Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары



бет70/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ
М-31 Сабитбекова Камшат әдебиеттік оқу 3-сынып 23.02.21, Исаева Зарина10 апта, 1 ИА ОШ -Алгебра 9-класс каз-—-копия-—-копия (1)
7-параграф. Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары

      249. Лауазымдық міндеттері: Оқу-өндірістік жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді.

      Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады.

      Оқу сабақтарының кестесін жасауға қатысады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады

      Белгіленген есеп беру құжаттамасының уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.

      Өндірістік оқыту кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыруды ұйымдастырады.

      Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады.

      Кәсіптік-техникалық цикл сабақтары мен пәндері бойынша әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік комиссияның және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді.

      Өндірістік оқытудың аға шеберінің, өндірістік оқыту шеберінің, өндірістік, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшісінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын талдайды.

      Білім беру ұйымдары түлектерінің қорытынды біліктілік емтихандарын және кәсіптік шеберлік конкурстарды ұйымдастыруын және өткізуін жүзеге асырады.

      Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді.

      Оқу-материалдық базалардың есебін қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру бойынша жұмысты, санитариялық-гигиена режимдері, шеберханаларда және өндірісте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастырады.

      Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

      Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

      250. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

      педагогика және психология негіздерін,

      қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;

      басқарудың инновациялық әдістерін;

      экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін;

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

      251. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл немесе педагогикалық қайта даярлаудың болуымен білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін кәсіптік кәсіпорындарда (ұйымдарда) басшылық қызметте кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет