Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары



бет68/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

5-параграф. Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары

      243. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының педагогтік ұжымы қызметін кәсіптік оқыту бойынша ұйымдастырылуын және үйлестірілуін жүзеге асырады.

      Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

      Техникалық, қызмет көрсетуші және басқарушы еңбек мамандарының кәсіптік даярлауын, қайта даярлауын және біліктілігін арттыруын ұйымдастырады.

      Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады.

      Әлеуметтік серіктестіктермен жұмысты үйлестіреді. Әлеуметтік серіктестіктермен жасалған келісім-шарттарды әзірлейді және іске асырылуына жауап береді.

      Кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп жүргізетін эксперименттік жұмысты ұйымдастырады, бақылайды және талдайды.

      Бітіруші курстардың білім алушыларының біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады. Кәсіптік оқыту және оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін тәжірибеге енгізу жөнінде педагогтік тәжірибені айқындайды, жалпылайды және таратады.

      Оқу-материалдық базаларды сақтау және толықтыру, есепті қамтамасыз ету бойынша жұмысты, шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады.

      Белгіленген есептілік құжаттарының уақытылы құрастырылуын қамтамасыз етеді.

      Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

      244. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

      педагогика және психология негіздерін,

      қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;

      басқарудың инновациялық әдістерін;

      экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін;

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

      245. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес немесе кемінде 3 жыл білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін, кәсіби қайта даярлаудың болуы;

      "басшы" (санат жоқ), "үшінші санатты басшы", "екінші санатты басшы", "бірінші санатты басшы" біліктілік санатының болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет