

өлім зардабымен

10

21

20

7

2.2

ауыр зардаппен

74

66

67

34

3

Топтық жазатайым оқиғалар саны

6

11

6

4

4

Топтық жазатайым оқиғаларда зардап шеккендер саны, адам

15

27

17

9


Соңғы жылдары жарақаттану көрсеткіштерін азайту бойынша оң серпін байқалуда: 2014 жылы жазатайым оқиғалардың саны 2012 жылға қарағанда 13,1%-ға төмендеді, ұқсас кезең ішінде зардап шеккендер саны 11,5%-ға төмен-деді.

Өндірісте жазатайым оқиғалардың негізгі себептері мыналар болып табы-лады: жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, зардап шегушінің өрескел абайсыздығы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін бұзу-шылық. Бұл жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландыруды үнемдеуіне негізделген, қарамағындағы персо-налдың қауіпсіз жұмыс өндірісіне тиісті бақылаудың болмауы. Сонымен бірге зардап шегушілердің өзі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша белгі-ленген талаптар мен шарттарды өрескел бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет