Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


және жалпы орта білім беру жүйесінің, интернаттық және қосымша



бет3/10
Дата30.01.2017
өлшемі2,69 Mb.
#8331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

және жалпы орта білім беру жүйесінің, интернаттық және қосымша
білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға
теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы

Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.12.2013 № 512 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының
басшысы (меңгерушісі)

Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының әдіскері

Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Оқу, оқу-тақырыптық жоспарларын және пәндер мен оқу курстары бойынша бағдарламаларды құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады, білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және жас топтары бойынша сабақтар ретін құрады. Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді. Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен, ойындармен жинақтауды ұйымдастырады.

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды. Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша консультациялар, конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады, оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді. Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.

Балалардың білімдеріне, іскерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды. Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу бойынша ұсыныстар енгізеді. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, дидактика принциптерін, педагогика мен жас ерекшеліктер психологиясының негіздерін, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеу принциптері мен тәртібін, педагогикалық жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтауды, жинақтау және енгізуді, балалардың медициналық-психологиялық-педагогикалық және жас ерекшелік анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және жүйке-психикалық қызметін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, оқытудың аудиовизуалды және интерактивті құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары, техникалық және кәсіптік педагогикалық білім және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Санаттар бойынша біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және МДҰ тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және МДҰ әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МДҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МДҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі

Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады. Музыка аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген. Музыка бойынша сабақтарды, балалар мерекелерін және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді, музыкаға әуес дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.

Балалармен ойын әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеудің озық тәжірибелерін енгізеді. Балаларды музыка бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңестер береді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясын, жас ерекшеліктер физиологиясы мен гигиенасын, балалардың жеке даму ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы балалардың музыканы қабылдау мүмкіндіктері және моторикасын, жан дүниесін, балалар репертуарының музыкалық шығармаларын білуі, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, музыкалық аспаптарда шебер ойнауды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін, еңбек заңнамаларының негізін, еңбекті қорғаудың, техникалық қауіпсіздіктің, өртке қарсы қорғаныстың нормасы мен ережесін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі (музыкалық, педагогикалық) білім.

Санаттар бойынша біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білім;

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білімінің болуы және мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білімі болуы, музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе жоғары (музыкалық) білімі, музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және МДҰ-ның музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісі

Лауазымдық міндеттері. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді.

Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды. Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды; жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды. Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, жеке санитария мен гигиенаны, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогика негіздерін, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техникасын, санитариялық ережелерді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының тәрбиешісіне қойылатын талаптарға жауап беруі, осы лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы диагностикалық құралдарды меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы әдістерді ізденуі, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде жеке өзіндік әдістерді болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі бірінші деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық немесе техникалық кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуындағы диагностика элементтерін меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беру, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуде заманауи әдістерді және инновациялық технологияларды қолдану мақсатындағы ізденістерді жүзеге асыру тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымы тәрбиешісінің
көмекшісі

Лауазымдық міндеттері: Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, тәрбиеленушілердің тіршілік іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымға келген уақыттан бастап оларға күтім жасайды (киінуге, шешінуге, жууынуға, тамақтануға, төсекке жатқызуда көмек көрсетеді, емдік-профилактикалық іс-шараларға бірге барады, тәрбиешінің жетекшілігімен балаларды қыдыртады, өндірістік қажеттілікке байланысты тәрбиеші болмаған аз уақыт кезеңінде кіші бөлімдер бойынша сабақ өткізу уақытында балаларға қарайды). Балалардың денсаулығына және өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Педагогикалық, түзету-білім беру, оңалту процестеріне қатысады (егер мүгедек балалардың өз еркімен қимылдауы денсаулығына байланысты шектелген жағдайда олардың сабақ оқуына көмектеседі). Балаларға санитариялық-гигиеналық күтім көрсету бойынша, сонымен қатар мүгедек балаларға орнынан қозғалту және өз-өзіне қызмет ету кезінде шұғыл іс-шаралар кешенін жүзеге асырады; олардың күн тәртібінің сақталуын бақылайды.

Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың психофизикалық дамуын ынталандыруға бағытталған тәрбиешінің ұсыныстарын орындайды. Санитариялық-гигиеналық ережемен белгіленген бекітілген ғимараттың санитариялық жағдайының сәйкестігін қамтамасыз етеді. Топтағы құрал-жабдықтардың және жиһаздардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық және медициналық қызметкерлермен тәрбиелік білім беру және сауықтыру жұмыстармен қамтамасыз ету бойынша өзара қызмет атқарады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, санитарияның және гигиенаның негіздерін, жас ерекшелігі психологиясы мен педагогикасын, ғимаратты, құрал-жабдықтарды, жиһаздарды ұстау бойынша санитариялық-гигиеналық нормаларды, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) немесе орта білім.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының қазақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет