Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


(орыс, шет тілі) тілінің мұғалімі



бет4/10
Дата30.01.2017
өлшемі2,69 Mb.
#8331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

(орыс, шет тілі) тілінің мұғалімі

Лауазымдық міндеттері: қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі балалардың оқуын Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сай, оқытылатын тіл ерекшелігін ескере отырып жоспарлайды және ұйымдастырады.

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, олардың мемлекеттік (орыс, шет тілін) тілді меңгеруіне барлық жағдайды жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында тіл мәдениетін қалыптастырып, тілге деген қызығушылығын оятып, жеке қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Оқытудың түрлі тәсілдері мен нысандарын, әдістерін жүйелі түрде қолданады, инновациялық технологияларды пайдалана біледі. Жоспарлау барысында ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарап, бағдарламалық материалдарды жас ерекшелігіне қарай қолайлы етіп өзгерте біледі. Авторлық және баламалы бағдарламаларды, әдістемелік нұсқаулықтарды өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып өңдей біледі. Компьютерді жақсы біледі және ақпараттық коммуникцияны меңгерген.

Балалардың ұйымда білім алуына және түрлі іс-шараларда белсенділігін танытады, өзінің кәсіби құзыретін жүйелі түрде жоғарылатады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың денсаулығы мен өміріне жауапкершілік танытады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексін, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім берудің дамуы мен бағыттарын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік білім берудің стандартын, педагогика және психология негіздерін, балаларды қорғау және денсаулығын сақтаудың нұсқаулық талаптарын, өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормалары және қауіпсіздік техникасын, санитариялық ережелер, дәрігерге дейінгі медициналық көмек берудің негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық, техникалық және кәсіптік «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша білімі.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: «Қазақ (орыс, шет тілі)» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім;

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғаліміне қойылатын талаптарға жауап беруі, қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті пәні мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық білімі, «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық білімі, «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

«Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі және мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

«Қазақ (орсы, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі және мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғаліміне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларға тілді оқытудың инновациялық әдістерін қолдана білуі тиіс сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

Дене шынықтыру (жүзу бойынша) нұсқаушы

Лауазымдық міндеттері: балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау функциясы қызметін атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, дене шынықтыру бойынша оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады.

Дене тәрбиесінен инновациялық технологиялық және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын оқып білумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерді жақсы біледі және ақпараттық коммуникацияны меңгерген.

Дене шынықтыру-салауатты ортаны дамытуға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірге, сондай-ақ, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен түрлі спорттық және сауықтыру іс-шараларын жүзеге асырады. Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайды. Арнайы медициналық топқа жатқызылған балалармен қосымша сабақтар өткізеді.

Оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының есептілігі бойынша белгіленген құжаттарды жүргізеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «ҚР бала құқықтары», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, дефектология негіздерін және тиісті әдістемелерді (кемтар балалармен жұмыс істеу барысында), санитария және гигиена негіздерін, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогикасын, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін, санитариялық ережелерді.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман:

«Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша жоғары немесе кәсіптік білім; біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: мектепке дейінгі ұйымының дене тәрбиесі нұсқаушысына қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар дене тәрбиесіне оқытудың қазіргі заманғы әдістерімен оқыту.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Дене тәрбиесі» мамандығы жоғары педагогикалық немесе кәсіптік білімінің болуы және дене тәрбиесі нұсқаушысы қызметінде кем дегенде 2 жылдан астам жұмыс өтілі болуы тиіс.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты дене тәрбиесі бойынша нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін білуі және салауатты ортаны қалыптастыруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары біліктілік деңгейінің талаптарына сай болуы, «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық немесе кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі керек, сонымен қатар: өзінің шығармашылық іс тәжірибесі, ізденістері мен мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі бойынша өзіндік ерекше әдістері болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары біліктілік деңгейінің талаптарына сай болуы керек, «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық немесе кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: мектеп жасына дейінгі ұйымның дене тәрбиесі нұсқаушысына қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі және мектепке дейінгі ұйымның дене тәрбиесі нұсқаулығы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты дене тәрбиесі бойынша нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманғы әдістерін, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін білуі және салауатты ортаны қалыптастыруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі және дене тәрбиесі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілінің 3 жыл болуы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты дене тәрбиесі маманына қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар өзінің шығармашылық іс тәжірибесі, ізденістері мен мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі бойынша өзіндік ерекше әдістері болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі және дене тәрбиесі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілінің 5 жыл болуы тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының дефектолог мұғалімі,


логопед мұғалімі

Лауазымдық міндеттері: Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерге психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың құрылымы мен байқалу деңгейін анықтайды. Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, тәрбиеленушілермен топта және жеке жұмыс істеп, бұзылған функцияларын қалпына келтіріп, баланың әлеуметтік ортаға қалыптасуына көмек береді.

Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарға, ата-аналарға немесе олардың орнына қараушы адамдарға арнайы әдістерді қолдануда кеңес беріп, көмек берудің жолдарын қарастырады.

Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай алуан түрлі әдістерді, формаларды пайдалана отырып тұлғаның жалпы мәдениетінің дамуына әсер етеді. Арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.

Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгеруі тиіс.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.

Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Білім туралы» ҚР заңы, «Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасы Жемқорлыққа қарсы күрес», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңдарын және білім берудің болашағы мен бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, балалар үшін өмірінің қиын жағдайларында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, жас ерекшеліктерін және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және емдік негіздерін, кәсіби және тәжірибелік қызметтер мәселелері бойынша құжаттамалық-әдістемелік әдебиеттерді, дамуында кемшілігі бар тәрбиеленушілермен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттерді, дефектологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін, еңбекті қорғау, техникалық қәуіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормаларын мен ережелері және санитариялық қағидаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектолог» мамандығы, «Логопед» мамандануы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: «Дефектология», мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе «Дефектология», мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ дефектолог мұғалімге, логопед мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуді, озат тәжірибені білу, оны тәжірибеде пайдалану, тәрбиеленушілердің жалпы тұлғалық мәдениетін қалыптастыруда мониторинг және талдау жасаудың дағдыларын, олардың әлеуметтілігін білу, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша жоғары педагогикалық білім несесе «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, дефектолог мұғалім (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты дефектолог мұғалімге, логопед мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбиеленушілерді оқыту барысында дамуында ауытқуы бар балаларды барынша түзетуге бағытталған әдістерді талдай білуі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, озат педагогикалық тәжірибені енгізуді, дефектологияның қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі, оларды қолдану құқығын беретін сертификатының болуы, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу, өзінің кәсіби құзыреттілігі аясында теориялық және тәжірибелік білімді меңгеруі.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе «Дефектология» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім және дефектолог мұғалім (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты дефектолог мұғалімге, логопед мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, жаңа бағдарламаларды әзірлеуі және оны сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі, арнайы педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топқа жетекшілік ету, өзінің кәсіби құзыреттілігі аясында теориялық және тәжірибелік білімді меңгеруі.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім және дефектолог мұғалім (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болған жағдайда дефектолог мұғалім (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагог-психологы

Лауазымдық міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік саласының үйлесімділігіне себін тигізеді және әлеуметтік бейімделе алмаушылық туындауы профилактикасы бойынша алдын алу шараларын жүзеге асырады.

Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді.

Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларды бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды. Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға қатысады, балалардың өмірдегі әртүрлі жағдайларда бағдарлануға дайындығын дамытуға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі шығармашылық жағынан дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына көмектеседі.

Педагогикалық, әдістемелік кеңестер жұмыстарына, ата-аналар жиналысы, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да шараларға қатысады. Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі бар. Өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс техникасын сақтайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Білім туралы», "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Қазақстан Республикасы тіл туралы», "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" «Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді, жалпы психологияны, педагогикалық психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен дифференциалдық психологияны, балалар мен жас ерекшеліктер психологиясын, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы, дефектология, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика негіздерін, қарым-қатынас жасау әдістерін, әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әдістерін, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультация берудің қазіргі заманғы әдістерін, баланың қалыпты және аномальді дамуын диагностикалау және түзетуді, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелерін және санитариялық қағидаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, қазіргі заманғы психологиялық әдістерді меңгеруі, мектепке дейінгі жастағы балалармен нақты психологиялық жұмыс жасаудағы басымдықтарды айқындай алуы, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың жаңа технологияларын дайындауға қатысуы, білім беру ұйымдарында озық психологиялық-педагогикалық тәжірибені меңгеру бойынша әдістемелік семинар жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім, педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі екінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен әртүрлі психологиялық жұмыстарды атқаруы, үнемі өзінің біліктілігін арттыруы, озық тәжірибені игеру бойынша семинарларға жетекшілік етуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім және педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі бірінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша жаңа психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеуі тиіс және педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру


Білім беру ұйымының директоры

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Республикалық әскери мектеп-интернат, облыстық кадет мектеп-интернаттың бастығы (директорына) қосымша білуге міндетті:

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Ескерту: Республикалық әскери мектеп-интернат, облыстық кадет мектеп-интернаттың бастығына (директорына) қойылатын талаптар: жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болуы, сондай-ақ жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білімі болуы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ, қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.

Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрастырады.

Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында пәндік әдістемелік бірлестіктер мен эксперименттік жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды және талдау жасайды. Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттаудан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Білім беру ұйымы директорының



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет