Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)



бет31/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

8-параграф. Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)

      110. Лауазымдық міндеттері: Әр баланың жеке басын дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділігін зерттейді.

      Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмыс жүргізеді.

      Тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын, олардың үй тапсырмаларын дайындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады.

      Оларға оқуға, бос уақытын ұйымдастыруға және қосымша білім алуға көмек көрсетеді.

      Сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді.

      Тәрбиеленушілердің жасын ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Медициналық қызметкерлермен бірлесіп тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шаралар өткізеді, олардың ұйымда болған уақытында балалардың өмірі мен денсаулығына жеке жауап береді.

      Топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, оқу жабдықтарының, ойыншықтардың есебін жүргізеді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды жүргізеді және айқындайды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін қажетті жағдайлар жасайды, балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін талдауды жүргізеді.

      Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын және тапсырылуын қамтамасыз етеді.

      "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

      Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

      Аға тәрбиешінің міндеттерін орындау кезінде тәрбиешілердің жұмысына басшылық жасайды.

      Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді.

      111. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика мен психология негіздерін,

      педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

      менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,

      қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

      112. Біліктілік талаптары:

      тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты; тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер үшін кемінде 6 жыл.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.

      113. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог – модератор":

      педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      тұлғаға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу технологияларын білу,

      білім беру ұйымының әдістемелік топтарының,

      озық тәжиребе мектебінің жұмысына қатысу,

      өз жұмысында озық тәжіребелерді қолдануға тиіс.

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      тәрбиеленушінің жасын ескере отырып, сараланған тәсілді қолдану арқылы өз бетімен әдістеме жасай білу,

      тәрбие жұмысын талдау тәсілдерін білу,

      шығармашылық семинарларды басқару,

      диагностикалық жұмысты ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.

      3) "педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      жаңа педагогикалық технологияларды жасау,

      эксперимент жұмыстарды, жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу, оның апробациясы бойынша жұмысты жүргізу,

      ғылыми зерттеушілік жұмыстың тәсілдерін білу,

      озық педагогикалық тәжірибені тарату, оның әдістемелік ұсынысын немесе ғылыми басылымдарын жариялау,

      тәрбие аймағында өзекті мәселелерін дамыту бойынша шығармашылық топтарын басқара білуі тиіс.

      4) "педпгог-шебер":

      педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      жаңа педагогикалық технологияларды жасау, эксперимент жұмыстарды,

      жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу, оның апробациясы бойынша жұмысты жүргізу,

      ғылыми зерттеушілік жұмыстың тәсілдерін білу,

      озық педагогикалық тәжірибені тарату, оның әдістемелік ұсынысын немесе ғылыми басылымдарын жариялау,

      тәрбие аймағында өзекті мәселелерін дамыту бойынша шығармашылық топтарын басқара білуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет