Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімі



бет5/13
Дата04.07.2018
өлшемі0,91 Mb.
#46533
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Шешім: Біліктілікті арттыру жоспары жартылай орындалды. Бұл бюджеттік орындардың тапшылығы, сондықтан шаруашылық есеп курстарын кеңінен қолдану қажет.

2016 - 2017 оқу жылының міндеті:

- 2016 - 2017 оқу жылы педагогикалық жұмыскерлердің кадрлық потенциалын сақтау;

- мұғалімдерге педагогикалық шеберлікті үздіксіз жоғарылатуға ынталандыру;

- Бюджет және шаруа есебі негізіндегі Өрлеу курыстары арқылы біліктілікті жоғарылату курсын жоспарлы түрде орындалуын қамтамасыз ету.



Работа с молодыми специалистами

Жас мамандармен жұмыс мектеп әрекетінің негізгі бағыттарының бірі.



Мақсаты: заманауи мектеп жағдайында жас мамандарға бейімделу үшін жағдай ұйымдастыру.

Міндеті:

- Келесі санаттағы педагоктар білім беру процесіне тез бейімделіп және әсерлі қосылу үшін жағдай қамтамасыз ету (басқарма, әдістемелік, ақпараттық және т.б.):

- Жас мұғалімдер;

- атаулы білім беру мекемесіне жұмыс істеуге келген жаңа педагоктар.

- жоғарыда аталған жұмыскерлерге мектеп жұмысының өзекті бағытын таныстырып, кәсіби мұғалімге мектептің талабы білім беру жүйесінің педагогикалық технологиясы мен әдістеменің, олардың негізгі құндылығы, білім беру мекемесінде жүзеге асырылады.

- Жас мұғалімдерге білім беру мекемесінің спецификасы, оқушылар контингентінің ерекшелігімен таныстырылды.

- нақты мәселе болған кезде жұмыс қабілетін ашу және ойластыру; осы шағынаудан жағдайы, нақты ата-аналар мен оқушылар контингенті.

Әрекет мазмұны:

- жас мамандардың педагогикалық проблемаларыны шешу, олардың құзырлық деңгейіне диагностика жасау;

- мектепке жаңа келген педагогтермен танысу;

- қомқор болу,

- педагогикалық өздігінен білім алу,

- жас мамандардың бейімделу үрдісі анализ жасау,

- сұхбат өткізу;

- қалалық семинарларға қатысу;

- Жас мұғалім мектебіне қатысу.

2015-2016 оқу жылы жас мамандар құрамының саны мен сапасын талдау кезінде ЖММ 4 мұғалім құрады :



Мұғалімнің аты-жөні

Білімі

Мамандығы

1.09.2015 ж. жұмыс өтілі

санаты

Битикбаева Диана Сериккановна

Жоғары, ПМПИ, 2013

Бастауыш сынып

1,07

санатсыз

Потетюрина Екатерина Михайловна

Арнайы-орта, ППК, 2015

Бастауыш сынып

0

санатсыз

Сейтханова Ажар Курмановна

Арнайы-орта, ППК, 2014

Бастауыш сынып

1

санатсыз

Кабышева Айжан Акановна

Арнайы-орта, ППК, 2013

Бастауыш сынып

2

санатсыз

Осы оқу жылы аттестациялаудан өтуге екі мұғалім берді - Сейтханова А.К. және Кабышева А.А. аттестациялау кезінде Сейтханова А.К. тестілеуден өтті (үздік диплом болғандықтан, мерзімінен бұрын аттестациялау), мектеп мұғалімдері үшін ашық сабақ өткізді. Презентациялық портфолиясын қорғап және аттестациялау комиссиясының шешімімен екінші санатты А.А.Кабышеваға берілді. Денсаулық жағдайына байланысты аттестациялаудан бас тартқан мұғалім.

Әр жас мұғалімге тәлімгерлер бекітілді:

- Баранова Н.А., бастауыш сынып мұғалімі Битикбаева Д.С.;

- Дуброва Н.Н., бастауыш сынып мұғалімі Потетюриной Е.М.;

- Егеубаева А.К., бастауыш сынып мұғалімі Сейтхановой А.К.;

- Горбачева Е.В., бастауыш сынып мұғалімі Кабышевой А.А..

Жас мамандарға қамқор болу бұл олармен тәжірибемен бөлісу формасы болып табылады. Мектепте тәжірибелі педагог С.Д.Демьяненконың жетекшілігімен ЖММ жұмыс жасайды.

Оқу жылының басында ЖММ жалпы жұмыс жоспары құрылды; жас мамандармен жұмыс жасайтын тәлімгерлерде жұмыс жоспары, сонымен бірге өзара қарым-қатынас жасау дәптері бар.

Жыл ағымында жас мамандар жоспарына сәйкес жас мамандармен сабақ беру әдісі, семинарлар, тренингтар мәселесі бойынша жоспарға сәйкес теоретикалық жәнетәжірибелік сабақ өткізілді.сонымен бірге жас мамандар қалалық семинарларға, мастер-кластарға, коучингтарға және жас мұғалімдер мектебіне ПРОЛС-қа да қатысты.

Шешім: мектепте жасалған жағдай мұғалімдердің кәсіби щеберлігін дамытуға жағдай жасаған.

IV бөлім. «Тіл туралы» Заңының орындалуы туралы анықтама
Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ.


Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына жолдаған жолдауында «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде деген болатын.» «Қазақстан – 2030» Жолдауы еліміздің келешегінің дамуына жол салатын аса маңызды жоспар. Біздер Қазақстан халқының қиындықсыз өмір кешіп, ұлттық мәртебеміз, ел еңсесі биік болғанын қалаймыз. Сондықтан да жастарға терең білім беріп, мәдениетті адам болуға, ең алдымен өзге емес, өз ана тілін біліп, елін, дінін, салт – дәстүрін сүйетін тұлға қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік тілді үйрену, үйрету, дамыту баршамыздың міндетіміз және әркімге парыз.


Оқу жылының басында бағдарламаға сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылып, сол жоспар бойынша жұмыс жүргізілді.

ӘБ тақырыбы: құзырлылық тұлға дамуының сапалық критерийі

Мақсаты: өз бетінше  жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғанының құзіреттілігін  қалыптастыру.
Міндеттері: жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын 

  • оқушының   өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу;

  •  сол арқылы білім, білік, дағдының  жоғары деңгейіне шығу;

  • оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

Нысаны: өз бетінше жұмысты ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда  құзіреттіліктің  маңызы.
Жаңашылдығы:құзіреттілікті  қалыптастырудың негізгі субъектісі - оқушылардың өз бетінше  жұмысын тиімді ұйымдастыру – білім сапасының критерийін арттырудың негізгі жолы.
Болжамы: оқушылармен өз бетінше жұмысты тиімді ұйымдастыру – жеке, дара тұлғаның еркін қалыптасуына мүмкіндік береді.
   Латын тіліндегі «компетенс» сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты (құзіреттілікті)  білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез - құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық (құзіреттілік)  маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса , Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа (құзіреттілікке)  бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені, құзырлылыққа (құзіреттілікке)  бағытталған үлгіде білім алушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыру - басты мақсаты » - деп көрсетеді

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:

  • оқушыларды өз бетінше талдауға

  • өз қызметіне мақсат қоюға

  • жоспарлауға, жинақтауға

  • қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге

  • сыни тұрғыдан шешім қабылдауға

  • өзін-өзі бағалауға

  • өзін-өзі реттеуге

  • өзін-өзі түсінуге

  • өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге

  • нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға

  • өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінде барлығы 14 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде 9 мұғалім жоғары санатты, бірінші санатты 4 мұғалім, санатсыз 1 мұғалім. Бірлестік мұғалімдері өз істеріне тындырымды, аса зор жауапкершілікпен қарайды.

Әдістеме бірлестігінде  жыл бойы 7 отырыс өтті. Әр отырыста арнайы тақырып бойынша жұмыс жүргізілді, күн тәртібіндегі  мәселе төңірегінде сұрақтар қаралып, талқыға салынып, өз шешуін тауып отырды. Жыл бойы  мектепішілік, қала, облыс, республика көлемінде болып жатқан іс-шараларға, семинарларға, әр түрлі оқуларға, ғылыми конференцияларға ат салысып отырды. Мұғалімдер өздерінің біліктіліктерін де жетілдіріп, үзіліссіз қарқынды жұмыс атқаруда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Идрисова Ж.Т.,Түсіпбекова К.Қ  Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында жаңартылған мазмұны бойынша курсын өтті.

Білім сапасын арттыру, түрін жетілдіру, заманауи технологиялардың әдіс - тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнін де әр түрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу абзал.
Баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс - тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педогогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығушылығы мен білім сапасын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан - жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да сапасы да өсіп келеді.


Оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер инновациялық жаңа педогогикалық технологияларды көптеп қолданып өз сабақтарында тиімді пайдаланады және әріптестерімен үнемі кеңесіп, ақылдасып, мәселе туындаса бірлесе шешіп отырады.

 «Әр халықтың тілі – білімнің кілті» демекші  мектепте  дәстүрлі Тілдер мерекесіне байланысты «Ана тілі- құламайтын бәйтерек» атты тіл онкүндігі  болып өтті. Аталмыш іс-шараның алға  қойған  мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының  әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету болатын. Апталық барысында оқушылар өздерінің қазақ тіліне деген жанашырлықтарын көрсетіп қана қоймай, жан-жақты дарынды қасиеттерін айқындап берді.

Дәстүр бойынша жыл сайын 2- 11 сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиада тапсырмалары және өткізілу тәртібі талапқа сай жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Қазақ тілінің оқытылу жағдайына келетін болсақ, осы оқу жылында жеткен жетістіктеріміз аз емес. Мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен мектепте өтілген педагогикалық және әдістемелік кеңестерде ой бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салып отырды, атап айтсам, 2015-2016 оқу жылындағы ӘБ отырысында А.Қ.Макеева «Абайтану» пәнін оқытудың мақсат, міндеттері мен ерекшеліктері туралы баяндама оқыса, бірлестік мүшесі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Идрисова Қ.Ш. әдістемелік бірлестік отырысында «Ақпараттық технологияны қазақ тілі сабақтарында қолдану тиімділігі» баяндамасымен таныстырып , қазақ тілі сабақтарында АКТ-ны тиімді қолдану жолдарымен әріптестерін таныстырып өтті. Сонымен қатар берілген тақырып бойынша Макеева А.Қ., Идрисова Қ.Ш. қала деңгейінде ашық сабақ берді. ӘБ жетекшісі Байғұлова Г.С. «Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық құзыреттілікті дамыту жолдары» атты тақырыбы бойынша мектепшілік педкеңесте тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Байғұлова Г.С. ІІІ деңгейлік базалық курс бітірген мұғалімдер арасындағы қалалық шығармашылық топта «Қазақ тілі сабақтарында критериалды бағалаудың тиімділігі» атты тақырып бойынша коучинг –семинар өткізіп, әдістемелік құрал дайындады.  Сембина М.С, Идрисова Қ.Ш, А.Қ. Макеева « Электрондық оқулық» атты облыстық шығармашылық тобына қатысып, әдістемелік құралын дайындады. Топ жетекшісі Идрисова К.Ш. Сонымен қатар Идрисова Ж.Т, Түсіпбекова К.Қ « Қазақ тілі сабақтарында АКТ-ны қолданудың тиімділігі» атты қалалық шығармашылық топ мүшелері. Интерактивті сабақ сайысына Токтарова С. Н., Байгулова Г.С, Рушанова А.Т. өз сабақ үлгілерін жіберді. Нәтижесінде Токтарова С. Н., Байгулова Г.С сертификаттың иегерлері. Халықаралық инфоурок сайтына Тоқтарова С.Н., Байғұлова Г.С. өз еңбектерін: мақала, сабақ жоспары, презентацияларын жіберіп, сертификаттарға ие болды. Республикалық КИО мұғалімдер арасындағы олимпиадасына Байғұлова Г.С. қатысып, сертификатқа ие болды.

Мектебімізде өзге ұлт ұстаздары да әр аптаның 2 күні қазақ тілін үйрету барысында дәріс алып тұруы қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйренем деген және аудармалардан өзге ұлт өкілдері ұстаздарына мұғалімдер тарапынан көмек көрсетіледі. «Тіл-достықтың құралы» атты қалалық мұғалімдер арасындағы сайысында Потетюрина Е.М өз шығармашылық қабілетін көрсетіп, дипломға ие болды. Сайысқа дайындаған мұғалім Рушанова А.Т. «Абай оқулары» мұғалімдер арасында өткізілге сайысқа А.Т.Рушанова бастауыш сынып мұғалімі Курченконы дайындаған нәтижесі- бағалы сыйлықтың иегері. Тек қана өзге ұлт мұғалімдері ғана іс-шараларға, сайыстарға қатысып қоймай, сонымен бірге оқушылар да ат салысады. «Қалижан оқулары» қалалық сайысына Поспелов А 7-ші сынып оқушысы (дайындаған мұғалім Қ,Қ.Шакимова), «Абай оқулары» қалалық сайысына Горбунов Даниил 9 б сынып (дайындаған мұғалім Қ.С.Усенова) қатысты , «Әй, жарайсын! » оқушылар арасында өтетін сайысқа Идрисова Қ.Ш мен Сакижанова А.О дайындады.

Әдістемелік бірлестікте мұғалімдердің жұмыстарын әдістемелік сайттарға, журналдарға жариялап, көптеген ұстаздар қауымына тамшыдай болса да көмек беру ісі де жолға қойылған. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің жауапкершілікпен жұмыс жасап жатқанын білдіреді.

Мектебімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жөнінде жоспарлары іс-шаралар іске асырылуда. Мектептің іс жүргізу негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кітабы, педагогикалық хаттамалар, ғылыми-әдістемелік кеңестердің, директор жанындағы отырысы т.б. талапқа сай екі тілде жүргізілуде. Сонымен қатар мектеп және ұжым мұғалімдері мемлекттік тілде газет –журналдарға да жазылуда.

Кітап қоры- жалпы саны- 43758

Оның ішінде- қазақ тілінде оқулықтар- 4884



Көркем әдебиеті- жалпы саны -16758

Оның ішінде- қазақ тілінде -2687

Барлығы: 7571

Биыл оқулық саны-1111, көркем әдебиеті- 202



Электрондық оқулық-523, қазақ тілінде-285

Биыл-7 дана



Әдістемелік әдебиет – 691, қазақ тілінде- 235

Биыл-46 дана



Мектептің ведомстволық мерзімдік баспасөз- 19

Қазақ тілінде- 10 дана

Балаларға арналған :

«Ұлан» газеті, «Айгөлек», «Балапан», «Балдырған»- журналы



Мұғалімдерге арналған:

«Ұстаздар» газеті, «Самопознание КZ», «Білім беру мекемесі басшылары», «Справочник классных руководителей» журнал.



Қоғамдық- саясаттық баспасөз

«Сарыарқа самалы», «Егемен Қазақстан» газеттері



Мемлекеттік тілді насихаттау барысында мектептің оқу-материалдық базасы нығаюда, мектеп құжаттары: кеңес хаттары, сынып журналдары, оқушылардың жеке істері екі тілде жүргізіледі, мектеп оқу жоспары қазақ тіліне аударылып жатыр, педұжымның қазақ тіліне үйрену үйірмесін бірыңғай жоспар құрастырылып, бекітіліп апта сайын өткізіледі, қазақ тілін тереңдетіп оқыту 9б сыныбы жалғастыруда.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңын, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» мемлекеттік бағдарламасын, «Қазақстан республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы», Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағадарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік құжаттардың орындалуына, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру мақсатымен мектеп ұжымы бірталай іс-шаралар атқарды.

Аудармашының жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрымжанова Орынбасар Қуатбайқызы атқарады. Орынбасар Қуатбайқызы өз жұмыс жоспарын құрастырды. Аудармашының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалды. Қалалық мұрағатпен келісілген іс номенклатурасы екі тілде жүргізіледі. Бұйрықтар кітабы екі тілде рәсімделген, оқушылардың қозғалысы жөніндегі және қызметшілердің құрамы жайлы бұйрықтар уақытында аударылады. Барлық анықтамалар қызметкерлердің, оқушылардың, ата-аналардың сұранысына қарай қазақ тілінде беріледі. Жалпы барлық құжаттар екі тілде жүргізіледі. Оқушыларды мектепке қабылдау, мектептен басқа мектепке ауысуы, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату туралы өтініштер, пед. кадрлардың жеке іс қағаздары, оқушылардың жеке құжаттарының мұқабасы екі тілде толтырылады. Кіріс-шығыс құжаттары қазақ тілінде тіркеледі. Қалалық білім беру бөлімінен келіп түсетін құжаттарға жауапты екі тілде беруге тырысамыз. Аудармашы мектеп әкімшілік кеңесінің және пед. кеңестің хаттамаларын аударып отырады. Мектептегі стендтер екі тілде әзірленген. Сонымен қатар мектепте өтетін іс-шаралар «Мемлекеттік тілді үйренеміз» атты үйірмесі өз жұмысын қыркүйек айынан бастады. Сабақ еркін және тегін өткізіледі.

Үйден оқитын оқушылар да қазақ тілін меңгеруге тырысады. Оларды оқытатын мұғалімдер: жоғары санатты- Г.С.Байгулова, А.О.Рушанова, А.К.Макеева, екінші санатты – Нұрымжанова О.Қ.

2015-16 жылдың 1-ші қыркүйегінде 2 «Ә» сыныбы, оқушылардың саны – 13, 3 «Ә» сыныбы, оқушылардың саны - 7, 4 «Ә» сыныбының оқушылардың саны 23 жалғастырып оқыды. Олар № 12, 7 кабинетте оқиды. 2 «Ә» сыныбының жетекшісі жоғары санатты мұғалім А.Қ.Егеубаева, 3 «Ә» сыныбының жетекшісі жас маман А.Қ.Сейтханова, 4 «Ә» сыныбының жетекшісі екінші санатты мұғалім Б.Төлеухан. Кабинетте ертегілер, сыныпқа арналған әр түрлі дидактикалық материалдар бар. №12 кабинет интерактивті тақтамен де жабдықталған, оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс істейді. Бұл сыныптарда басқа ұлт өкілдері- орыс, қырғыз өқиды.

Қазіргі уақытта мектепте 5 қазақ тілі мен әдебиет кабинеті жұмыс істейді. Олар: № 25, 37, 41, 42, 48 кабинеттері. Аталған кабинеттер санитарлық-гигиеналық нормаларға сай, әр кабинеттің паспорты бар. Кабинеттерде қазақ тіліндегі көркем шығармалар, ертегілер, сөздіктер, дидактикалық материалдар бар. Барлық кабинеттерде жылдық және дамыту жоспарлары құрастырылған. № 41 кабинет аудио, бейне, компьютерлік техникамен жабдықталған. А.Қ. Макеева., Г.С.Байгулова, Қ.С.Усенова, Қ.Ш.Идрисова өз сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдаланады.



Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі
сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Осылайша гуманитарлық бағытта сабақ беріп жүрген мұғалімдер үшін аса тиімді және сабақты өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Өз мақсатыма жету үшін сабақтың құрылымын, одан өзім қалай сабақ беруіме емес, оқушылардың оқу ептілігін дамыта отыра, оқушылардың қалай оқитынын назарда ұстай отыра, әр сабақта оқушылардың белсенді қатысуын, өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастыруды, бір - біріне кеңес беруді, өз алдына мақсат қоюды, алынған нәтижелерді қадағалап, идеялармен эксперимент жасап және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге баратын жеке тұлға тәрбиелеу.
Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, сонда ғана оқушылар тәуелсіз білім алады, өздігінен реттелетін болады, білім сапасы да арта түседі. Сондықтан да оқытудың әдіс - тәсілдерін шебер пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға яғни жиырма бірінші ғасырда қажеттi дағдыларды: тез тіл табысқыштық, креативтілік, аналитикалық ойлауды қалыптастыруға көңіл бөлу қажет.
Мұғалім жаңа әдіс - тәсілдерді пайдаланғанда, сыныпта ынтымақтастықты жүзеге асырып, іздену арқылы жаңадан жаңаны шығарып, логикалық ойлауды ұтымды пайдаланып отырса, бірлесе жұмыс істесе, яғни іс - әрекет пен білімді меңгерсе, өз еңбегіңнің жанғаны деп ойлаймын.

ӘБ-нің жыл бойы атқарылған жұмысы барысында кездескен қиыншылықтар да болды. Оқушыларымыз қалалық олимпиадаларға, мәнерлеп оқу сайыстарына т.б. сайыстарға қатысқанымен, жүлделі орынға ие болмады. Сондықтан, келесі 2016-2017 оқу жылына алдымызға мынадай мақсат қойып отырмыз.



Мақсаты:

  • Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.

  • Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.

  • Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу

  • Оқушыларды сайыстарға, ғылыми жобаларға қабілеттеріне қарай іріктеу.

Міндеттері:

  • Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену.

  • Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыздандыру

  • Қазақ тілінен оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.

  • Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

  • Оқушылардың ғылыми - танымдық қабілетін арттыру.

Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру

Күтілетін нәтижелер:

  • оқушыларды өз бетінше талдауға

  • өз қызметіне мақсат қоюға

  • жоспарлауға, жинақтауға

  • қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге

  • сыни тұрғыдан шешім қабылдауға

  • өзін-өзі бағалауға

  • өзін-өзі реттеуге

  • өзін-өзі түсінуге

  • өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге

  • нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға

  • өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету


Кадр потенциалы

2013-2014

2014-2015

2015-2016

13 ұстаз

13 ұстаз

14 ұстаз

жоғары санатты- 5

жоғары санатты- 7

жоғары санатты- 9

1-ші санатты- 8

1-ші санатты- 6

1-ші санатты- 4

2-ші санатты-0

2-ші санатты-0

2-ші санатты-0

санатсыз -0

санатсыз -0

санатсыз -1


Қазақ тілі мұғалімдерінің саны тұрақтылығын, өз санаттарын жыл сайын көтеретінін көремі


Каталог: files -> content
content -> «Үздік шаңғышы» «Жаңа жылдық шаңғыға»
content -> Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа Сабақтың мақсаты
content -> Оқу-тәрбие жұмысының жоспары 2016-2017оқу жылы
content -> Пәні: Қазақ әдебиеті. 8 «Қ» Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
content -> Анализ работы средней общеобразовательной школы №14 г. Павлодара за 2015 2016 учебный год
content -> Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Алты топқа бөлініп отыру. Психологиялық дайындық. 1минут
content -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз мектебі туралы білімдерін тереңдету
content -> Оқу жылына «№21 жалпы орта білім беру мектебі»
content -> Сабақтың мақсаты: а дк-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу
content -> Сабақ жоспары Сбақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет