Жалпы бөлім меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Көпшілікке арналған ойындарды, ұжымдық және ойын қарым-қатынасын өткізеді. Білім беру ұйымдарында көріністер, көңілді кештер, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырады. Сценарийлер, тақырыптық бағдарламалар әзірлеуге, балалардың ұжымдық бос уақытын өткізуге қатысады. Өткізілетін іс-шаралардың көркемдік безендірілуін, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға қатысады. Дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдайды. Балалардың мәдени-жалпы іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өрттен қорғау нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайды жасауды қамтамасыз етеді. Өзінің кәсіби біліктілігін арттырады. Ата-аналарға және оларды алмастыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлерге консультативтік көмек көрсетеді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да түрлеріне қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, білім беру және мәдени-ағарту жұмыстарының мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың басқару құжаттарын, тарих пен өнер теориясының негіздерін, ойындар мен ойын-сауықтың пайда болуы және тарихы, олардың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызметін, аудиторияны жандандырудың, ұжымдық ойынға көпшілікті тартудың, жалпы ойын-сауық іс-шаралардың драмалық құрылуының, дайындықтар мен сабақтарды жүргізудің әдістемесін, мәдени ұйымдастырушылардың озық тәжірибелерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары білімі.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени іс-шараларды ұйымдастыра білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі, балалар мен жасөспірімдердің даму деңгейін есепке ала отырып тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстардың әдістемесін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуі, оларды апробациялау жұмыстарын жүргізуі, шығармашылық топқа жетекшілік жасауы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуі, тәрбие процесінде оң нәтижелерге жетуді қамтамасыз етуі, әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіндегі техникалық және кәсіптік білім және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуі, балалар мен жасөспірімдердің ерекшелігіне байланысты олармен жұмыс істеу әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, өз жұмысында педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіндегі техникалық және кәсіптік білім және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жаңа педагогикалық технологиялар мен мақсатты бағдарламалар әзірлеуі, оларға апробация жұмыстарын жүргізуі; білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі, өз жұмысында педагогиканың озық тәжірибелерін және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдана білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіндегі техникалық және кәсіптік білім және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Аккомпаниатор
Лауазымдық міндеттері. Дайындықтар мен концерттерде вокалистер мен аспапшыларды сүйемелдейді, спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу, аэробика, шейпинг, балдық және спорттық билер бойынша спорттық жарыстарда, білім беру ұйымдарындағы әртүрлі мәдени іс-шараларда өнер көрсетуде музыкалық сүйемелдеудің кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың жеке қабілетіне қарай әр қимыл элементіне музыкалық шығарманы таңдайды, білім алушыларды ансамбльдік орындаушылыққа үйретеді.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беру, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, әртүрлі жанрдағы, стильдегі, дәуірдегі музыкалық шығармаларды, музыка тарихы мен теориясын, дайындықтар мен сабақтарды жүргізу әдістемесін, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік музыкалық білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ аккомпаниаторға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуы, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттауы, үндестіре білуі, орындаушылар репертуарын білуі, музыкалық фрагменттерді біріктіре білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: қағаз бетіне қарап басқа үндестілікке аударып сүйемелдей алуы, музыкалық шығармаларды редакциялауы, партитурадан аударуы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіптік тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуға; оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және апробациялауға қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ аккомпаниаторға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуы, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (музыкалық білім) және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар қағаз бетіне қарап басқа үндестікке аударып сүйемелдеуі, музыкалық шығармаларды редакциялауы және партитурадан аударуы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіптік тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуін, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуы, әдістемелік жұмыстармен айналысуы, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды апробациялауға қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Концертмейстер
Лауазымдық міндеттері. Жалпы, арнайы және бейіндік пәндердің оқытушыларымен бірлесіп, тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді. Оқушылардың орындаушылық дағдыларын, ансамбльде ойнау дағдыларын қалыптастырады, олардың көркемдік талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелік қабылдауын кеңейтуге және шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді. Жеке және концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді. Сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), көрсетілімдерде (спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу бойынша спорттық жарыстарда) музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Ноталарды парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды үндестіреді. Тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды (жалпы, арнайы, бейінді пәндер) әзірлеуге қатысады. Білім беру процесінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен жасерекшелік психологиясының негіздерін, дидактиканың принциптерін, сабақ және дайындық жүргізу әдістемесін, жалпы және жеке оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерін, әртүрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы музыкалық шығармалардың фрагменттерін біріктіру, оларды редакциялау және дәстүрлі түрде орындай білу, білім алушылардың жеке дене ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қимыл элементтеріне музыканы таңдау, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (музыкалық).
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқи білуі, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерізімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: қағаз бетінен оқып басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуі, музыкалық шығармаларды редакциялауы және партитурадан аударуы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауы, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ноталарды қағаз бетінен тез оқи білуі, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (музыкалық) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар қағаз бетінен оқып, басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуі, музыкалық шығармаларды редакциялауы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік музыкалық білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, әдістемелік жұмыстармен айналысуға, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды апробациялауға қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік музыкалық білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жүзу және дене тәрбиесі нұсқаушысы
Лауазымдық міндеттері: Дене тәрбиесі нұсқаушысы: дене тәрбиесі бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес балаларды оқыту жұмысын жүргізеді. Балардың жас ерекшегілігін, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың міндеттері мен мазмұнын анықтайды. Балаларға дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын үйретеді, олардың бойында рухани-жігер қасиеттерін қалыптастырады.
Дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шаралар өткізу барысында балалардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Үнемі санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды.
Медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемесін реттейді. Балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Салауатты өмір салтын насихаттайды. Тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің ата-анасымен тығыз байланыста болады. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
Жүзу нұсқаушысы: Бағдарламаға сәйкес сабақ жүргізеді. Мектепке дейінгі жасы кішкентай балаларды көп мөлшерлі судан қорықпауға үйретеді (арнайы ойындар, сабақтар арқылы), ал орта мектепке дейінгі жастағы балаларға әртүрлі жүзу әдістерін үйрете бастайды (кроль, брасс, «дельфин»). Балалардың суда жүзу кезіндегі қауіпсіздігіне толық жауап береді. Медбикемен бірлесіп бассейіннің гигиеналық жағдайын бақылайды. Суға түсу кезінде және жүзудің алдында бассейнді тексеріп, білім алушылардың денсаулығына зиян келтіретін заттарды алып тастайды. Балаларды шешіндіру және душ қабылдау кезінде көмектеседі және оларды гигиена талаптарын қатаң сақтауға үйретеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалайды. Қауіпсіздік техникасын бойынша нұсқаулық жүргізеді. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» және білім беру, дене тәрбиесі мен спорт мәселесі жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, жас ерекшеліктер физиологиясын, анатомия, мектеп гигиенасын, спорттық ғимараттарда және снарядтарда сабақ өткізу әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін, әр жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін, суда жүзу тәртібі, дене шынықтыру-сауықтыру шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптарын, бағдарламалар мен оқулықтарды, оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары, санитарлық қағидалар мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегіі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім (бакалавр) немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, балалардың дене тәрбиесіне және балалармен спорттық жарыстар өткізуге арналған жеке әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәжірибелік жұмыс қабілеттерінің бар болуы, балалармен жұмыс істеудің жаңа бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, балалардың дене тәрбиесіне және балалармен спорттық жарыстар өткізуге арналған жеке әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстарды өткізу дағдысының болуы, балалармен сабақ өткізудің жаңа бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері
Лауазымдық міндеттері. Барлық типтегі және түрдегі балаларға қосымша білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ұйым) әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. Білім беру процесінің нәтижесін ұйымдық-әдістемелік алып жүруді, талдауды және бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені топтастырып, таратуды қамтамасыз етеді. Педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби жетілуіне көмек береді. Ұйымдардағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді. Әдістемелік және ақпараттық материалдар әзірлеуге, диагностика жасауға, педагог кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды болжауға және жоспарлауға қатысады. Ұйымның педагог қызметкерлеріне қосымша білім берудің оқу бағдарламасының мазмұнын, нысанын, әдістері мен оқыту құралдарын анықтауға, ұйымның білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Балаларға қосымша білім беру ұйымындағы білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Білім беру процесіне арналған оқыту-әдістемелік құжаттамалар мен құралдарды, жабдықтардың үлгілік тізбелерін, дидактикалық материалдарды және т.б. әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Ұйымның эксперименталдық жұмысының нәтижесін талдайды және жинақтайды. Педагог қызметкерлердің мейлінше инновациялық, нәтижелі тәжірибелерін жинақтайды және тарату шараларын қабылдайды. Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, оларға тиісті қызмет ету бағыты бойынша консультативтік және практикалық көмек көрсетеді. Қызметкерлердің тиісті бағыттары бойынша олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға арналған тапсырыстың перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады. Балаларға қосымша білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы оқыту және тәрбиелеу технологиялары, отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты қорытындылайды және таратады. Конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттама әзірлеп, ұйымдастырады. Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-аналитикалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелендіруді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, сараптауға, қолданыстағысын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттама әзірлеуге қатысады.
Білім беру ұйымының педагогикалық және өзге де кеңестерінің жұмысына, сондай-ақ әдістемелік бірлестік қызметі мен әдістемелік жұмыстың өзге де түріне қатысады. Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережені орындайды. Білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының білімін дамытудың басым бағыттарын, дидактика принциптерін, педагогиканың, жас ерекшелік психологиясының негіздерін, білім беру процесін немесе қызмет бағытын әдістемелік қамтамасыз ету принципін, білім беру ұйымындағы білім беру процесін ұйымдастыру жүйесін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды, оқу жабдықтары мен басқа да оқу-әдістемелік құжаттаманың үлгілік тізбелерін әзірлеу принципі мен тәртібін, педагогикалық жұмыстың элективті нысандары мен әдістерін анықтау, топтастыру және тарату әдістемесін, ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және мазмұны принципін, баспалармен жұмыс жүргізу негіздерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін, аудиовизуалды және интерактивтік оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларын, құзыреттілік қатынасты іске асыру, даулы жағдайлардың себебін диагностикалау технологиясы, олардың алдын алу және шешу жолдары, экология, экономика, әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактор, электрондық кестелер, электрондық пошта және браузерлер, мультимедиялық құралдар жұмысының негіздерін, еңбек заңнамаларын, білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім (бакалавр) немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім, білім беру жүйесіндегі педагогикалық жұмыс өтілі немесе тиісті бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл және жарияланған әдістемелік материалдарының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |