Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының әлеуметтік педагогы



бет29/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

6-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының әлеуметтік педагогы

      102. Лауазымдық міндеттері: жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

      Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

      Білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады.

      Тәрбиеленушілердің патронаты, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

      Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

      Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Өңірдегі балалардың өмір сүру жағдайын зерттеу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, олардың әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін, қиындықтар мен проблемаларды, даулы жағдайларды, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды.

      Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

      Отбасына орналастыру мақсатында органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жолымен олардың әлеуметтік мәртебесін растау үшін тәрбиеленушілердің құжаттарын дайындауды жүзеге асырады.

      "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

      Тәрбиеленушілердің мәртебесі бойынша жұмыс жүргізеді, олардың мәртебесі бойынша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне (бұдан әрі – республикалық деректер банкі) өзгерістер енгізеді.

      Республикалық деректер банкінде болу кестесін уақтылы толтырады.

      Республикалық деректер банкінде бала асырап алуға үміткерлердің танысу не оның болмауы, екі апталық қарым-қатынас жасау фактілерін растайды.

      103. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңдарын

      әлеуметтік саясат негіздері; психология, валеология және әлеуметтік гигиена негіздері;

      әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелер;

      тәрбие жұмысының әдістемесі, педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары;

      әлеуметтік-педагогикалық жұмысты талдау мәселлері бойынша нормативтік құқықтық актілерді.

      104. Біліктілік талаптары:

      жоғары педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) жоғары білікті деңгейі болған жағдайда педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер лауазымындағы кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

      105. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог – модератор":

      педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      озық тәжірибелерді зерттеу, оны тәжірибеде қолдану,

      оқу-тәрбие жұмысына талдау жүргізе білу,

      білім беру ұйымының әдістемелік топтарының жұмысына қатысуы тиіс;

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      озық тәжірибелерді зерттеу, оны тәжірибеде қолдану,

      оқу-тәрбие жұмысына талдау жүргізе білу,

      білім беру ұйымының әдістемелік топтарының жұмысына қатысуға тиіс;

      3) "педагог-зерттеуші":

      педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      тәжірибелік жұмысының тәсілдерін білу,

      әлеуметтік тәжибелік бағдарламаларын, педагогикалық технологияларын жасау, оның апробациясын жүргізу,

      әлеуметтік педагогиканың мәселелері бойынша тәжиребелік топтарды басқара білуі тиіс.

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеушіге" қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      тәжірибелік жұмысының тәсілдерін білу,

      әлеуметтік тәжибелік бағдарламаларын,

      педагогикалық технологияларын жасау, оның апробациясын жүргізу,

      әлеуметтік педагогиканың мәселелері бойынша тәжиребелік топтарды басқара білуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет