Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының оқу жұмысы бойынша басшының орынбасары (директор)



бет25/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

2-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының оқу жұмысы бойынша басшының орынбасары (директор)

      89. Лауазымдық міндеттері: оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз етеді.

      Білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды және перспективалық болжауды ұйымдастырады.

      Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды.

      Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді үйлестіреді.

      Білім беру процесінің сапасын және білім алушылардың білім беру дайындығының нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады.

      Білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады.

      Оқу сабақтарының және оқу қызметінің басқа да түрлерінің кестесін жасайды.

      Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

      Қорытынды аттестаттауды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды.

      Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізеді.

      Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлайды.

      Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады, олардың біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұйымдастырады.

      Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін дайындауға және өткізуге қатысады.

      Оқу зертханалары мен кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру бойынша жұмысты үйлестіреді.

      Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды, белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы құрастырылуын, дұрыстығын және тапсырылуын жүзеге асырады.

      90. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика және психология негіздерін,

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

      арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын,

      тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі халықаралық тәжірибені,

      экономика негіздерін,

      еңбекті қорғау, санитарлық ережелер мен нормаларды.

      91. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе басқа да кәсіби педагогикалық білімі немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі; педагогикалық жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес.

      оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер санаты болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет