Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны



бет13/19
Дата17.06.2018
өлшемі2,33 Mb.
#43161
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
2.1.4.3 Жолдар және көлік

Павлодар облысының автомобиль жолдары желісі келесі көрсеткіштер-мен сипатталады: желінің жалпы қашықтығы 5 658,3 шақ. құрайды. Оның ішінен 1 510 шақ. (26,7%) – республикалық маңызы бар жолдар, 1 183,9 шақ. (21%) – облыстық маңызы бар жолдар және 2 964,4 шақ. (52,3%) – аудандық маңызы бар жолдар.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 4 148,3 шақ., оның ішінен қатты жабындысымен (төсемі жетілдірілген: асфальт-бетон және қара қиыршық тасты) – 1 677,5 шақ. (40,4%). Тұтқыр материалдармен өңделме-ген, малтатаспен және қиыршық таспен жабылған жолдар – 1 725,2 шақ. (41,6%), топырақты жолдар – 745,6 шақ. (18,0%).

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар авто-мобиль жолдарының үлесі 74% немесе 2 188,9 шақ. құрайды, қанағаттанарлық-сыз жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі – 26% немесе 775,5 шақ., соның ішінде асфальт жабындысымен 840,7 шақ. (28%), қиыршық таспен – 1 389,2 шақ. (47%), топырақты жабындымен – 734,5 шақ. (25%).

2015 жылғы жол-жөндеу жұмыстарының нәтижелері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың көрсет-кішін 76%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Павлодар облысында автомобиль жолдарының тығыздығы орташа рес-публикалық көрсеткіштен асады (1 000 ш.ш. шаққанда 34,5 шақ.) және 1 000 ш.ш. шаққанда 45,4 шақ. құрайды.

Бүгінгі күні интенсивті түрде тозу және бұзылу себебінен қанағаттанар-лықсыз жағдайдағы жолдардың учаскелері жергілікті жолдар желісінің жалпы ұзындығының 24%-ын құрайды. Облыста шамамен 773,3 шақ. топырақты жол бар, көктем-күз айларында бұл жолмен жүру ішінара қиындық туғызады.

2014 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға бар-лық деңгейдегі бюджеттен 8,1 млрд. теңге жіберілді, бұл өткен жылмен салыс-тырғанда 1,4 есеге көп.

2015 жылы облыста жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамы-туға барлық деңгейдегі бюджеттен 3,3 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге кем.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

Ресей Федерациясына шығатын автомобиль жолдарын жөндеуді орындау, бұл екі мемлекет арасында автомобиль көлігімен жүк айналымын және азамат-тық тұлғалардың Ресей Федерациясына барып-тұруын қамтамасыз етеді;

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында апаттылықты төменде-ту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру;

Автомобиль жолдарының өткізу қабілеттілігін арттыру;

Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға шығын-дарды азайту;

Осал жақтары:

Жол-жөндеу жұмыстары жеткіліксіз қаржыландырылғандықтан 1990-нан бастап 2000 жылдар кезеңінде жөндеуаралық мерзімдерді сақтамау;

Ірі жүк автокөлік осіне жүктеменің артуы салдарынан жолды қаптау конструкциясының ұлғаюы;

Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне қарағанда осьқа түсетін жүктеме айтарлықтай жоғары.

Мүмкіндіктері:

екі ел арасында шекара маңындағы ынтымақтастықты кеңейту, ел ішін-дегі және халықаралық кооперацияны дамыту, соның ішінде дүние жүзіндегі ең ірі шикізат жеткізушілерінің және төмен қайта өңдеудің компонеттік база-сының бірі ретінде Ресейге жақындығын пайдалану;

автомобиль жолдарының жақсы жай-күйі және жолда болу уақытының қысқаруы салдарынан жүк тасымалына тарифті төмендету, олардың деңгейін және жолаушылар үшін қолайлылықты арттыру;

көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту;

жүк автокөлігі тарапынан көше-жол желісіне көлік жүктемесін төменде-ту;

аумақтардың көлік қатынасын жақсарту.

Қатерлер:

жалпы пайдаланымдағы автожолдар бойынша автокөлік жүрісінің қиын-дауы;

апаттылықтың көбеюі;

халықтың көлікке қол жеткізуінің төмендеуі;

өңірде экологиялық ахуалдың нашарлауы;

жұмыссыздық деңгейінің артуы;

автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жай-күйі мен жолда болу уақытының ұзаруы салдарынан автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдаған кезде 1 т/шақырым құнының қымбаттауы.

Проблемалар:

облыстың автомобиль жолдарының жалпы техникалық жағдайының қоз-ғалыс қауіпсіздігінің талаптарына толық сәйкес келмеуі салдарынан көлік ло-гистикасы мүмкіншіліктерін жете пайдаланбау;

ірі жүк автокөлігімен жүкті тасымалдаған кезде салмақ режимінің бұзы-луы.
2.1.4.4 Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым

Өңірдің инфрақұрылымдық тұрғын үй-коммуналдық кешені электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, су бұру салаларымен бе-рілген.

Сумен жабдықтау. Павлодар облысы тұщы жерасты суымен толығынан қамтамасыз етілген. Негізгі ірі су артериясы Ертіс өзені мен Қ.И.Сәтбаев атын-дағы «Ертіс-Қарағанды» арнасы болып табылады, олардың су ресурсы ауыз су үшін және шаруашылыққа пайдалану үшін кеңінен қолданылады.

Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтау мақсатында тәулігіне 649,85 мың т.м. мөлшерінде бекітілген қоры бар 22 учаске пайдаланылады.

Мыналар шаруашылық-ауыз су бағытындағы су тұтынушылары болып табылады: тұрақты халық, суды шаруашылық ауыз су құбыры желісінен пайдаланатын өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары.

Павлодар облысының халқы тұтынатын ауыз су сапасындағы судың көлемі 2015 жылғы 1 мамырға қарағанда тәулігіне 766,2 мың т.м., соның ішінде қала тұрғындары – тәулігіне 668 мың т.м., ауыл тұрғындары – тәулігіне 98,2 мың т.м. құрайды.

Облыс қалаларында орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткі-зу орташа есеппен 84%-ды және су бұру 78%-ды құрайды.

Облыс қалаларында сумен қамтамасыз ету желілерінің ұзындығы
1 075,7 шақ. және су бұру желісі – 857,1 шақ. құрайды, соның ішінде Павлодар қаласында – 451,3 шақ. және тиісінше 382,4 шақ., Екібастұз қаласында – 521,0 шақ. және 291,1 шақ., Ақсу қаласында – 103,4 шақ. және 183,6 шақ.

Сумен жабдықтаудың 60%-дан асатын орта табиғи тозуымен желілер саны 2015 жылғы 01.01. жағдай бойынша 526,1 шақ. немесе жалпы ұзындығының 49%-дан астамын құрайды және су бұру – 345,4 шақ. немесе 40,3%, соның ішінде: тиісінше Павлодар қаласында – 236,2 шақ. (52,3%) және 150,11 шақ. (39,2%), Екібастұз қаласында – 230,2 шақ. (44,2%) және 61,3 шақ. (21,1%), Ақсу қаласында – 59,7 шақ. (72,3%) және 134 шақ. (73,2%).

Облыста сумен жабдықтау желілері коммуналдық меншікте тұр және жалға беру қызметіне берілді. Жыл сайын әртүрлі деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ инвестициялық бағдарлама шеңберінде қызмет көрсететін кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған іс-шараларды жүргізу тозған желілер мен құрылымдардың үлесін жыл сайын төмендетуге мүмкіндік береді.

2014 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелері мен желілерін жаңғырту мақсатында облыста 9 жоба іске асырылды.

Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жалғасатын болады. Жобалар шеңберінде Павлодар қаласының су тазарту және кәріз құрылыстарын, Ақсу қаласының фекальдық сорғы стансаларын, Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы бас кәріз коллекторларын жаңғырту, сондай-ақ Ақсу қаласының орамішілік су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

2011-2014 жылдар кезеңінде 12 АЕМ сумен жабдықтау объектілері пайда-лануға енгізілді (Екібастұз қаласы ауылдық аймағы Солнечный кентінде, Ақсу қаласы ауылдық аймағы Парамоновка, Қалқаман ауылдарында, Ақтоғай ауда-нының Ақтоғай, Ертіс ауданының Голубовка, Железин ауданының Алакөл, Ми-хайловка, Павлодар ауданының Шақат, Качиры ауданының Байқоныс, Лебяжі ауданының Аққу, Шарбақты ауданының Галкино ауылдарында, Баянауыл ауда-нының Майқайың кентінде). Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қам-тылған ауыл халқының саны көрсетілген кезең ішінде 93,5 мыңнан 111,3 мың адамға дейін өсті.

2015 жылы Ертіс және Жолқұдық – 2 ауылда су құбыры желісін қайта жа-ңарту жұмысы аяқталды, 9,3 мың ауыл тұрғыны орталықтандырылған сумен жабдықтаумен толық қамтамасыз етілді.

405 ауылдық елді мекеннің 79-ы немесе 19,4%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді.

322 АЕМ-де орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ, оның ішінен 313-де – орталықтандырылмаған сумен жабдықтау, 9 АЕМ-де – су тасымалда-нады.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасы «Өңірлерді дамыту 2020» біріктірілген. «Өңірлерді дамыту 2020» бойынша ауылдарда орталықтандырылған субұрғышқа қол жеткізу көрсеткіші орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген АЕМ саны бойынша есептеледі.

Қазіргі уақытта 4 ауылдық елді мекен (Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы, Баянауыл ауданы Майқайың кенті, Ақсу қаласы ауылдық аймағы Қал-қаман және Достық ауылдары) орталықтандырылған субұрғышпен қамтамасыз етілген.

Павлодар қаласында су бұрғыш тораптары «Павлодар-Водоканал» ЖШС жалдамалы қызмет көрсетуіне табысталған, Екібастұз және Ақсу қалаларында тораптарға мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар қызмет көрсетеді.

2014 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелері мен желілерін жа-ңарту мақсатында облыста 9 жоба іске асырылды.

Ағымдағы жылы Павлодар қаласының су тазарту және кәріз құрылыста-рын және Ақсу қаласының фекальдық сорғы стансаларын, Павлодар және Екі-бастұз қалаларында бас кәріз коллекторларын жаңарту бойынша, сондай-ақ Ақсу қаласының орамішілік су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша жо-балар іске асырылуда.

Аталған іс-шараларды орындау облыс қалаларының тұтынушыларына сапалы сумен жабдықтауға және су бұруға қол жеткізуді арттыруға мүмкіндік береді.

Жылумен жабдықтау. 3 қаланы жылумен жабдықтауды екі кәсіпорын жүзеге асырады: «Павлодар жылу желілері» ЖШС және «Теплосервис-Ақсу» МКК. Аудан орталықтарында жылумен жабдықтауды мемлекеттік және жеке кәсіпорындары қамтамасыз етеді.

Облыс жылу желілерінің ұзындығы 904,1 шақ. құрайды (магистральды – 155 шақ., орамішілік – 726,1 шақ., ыстық сумен жабдықтау желілері – 23 шақ.), Павлодар қаласында – 407,6 шақ., Екібастұз қаласында – 342,3 шақ., Ақсу қаласында – 78,8 шақ., аудандарда – 75,4 шақ. Оның ішінен 452,3 шақ. жеке меншікте.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 60 %-дан астам орташа физи-калық жағынан тозған жылумен жабдықтау желілерінің саны 617,0 шақ. немесе жалпы ұзындықтан 68%-ды құрайды, соның ішінде: Павлодар қаласында – 281,2 шақ. (72 %), Екібастұз қаласында – 254,7 шақ. (74%), Ақсу қаласында – 32,5 шақ. (41,2%), аудандар – 48,6 шақ. (65 %).

Павлодар және Екібастұз қалаларында жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 70%-дан астамды құрайды, Ақсу моноқаласында және облыстың аудан орталықтарында – 45-65%.

Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау желілері мен жүйелері тозуының жоғары дәрежесі, негізгі өндірістік қорлар тозуының тез қарқындары, сондай-ақ жылумен жабдықтау, сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуға мемле-кеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі коммуналдық шаруашылық саласындағы маңызды проблемалардың бірі болып табылады.

Нәтижесінде облыстың сумен жабдықтау желілерінде бұзылулар саны өсуде (2014 жылы 1 034 бірлік), жылумен жабдықтау (59 бірлік).

Сумен жабдықтау желілерінде бұзылулардың негізгі үлесі Екібастұз қала-сына тиесілі. Қаланың желілерін қайта жаңарту бойынша жобалар «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау бойынша қыз-мет көрсететін табиғи монополия субъектілерін кредиттеу есебінен жоспар-ланды.

Бұл ретте 2011-2013 жылдары тарифтік қаражат есебінен меншік кәсіп-орын орындаған жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу және қайта жа-ңарту олардың физикалық жағынан тозуын төмендетуге әкелмеді, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылумен жабдықтау желілерінің орташа физи-калық жағынан тозуы 2011 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 2-4%-ға өсті.

Қазіргі уақытта меншік кәсіпорын мемлекеттік сараптама алумен жылу-мен жабдықтау желілерін жаңғырту және қайта жаңарту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірледі. Осы желілерді қайта жаңарту бойынша іс-шараларды іске асыру Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің қарыз қара-жатын тартумен «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жоспар-лануда.

Тұрғын үй қоры. Облыс тұрғын үй қорының жалпы ауданы 14,4 млн. ш.м. құрайды, оның ішінен 10,0 млн. ш.м. қалалық елді мекенге және 4,4 млн. ш.м. аулдық елді мекенге тиесілі.

Қазіргі уақытта облыста 2 507 көп пәтерлі тұрғын үй бар (2 332 – облыс қалаларында, 175 – облыс аудандарында). Кондоминиумды басқарудың 446 органы жұмыс істейді, соның ішінде ЖШС, ЖК, ПИК – 206 және барлық пәтер иелерімен бірлескен басқару – 240.

30%-дан аса (827) көп пәтерлі тұрғын үйлер үйішілік инженерлік желі-лерге, шатырға, лифт шаруашылығына және құрылымдарға күрделі жүргізуді қажет етеді (Павлодар қаласында – 367, Екібастұз қаласында – 228, Ақсу қала-сында – 100, ауылдық аудандарда – 132). Облыс орталығында күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 27%, облыстың екі қаласында – 12-14% құрайды, облыстың АЕМ осы көрсеткіш есе жоғары және 47-52% құрайды.

Апаттық тұрғын үй қоры мәселесі облыстың маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Павлодар қаласында 189 апаттық және ескірген көп пә-терлі тұрғын үй бар, сондай-ақ АЕМ 122 бір қабатты құрылымдар.

Павлодар қаласындағы апаттық және ескірген көп пәтерлі тұрғын үйдің 189 бірлігінен 181 бірлігі азаматтарды көшіру арқылы бұзуға жатады. Ондағы пәтерлер саны 1 488 бірлікті құрайды, оның ішінен Алюминистрой ауданында ықшам орналасқан 154 екі қабатты тұрғын үй. Осы үйдегі пәтерлар саны
1 272 бірлікті құрайды, жалпы ауданы 66 526 ш.м., тұрғындар саны 3 804 адам.

Үйлерді бұзу және азаматтарды көшіру бойынша мәселелерді шешу үшін Павлодар қаласында осы ауданның нақты жоспарлау жобасы әзірленді. Жалпы ауданы 256 543 ш.м. 3 852 пәтер салу болжануда.

2 қабатты ескірген тұрғын үйлерді бұзу, инфрақұрылымды тарту бойын-ша жұмыс жүргізілуде және осы ықшамауданда 12 қабатты тұрғын үй құрылы-сы жүргізілуде.

Газбен жабдықтау. Облыста орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жоқ.

Облыс аумағында тұрмыстық және өнеркәсіптік мұқтаждықтар үшін «ПМХЗ» ЖШС өндірумен айналысатын сұйытылған көмірсутекті газ қолда-нылады.

Облыс аумағында сұйытылған газды сату бойынша қызметті нарықтың 8 субъектісі жүзеге асырады: «ИнтерснабGas» ЖШС, «INTERTRANS C.A» ЖШС, «Манекс» ЖШС, «Фллид» ЖШС, «Транссервис» ЖШС, «ГазИндуст-рия» ЖШС, «Инженерный центр-газ» ЖШС, «ГазСбытСервис» ЖШС.

Орташа алғанда халық үшін айына газ сату 300 тоннаны және заңды тұлғалар үшін маусымдық қажеттілігіне байланысты 900 тоннаны құрайды.

Электрмен жабдықтау. Электр желілерінің жалпы ұзындығы 17,5 мың шақырымды құрайды, қосалқы станциялар саны – 4 349 бірлік, соның ішінде: ҚС 220-110 кВ – 78, ҚС 35-10-0,4 кВ – 128, ЖҚ, КЖҚ-6-10/0,4 кВ – 4 143.

Павлодар өңірінің электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық секто-рында инженерлік жүйелердің тозу деңгейі нормативтік жағдайда 30% құрайды және 70%-ы жөндеуді қажет етеді (электрмен жабдықтаудың жалпы ұзындығы – 17 500 шақ.).

Кернеулігі 220-1150 кВ электр тарату желісі «KEGOC» АҚ балансында, оны пайдалануды Екібастұз қаласында орталығы бар Жүйеаралық электр желілерінің солтүстік филиалы жүзеге асырады.

110 кВ және одан төмен электр желілерін «Павлодар электр таратушы желісі компаниясы» АҚ, және «Горэлектросеть» ЖШС электр желілері компа-ниялары пайдаланады. Павлодар облысы электр энергиясын өндіру бойынша энергияны артық өндіруші өңір болып табылады, өндірілетін электр энергия-сының жартысынан астамы республиканың басқа өңірлеріне жөнелтіледі.

Облыс қалалары мен аудандарының тұтынушыларын тұрақты электрмен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын энергия тарату кәсіпорындары электр желілерінде, қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

2012-2014 жылдар кезеңінде кәсіпорындар жаңа қосалқы станцияларды салу, электр желілері мен қосалқы станциялардың жабдықтарын қайта жаңарту және жаңғырту бойынша инвестициялық іс-шараларды орындады.

Павлодар қаласында қуаттылығы 2*40 МВа 110/10 кВ «Усольская» қо-салқы станциясының құрылысы аяқталды, бұл Усолка ықшамауданының тұты-нушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттырды (кардиоорталық, 4 ем-хана, Назарбаев зияткерлік мектебі, көп қабатты тұрғын үйлер) және қаланың жаңа тұтынушыларын қосу мүмкіндігін берді (перинаталдық орталық, бірінші қалалық аурухана, ПМУ жатақханасы және басқа объектілер).

Ағымдағы жылы «Павлодар облысы Ақсу қаласы Сольветка ауылының электрмен жабдықтау желілерінің 3,958 шақырымын қайта жаңарту» жобасы іске асырылуда, жалпы құны 34,9 млн. теңге.

Тұтас алғанда, Павлодар облысы ЕАЭО бірігуге байланысты нарықты кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің болуы;

тұщы жер асты сулары қорының жеткілікті деңгейі;

қызмет көрсетуші кәсіпорындардың болуы;

коммуналдық қызметтерге жоғары қажеттілік.

Осал жақтары:

объектілер мен инженерлік объектілердің біршама тозуы және салдары – апат, шығындар, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтаудың төмен деңгейі;

негізгі өндірістік қорлардың тозу барысы жаңартылуына қарағанда тез қарқындармен болуда;

жылумен жабдықтау, сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялар-дың жеткіліксіздігі;

қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жеткіліксіз материалдық-техникалық жарақтандырылуы;

халықтың кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігін ұстауға әлсіз белсенділігі;

су шаруашылық секторының құрылысын және қайта жаңартуды жос-парлау кезінде жүйелі әдістің болмауы;

сумен жабдықтау және су бұру желілері тозуының жоғары деңгейі; жылумен жабдықтау, сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуға және қолда-ныстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі.

Қатерлер:

жабдықтың физикалық тозу себебі бойынша мүмкін болатын жұмыс істе-меуі, қоршаған ортаға теріс әсер ету қаупі;

ұзақ қызмет көрсету нәтижесінде қалыптасқан жылумен жабдықтау, су-мен жабдықтау объектілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

сумен жабдықтау және су бұру жүйесінде жобаларды іске асыру кезінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану;

ұңғыманы пайдалану тәртібін бұзу нәтижесінде жерасты су көздері сапа-сының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалар санының көп болуы, жерасты суларының техногенді ластануы;

көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және жаңғырту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру, сондай-ақ ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы жұмысты жеткіліксіз түсіндіру.

Мүмкіндіктер:

халықты сапалы ауыз сумен және жылумен қамтамасыз ету;

жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жағ-дайын жақсарту, тазартуға және су дайындауға шығындарды ұлғайту;

материалдық-техникалық базаны жарақтандыру есебінен пайдалану қыз-метін жетілдіру;

сумен жабдықтау және су бру жүйелерінің техникалық жағдайын жақ-сарту;

көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту бойынша жоба-ларды іске асыру кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайын жақсар-туға мүмкіндік береді.

Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйе-лері тозуының жоғары дәрежесі, негізгі өндірістік қорлар тозуының тез қар-қындары, сондай-ақ жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұрудың жаңа жүйелерін салуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткілік-сіздігі коммуналдық шаруашылық саласындағы маңызды проблемалардың бірі болып табылады.
2.1.5 Экология және жер ресурстары

Экологиялық жағдай. Павлодар облысы республиканың ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылады, жоғары техногендік ластануға ұшыра-ған. Облыс аумағында энергетика, қара және түсті металлургия, тау-кен өндіру, мұнай өңдеу және химия салаларының кәсіпорны шаруашылық қызметін жүзеге асырады, олардың өнеркәсіптік өндірістегі үлес салмағы 80% құрайды.

Қазақстан Республикасы бойынша атмосфераға ластайтын заттардың бар-лық шығарындыларынан төрттен бір бөлігі Павлодар облысына тиесілі. Атмо-сфераға ластайтын заттар шығарындылары жыл сайын 600 мың тоннадан аса-ды, оның ішінен 94,0% астамы электр энергетика, металлургия және көмір өн-діру өнеркәсібіне тиесілі.

Облыста атмосфералық ауа ластануының негізгі көздері – жоғары күлді көмірмен жұмыс істейтін жылу және электр станциялары. Энергетика саласы-нан жалпы шығарындылар үлесі облыстың жалпы шығарындыларынан 85-86% құрайды. Қалған ірі салалардың жалпы шығарындылар үлесі 10% аймағында және шығарындылардың 4%-ы ғана II, III, IV санаттағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметі барысында пайда болады.

2014 жылы атмосфераға ластайтын заттар шығарындыларының
2013 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға азаюы байқалды (2012 жылы – 675 930, 2013 жылы – 650 384, 2014 жылы – 620 800 тонна). Шығарындылардың қыс-қаруы «ҚЭЗ» АҚ-да, «Кастинг» ЖШС ПФ-да өндіріс көлемдерінің төмендеуі-мен, «ЕГРЭС-2 стансасы» АҚ-да, «ЕГРЭС-1» ЖШС-да электр энергиясын өнді-рудің азаюымен, «Майкөбе-Вест» ЖШС-да көмір өндірудің төмендеуі және аршу таужыныстарының пайда болуымен, «Павлодарэнерго» АҚ-да электр сүз-гілерін орнату есебінен күлұстау қондырғылары тиімділігінің артуымен түсін-діріледі.

Іс жүзіндегі шығарындылар қоршаған орта үшін эмиссияларға норматив-терден аспайды. Атмосфералық ауаға нормативтік ластайтын заттар шығарын-дыларының лимиті 2014 жылы 16%-ға өсті (2012 жылы 812,3 мың тоннадан 2014 жылы 944,4 мың тоннаға дейін). Бұл негізгі жабдық жұмысының мүмкін болатын ең көп уақытынан өндіріс көлемдерінің ұлғаюымен байланысты,
I санат табиғат пайдаланушылар кәсіпорынында электр және жылу энергиясын өндірудің ұлғаюы («ЕГРЭС-2 стансасы» АҚ, «Кастинг» ЖШС ПФ, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «БК» ЖШС).

Ертіс өзені бассейні су айдынының кең таралған ластану көздерінің бірі су объектілеріне су жіберу болып табылады.

Тазартылған сарқынды су көлемдерінің, сарқынды нөсер су көлемдерінің азаюына байланысты («ҚЭЗ» АҚ, «ЕГРЭС-2 стансасы» АҚ, «БК» ЖШС) су объектілеріне нормативтік ластайтын заттарды жіберу лимиті көлемінің
8,2%-ға шамалы азаюы байқалуда (2012 жылы 83,5 мың тоннадан 2014 жылы 76,7 мың тоннаға дейін).

Павлодар облысының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарынан су бұру ағынды су жинағышында жүзеге асырылады: Ұзынбұлақ су жинағышында «Ақсу су арнасы» КМК, Екібастұз қаласы «Горводоканал» КМК – Атығай су жинағышы; «ПМХЗ» ЖШС – Сарымсақ су жинағышы, «БК» ЖШС – Ақбидайық су жина-ғышы, «Каустик» АҚ және «Қазэнергокәбіл» АҚ – Былқылдақ су жинағышы.

Павлодар облысының шегінде Ертіс өзеніне ағынды суларды жіберу екі ұйымдастырылған шығару бойынша жүзеге асырылады: «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы (шартты таза жылу алмасу суларының тастауы), «Павлодар-Водоканал» ЖШС (облыс орталығының қалалық тазарту имараттарынан кейін тазартылған аралас ағынды суларды тастау).

Облыс жиналған өнеркәсіптік қалдықтар көлемі бойынша жетекшілердің үштігіне кіреді.

Қазіргі уақытта облыстың 14 ірі кәсіпорны 5 535,9 млн. тонна өнеркәсіп-тік қалдықтар жинады.

Тек 2014 жылы 146,5 млн. тонна жиналған, оның ішінен 22,9 млн. тонна немесе 16% өңделді.

Облыстың өнеркәсіптік қалдықтарын 2 топқа бөлуге болады: тау-кен өн-діру және тау-кен өндіру емес кәсіпорны.

Бүгінгі күні тек бір кәсіпорын («Пневмоударное бурение» НПП» ЖШС) «Майқайыңалтын» АҚ кен орнының бірінен аршу таужынысының үйіндісінен құрылыс тасын өндіруді жүзеге асырады.

Ағымдағы жылы «Павлодар ӘКК» ҰК» АҚ-мен Майқайың байыту фаб-рикасы қалдықтарының техногенді минералды құрылымдарды барлауға арнал-ған келісімшарт жасалды.

Аршу таужыныстары түріндегі қалдықтарды өңдеу барысы техногендік қалдықтарды айналымға белсенді тарту үшін де көзделген, жеке инвестициялар тарту ғана қажет.

Тау-кен өндіру емес өнеркәсібінің қалдықтарымен проблемаларды шешу үшін өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу бойынша зауыт салу қажет. Қалдықтар-ды кәдеге жарату кезінде оны өтеуге төлем қажеттілігінің болмауын ескере отыра, кәсіпорындарға оны зауытқа беру тиімді болады, ол өз кезегінде, қайталама шикізатты сатудан пайда алатын болады.

Бүгінгі күні өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) басқару саласында қалыптасқан жағдай қоршаған ортаның қауіпті ластануына, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға, экономикалық залалға әкеледі және халықтың денсаулығына қауіп төндіреді.

Облыстың елді мекендерінде ҚТҚ көму бойынша орналасқан объектілер-ді полигон орындарына жатқызуға келмейді. Көптеген жағдайларда олар санитарлық ереже талаптарына және көмудің экологиялық стандарттарына сәйкес келмейтін қоқыс тастайтын жер болып табылады.

Облыста 5,2 млн. тонна жиналған қалдықтар көлемімен 345 қоқыс тастай-тын жер жұмыс істейді, оның ішінен үштен бірі (30%) тамақ қалдықтарына, басқа үштен бірі қағазға, картонға тиесілі, 13% пластик құрайды, 5% әйнек, 3% металлдар және 19% – өзге қалдықтар. Қоқыс тастайтын жерлердің негізгі саны ауылдық жерде орналасқан. Экологиялық және жер заңнамасының талаптары-на тек 5 қоқыс тастайтын жер (1,4%) сәйкес келеді.

Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жүргізілмейді.

Қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтер өңірдің 3 қа-ласында көрсетіледі (Павлодар, Екібастұз, Ақсу), халқы 524,3 мың адам. Павло-дар облысы халқының 757,2 мың адам (2014 жылы) жалпы саны кезінде қыз-меттің осы түрімен қамту 69% құрайды.

Аудандар халқы ҚТҚ жинау және шығару бойынша қызметтермен қамта-масыз етілмей қалады. Бұл ауылдық жердегі халықтың төмен тығыздығына байланысты.

Орман қоры. Қазіргі уақытта орман өсіру қажеттілігі туралы өткір мәсе-ле тұр. Облыста жалпы ауданы 127,5 мың га 9 аудан аумағында және 3 қаланың ауылдық аймағында орналасқан орман және жануарлар дүниесін қорғау жөнін-дегі үш мемлекеттік мекеме бар (соның ішінде орман жабындысы 89,6 мың га). 2014 жылы 148 адамды құрайтын ведомствоға қарасты мекемелердің штат саны нормативке дейін жеткізілді (225 адам).

Алқаптық ормандар су эрозиясының және антропогендік факторлардың теріс әсеріне ұшыраған, көбінесе өртпен.

Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы орман өрттерінің салдарынан орманмен жабылған аумақтың
547 га қысқаруы болды. Сол уақытта өткен жылдардың жаңартылған кесілген ағаштарын, табиғи шыққан жас ағаштарды орманмен жабылған аумаққа ауыс-тыру, орман дақылдарын отырғызу есебінен 2014 жылы орманмен жабылған аумақ 2013 жылмен салыстырғанда 166 га ұлғайды.

2014 жылы мемлекеттік орман қорының аумағындағы бір орман өртінің орташа аумағы 2012 жылмен салыстырғанда 12,1 га (66,7%) қысқарды. Алайда, 2015 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша бір орман өртінің орташа аумағы 12,31 га құрады.

Орман өрттері туындауының негізгі себептері: отты абайсыз пайдалану, ауыл шаруашылық өртеңі (сабанды, орылған егін орнын өртеу), шөп шабу мез-гілінде тракторларда ұшқын өшіргіштердің болмауы.

Өрттердің едәуір аумағы өрт қаупі кезеңінде алқапты ормандардағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріне жету қиындық тудырады.

Стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағының болмауынан орман дақылдары қорының жыл сайынғы көлемі игерілмейді
(323 га), бұл орманмен жабылған алқаптар аумағының және тұтас алғанда об-лыс ормандылығы пайызының азаюына әкеледі.

Баянауыл ұлттық паркінде және «Ертіс орманы» табиғи резерватында республикалық маңызы бар тұрақты орман тәлімбағын өз мұқтаждықтары үшін пайдаланады (орманды қалпына келтіру жұмыстарына).

Орман дақылдары бұзылмаушылығының төмен пайызы табиғи-климат-тық жағдайлардың қаталдығына және сапасыз отырғызу материалдарына байланысты.

Сыртқы факторлар:

атмосфералық ауаның ластану, су объектілеріне су жіберу мәселелеріне бақылау-инвспекциялық қызмет республикалық деңгейде жүзеге асырылады.

Павлодар қаласы Солтүстік өнеркәсіптік аймағының және Былқылдық сарқынды су жинағышының сынаппен ластануы;

сумен жабдықтау және су бұру жобаларын қаржыландыру мәселелерін шешу республикалық деңгейде жүзеге асырылады.

ҚТҚ өңдеу бойынша зауыттар мен технологиялардың болмауы қоқыс жинайтын орындарда жиналатын көлемдерінің тұрақты өсуіне әкеледі.

табиғи-климаттық жағдайлар – қатты ыстық, құрғақшылық орман өрт-теріне әкеледі.

орман өрттері орманмен жабылған аумақтардың қысқаруына ықпал етеді.

Ішкі факторлар:

ҚТҚ басқару жүйесін жетілдіру.

АЕМ-де қоқыс жинау мен шығаруды тұрақты негізді жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындардың болмауы, оның салдары – рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындардың пайда болуы.

орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік меке-мелердің өртке қарсы техникамен осал қамтамасыз етілуі.

өрт-бақылау мұнараларының, станцияларының болмауы.

егерлердің көлік құралдарымен қамтамасыз етілмеуі.

сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың табиғат қорғау іс-шараларын орын-дауы;

Ертіс өзенінің және сансыз көлдердің болуы;

қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдердің ұлғаюы;

тұщы жер асты сулары қорларының жеткілікті деңгейі;

штаттардың орман қорғау қызметкерлерімен толықталуы.

Осал жақтары:

қолайсыз экологиялық жағдай;

атмосфераға шығарындылардың көп көлемі жылу энергетика, металлур-гия және көмір өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындарына тиесілі;

ҚТҚ және өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату бойынша технологияның болмауы;

табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға бюджет қаражаты көлемдерінің қысқаруы;

«тарихи ластануларды» оңалту мәселесін шешу қажеттілігі;

су шаруашылық секторының құрылысын және қайта жаңартуды жоспар-лау кезінде жүйелі әдістің болмауы;

стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағының болмауы;

орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік меке-мелердің осал материалдық-техникалық базасы.

Мүмкіндіктер:

Павлодар қаласы Солтүстік өнеркәсіптік аймағына жыл сайынғы сынап-ты мониторингілеу;

көктемгі суды Ертіс өзенінің жайылма алқабына жіберуді жыл сайынғы мониторингілеу;

Экологиялық технологиялар жөніндегі құзырет орталығын құру;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жағдайын жақ-сарту;

материалдық-техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану қыз-метін жетілдіру;

орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік меке-мелердің материалдық-техникалық базасын нығайту;

мемлекеттік орман қоры аумағында өрт-бақылау мұнараларын, орман өрті станцияларын салу;

стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағын қал-пына келтіру;

отырғызу материалын өсіру бойынша озық технологияларды енгізу.

Қатерлер:

өңірде экологиялық жағдайлардың нашарлау қаупі;

ластайтын заттар шығарындылары көлемінің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына кері әсер етуі (республика бойынша атмосфераға бар-лық шығарындылардың төрттен бір бөлігі облысқа тиесілі);

сумен жабдықтау және су бұру жүйесіндегі жобаларды іске асыру кезінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану;

ұңғыманы пайдалану тәртіптерінің бұзылуы нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалар санының көп болуы, жер асты суларының техногенді ластануы;

орман өрттері салдарынан орманмен жабылған аумақтың қысқаруы.

Экология саласындағы проблемалар:

қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуы есебінен қоршаған ортаның ластануы;

«Тарихи ластануларды» жоюмен проблема;

Ертіс ауданының Беловод топтық су құбырын және Май ауданының Май топтық су құбырын қайта жаңартудың ұзаққа созылған мерзімдері;

орман өрттерінің салдарынан облыстың орманмен жабылған аумағының қысқаруы;

орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік меке-мелердің орман өртін жедел табу мен жоюға мүмкіндік бермейтін өртке қарсы техникамен осал жарақтандырылуы;

орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің мемлекеттік орман қоры аумағында стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағының болмауы себепті орман дақылдары қорының игерілмеуі.


Каталог: images -> doc
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым
doc -> Негізгі орта білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
doc -> Тәлімгер портфолиосын құрудың негізгі принциптері
doc -> Галилео Галилей Физик или астроном? Сначала давайте посмотрим его краткую биографию… Галилео Галилей
doc -> Оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі
doc -> 6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылына арнаған жұмыс жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет