Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет8/10
Дата30.01.2017
өлшемі2,69 Mb.
#8331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қосымша білім беру педагогы

Лауазымдық міндеттері: Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар бірлестіктерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзiмiнде сақтау шараларын қолданады. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтың жоспары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.

Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдарын және әдістерінің педагогикалық негізделген таңдауын қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, тұлғаның адамгершілік рухани дамуына, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды. Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына қатысуын (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар және т.б.) ұйымдастырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады. Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Ата аналары мен олардың орнын басатын тұлғаларға және педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі. Әдістемелік бірлестіктер мен басқа да әдістемелік жұмыс нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.

Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын мен Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», "Қазақстан Республикасының тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары және бiлiм беру қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының бiлiм беруді дамытудағы басым бағыттарын, дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін әдiстемелiк қамтамасыз ету қағидаттарын, тәрбие жұмысын, тиімді, сараланған, дамытуды оқытудың, құзыреттілік тәсілдерін іске асырудың сенімділік, өз ұстанымын дәлелдеудің, әртүрлі жастағы білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен, оларды ауыстыратын тұлғалармен, жұмыстағы әріптестермен байланыс жасау әдістемесін, жанжал жағдайларының себептерін сараптау технологияларын, педагогикалық технологиялар диагностикасын, дербес компьютермен, электронды пошта және браузерлермен, мультимедиалық жабдықтармен жұмыс істеу негіздерін, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің немесе үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес техникалық және кәсіптік бiлiм, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, зерттеу, эксперименттік жұмыстары дағдаларын меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмыстарды жүргізе білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалары ұжымын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі немесе тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейлі бiрiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагогқа қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, педагогикалық басылымдарда әдiстемелiк жарияланымдардың болуы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: тиісті бейіні мен балалар бірлестігі бойынша жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты қосымша білім беру педагогына қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар: халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе балалар бірлестігінің тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі санатсыз педагогке қойылатын талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдаларын меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмысты жүргізе білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеруі, облыстық көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сонымен қатар халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.

Ұйымдастырушы педагог

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы білім алушыларының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігін, мүдделерін және қажеттілігін зерделейді және тұрғылықты жері бойынша оларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның талантын, ойлау және дене даму ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, әуесқой бірлестіктердің жұмыстарын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметтерін ұйымдастырады. Мына бағыттардың біріне жетекшілік етеді: ғылыми-техникалық, көркемдік-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы да басқа.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу үшін баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді. Кештерді, мерекелерді, саяхаттарды, экскурсияларды, балалардың каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың бос уақыт, демалыс, ойын-сауық саласындағы маңызды әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды. Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын мен Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да құқықтық нормативтік актілерді, жас ерекшелігі мен арнайы педагогика және психология, физиология, гигиена мәселелерін, білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін дамыту ерекшеліктерін, олардың шығармашылық қызметтерінің, таланттарды іздеу және қолдау әдістерінің негіздерін, тәрбие жұмысының әдістерін, оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын, балалар ұжымдары, ұйымдары мен қауымдастықтар қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнама негіздерні, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша жоғары кәсіптік білімі.

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын меңгеруі, тәрбиелеу процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, әдістемелік бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі, балалар мен жасөспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше білуі, жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі; әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.

біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман:

жұмыс өтілісіз педагогикалық бейінінің техникалық және кәсіптік білімі.

біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын меңгеруі, тәрбиелеу процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, әдістемелік бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеруі, балалар мен жасөспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу әдістемесін өзбетінше білуі, жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі, білім беру саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік етуі, өз жұмысында оқыту мен тәрбиелеудің озық педагогикалық тәжірибесін және инновациялық технологияларын пайдалануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі және педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Әлеуметтік педагог

Лауазымдық міндеттері: Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмірлік жағдайын, зерделейді, білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалдық жағдайын, мінез-құлық ауытқуларын анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді. Баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін, міндеттерін, нысандарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістерін анықтайды, білім алушы балалардың жеке құқығы мен еркіндігін іске асырудағы әлеуметтік қорғау мен көмек бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, балалар және мекемелер, отбасылар, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту мен әлеуметтік қорғау бойынша және қоғамдағы өмірге жеке тұлғаны бейімдеуді қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды патронатқа алу, тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамту бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың талантын, ойлау және дене мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасайды. Әлеуметтік ортада ізгілікті, адамгершілікті, дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Мұғалімдермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара әрекеттеседі. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарындағы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат, жалпы және әлеуметтік педагогика, педагогикалық, әлеуметтік, жасерекшелік және балалар писхологиясы негіздерін, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалау әдістерін, тәрбие жұмысы әдістемесін, педагогикалық ғылымды дамытудың, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды талдау және бағдарламалаудың негізгі бағыттарын, еңбек туралы заңнамалар негізі, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін сақтау нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша жоғары білімі.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ әлеуметтік педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар озық тәжірибені зерделеуі, оны практикада қолдануы, оқу-тәрбие жұмыстарын талдау дағдыларының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейіні бойынша жоғары білімі және әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәрбиелеу жұмыстарын талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларға жетекшілік ете білуі, озық тәжірибені қолдануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және әлеуметтік педагог лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологияларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік ете білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.

Музыка жетекшісі

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес тәрбиеленушілердің музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асырады. Музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби шеберлікпен меңгереді. Музыкалық және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; балалармен дербес жұмыстар жүргізеді, музыкалық жағынан дарынды балаларды анықтайды.

Дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады. Балалармен ойын жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады, әртүрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеу практикасына озық тәжірибелерді енгізеді.

Ата-аналар мен тәрбиешілерге балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер береді. Тәрбиеленушілердің музыкалық жетілуін бақылап отырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексі, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әр кезеңдегі музыкалық туындылар, стиль мен жанр, дәрістер мен репетициялар өткізу әдістемесін, педагогика мен психология негіздерін, әр жастағы баланың музыкалық қабылдауы, эмоциясы, моторикасы және музыкалық қабілетін, балалар репертуарының музыкалық шығармалары, музыкалық тәрбиелеудің әдістемесін, музыка аспаптарын кәсіби орындау, дәрігер келгенге дейінгі медициналық көмек негіздерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін сақтау нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білімі.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары музыкалық білімі және музыка жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі, баланың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының элементтерін білуі, баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білімі және музыка жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолданудың өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білімі және музыка жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: музыка жетекшісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімі және музыка жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балалардың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының элементтерін білуі, баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімі және музыка жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімі және музыка жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жалпы бөлім меңгерушісі

Лауазымдық міндеттері: Көпшілікке арналған ойындарды, ұжымдық және ойын қарым-қатынасын өткізеді. Білім беру ұйымдарында көріністер, көңілді кештер, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырады. Сценарийлер, тақырыптық бағдарламалар әзірлеуге, балалардың ұжымдық бос уақытын өткізуге қатысады. Өткізілетін іс-шаралардың көркемдік безендірілуін, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға қатысады. Дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдайды. Балалардың мәдени-жалпы іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өрттен қорғау нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайды жасауды қамтамасыз етеді. Өзінің кәсіби біліктілігін арттырады. Ата-аналарға және оларды алмастыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлерге консультативтік көмек көрсетеді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да түрлеріне қатысады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, білім беру және мәдени-ағарту жұмыстарының мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың басқару құжаттарын, тарих пен өнер теориясының негіздерін, ойындар мен ойын-сауықтың пайда болуы және тарихы, олардың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызметін, аудиторияны жандандырудың, ұжымдық ойынға көпшілікті тартудың, жалпы ойын-сауық іс-шаралардың драмалық құрылуының, дайындықтар мен сабақтарды жүргізудің әдістемесін, мәдени ұйымдастырушылардың озық тәжірибелерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары білімі.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени іс-шараларды ұйымдастыра білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі, балалар мен жасөспірімдердің даму деңгейін есепке ала отырып тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстардың әдістемесін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуі, оларды апробациялау жұмыстарын жүргізуі, шығармашылық топқа жетекшілік жасауы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуі, тәрбие процесінде оң нәтижелерге жетуді қамтамасыз етуі, әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіндегі техникалық және кәсіптік білім және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуі, балалар мен жасөспірімдердің ерекшелігіне байланысты олармен жұмыс істеу әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, өз жұмысында педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіндегі техникалық және кәсіптік білім және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жаңа педагогикалық технологиялар мен мақсатты бағдарламалар әзірлеуі, оларға апробация жұмыстарын жүргізуі; білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі, өз жұмысында педагогиканың озық тәжірибелерін және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдана білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіндегі техникалық және кәсіптік білім және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Аккомпаниатор

Лауазымдық міндеттері. Дайындықтар мен концерттерде вокалистер мен аспапшыларды сүйемелдейді, спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу, аэробика, шейпинг, балдық және спорттық билер бойынша спорттық жарыстарда, білім беру ұйымдарындағы әртүрлі мәдени іс-шараларда өнер көрсетуде музыкалық сүйемелдеудің кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың жеке қабілетіне қарай әр қимыл элементіне музыкалық шығарманы таңдайды, білім алушыларды ансамбльдік орындаушылыққа үйретеді.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беру, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, әртүрлі жанрдағы, стильдегі, дәуірдегі музыкалық шығармаларды, музыка тарихы мен теориясын, дайындықтар мен сабақтарды жүргізу әдістемесін, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік музыкалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ аккомпаниаторға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуы, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттауы, үндестіре білуі, орындаушылар репертуарын білуі, музыкалық фрагменттерді біріктіре білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: қағаз бетіне қарап басқа үндестілікке аударып сүйемелдей алуы, музыкалық шығармаларды редакциялауы, партитурадан аударуы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіптік тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуға; оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және апробациялауға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ аккомпаниаторға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуы, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (музыкалық білім) және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар қағаз бетіне қарап басқа үндестікке аударып сүйемелдеуі, музыкалық шығармаларды редакциялауы және партитурадан аударуы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіптік тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуін, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуы, әдістемелік жұмыстармен айналысуы, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды апробациялауға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Концертмейстер

Лауазымдық міндеттері. Жалпы, арнайы және бейіндік пәндердің оқытушыларымен бірлесіп, тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді. Оқушылардың орындаушылық дағдыларын, ансамбльде ойнау дағдыларын қалыптастырады, олардың көркемдік талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелік қабылдауын кеңейтуге және шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді. Жеке және концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді. Сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), көрсетілімдерде (спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу бойынша спорттық жарыстарда) музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Ноталарды парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды үндестіреді. Тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды (жалпы, арнайы, бейінді пәндер) әзірлеуге қатысады. Білім беру процесінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен жасерекшелік психологиясының негіздерін, дидактиканың принциптерін, сабақ және дайындық жүргізу әдістемесін, жалпы және жеке оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерін, әртүрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы музыкалық шығармалардың фрагменттерін біріктіру, оларды редакциялау және дәстүрлі түрде орындай білу, білім алушылардың жеке дене ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қимыл элементтеріне музыканы таңдау, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (музыкалық).

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқи білуі, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерізімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: қағаз бетінен оқып басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуі, музыкалық шығармаларды редакциялауы және партитурадан аударуы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауы, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ноталарды қағаз бетінен тез оқи білуі, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (музыкалық) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар қағаз бетінен оқып, басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуі, музыкалық шығармаларды редакциялауы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік музыкалық білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, әдістемелік жұмыстармен айналысуға, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды апробациялауға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік музыкалық білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жүзу және дене тәрбиесі нұсқаушысы

Лауазымдық міндеттері: Дене тәрбиесі нұсқаушысы: дене тәрбиесі бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес балаларды оқыту жұмысын жүргізеді. Балардың жас ерекшегілігін, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың міндеттері мен мазмұнын анықтайды. Балаларға дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын үйретеді, олардың бойында рухани-жігер қасиеттерін қалыптастырады.

Дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шаралар өткізу барысында балалардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Үнемі санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды.

Медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемесін реттейді. Балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Салауатты өмір салтын насихаттайды. Тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің ата-анасымен тығыз байланыста болады. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.

Жүзу нұсқаушысы: Бағдарламаға сәйкес сабақ жүргізеді. Мектепке дейінгі жасы кішкентай балаларды көп мөлшерлі судан қорықпауға үйретеді (арнайы ойындар, сабақтар арқылы), ал орта мектепке дейінгі жастағы балаларға әртүрлі жүзу әдістерін үйрете бастайды (кроль, брасс, «дельфин»). Балалардың суда жүзу кезіндегі қауіпсіздігіне толық жауап береді. Медбикемен бірлесіп бассейіннің гигиеналық жағдайын бақылайды. Суға түсу кезінде және жүзудің алдында бассейнді тексеріп, білім алушылардың денсаулығына зиян келтіретін заттарды алып тастайды. Балаларды шешіндіру және душ қабылдау кезінде көмектеседі және оларды гигиена талаптарын қатаң сақтауға үйретеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалайды. Қауіпсіздік техникасын бойынша нұсқаулық жүргізеді. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» және білім беру, дене тәрбиесі мен спорт мәселесі жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, жас ерекшеліктер физиологиясын, анатомия, мектеп гигиенасын, спорттық ғимараттарда және снарядтарда сабақ өткізу әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін, әр жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін, суда жүзу тәртібі, дене шынықтыру-сауықтыру шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптарын, бағдарламалар мен оқулықтарды, оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары, санитарлық қағидалар мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегіі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім (бакалавр) немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, балалардың дене тәрбиесіне және балалармен спорттық жарыстар өткізуге арналған жеке әдістемелерін әзірлеуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәжірибелік жұмыс қабілеттерінің бар болуы, балалармен жұмыс істеудің жаңа бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, балалардың дене тәрбиесіне және балалармен спорттық жарыстар өткізуге арналған жеке әдістемелерін әзірлеуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстарды өткізу дағдысының болуы, балалармен сабақ өткізудің жаңа бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері

Лауазымдық міндеттері. Барлық типтегі және түрдегі балаларға қосымша білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ұйым) әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. Білім беру процесінің нәтижесін ұйымдық-әдістемелік алып жүруді, талдауды және бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені топтастырып, таратуды қамтамасыз етеді. Педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби жетілуіне көмек береді. Ұйымдардағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді. Әдістемелік және ақпараттық материалдар әзірлеуге, диагностика жасауға, педагог кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды болжауға және жоспарлауға қатысады. Ұйымның педагог қызметкерлеріне қосымша білім берудің оқу бағдарламасының мазмұнын, нысанын, әдістері мен оқыту құралдарын анықтауға, ұйымның білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Балаларға қосымша білім беру ұйымындағы білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Білім беру процесіне арналған оқыту-әдістемелік құжаттамалар мен құралдарды, жабдықтардың үлгілік тізбелерін, дидактикалық материалдарды және т.б. әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Ұйымның эксперименталдық жұмысының нәтижесін талдайды және жинақтайды. Педагог қызметкерлердің мейлінше инновациялық, нәтижелі тәжірибелерін жинақтайды және тарату шараларын қабылдайды. Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, оларға тиісті қызмет ету бағыты бойынша консультативтік және практикалық көмек көрсетеді. Қызметкерлердің тиісті бағыттары бойынша олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға арналған тапсырыстың перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады. Балаларға қосымша білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы оқыту және тәрбиелеу технологиялары, отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты қорытындылайды және таратады. Конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттама әзірлеп, ұйымдастырады. Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-аналитикалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелендіруді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, сараптауға, қолданыстағысын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттама әзірлеуге қатысады.

Білім беру ұйымының педагогикалық және өзге де кеңестерінің жұмысына, сондай-ақ әдістемелік бірлестік қызметі мен әдістемелік жұмыстың өзге де түріне қатысады. Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережені орындайды. Білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының білімін дамытудың басым бағыттарын, дидактика принциптерін, педагогиканың, жас ерекшелік психологиясының негіздерін, білім беру процесін немесе қызмет бағытын әдістемелік қамтамасыз ету принципін, білім беру ұйымындағы білім беру процесін ұйымдастыру жүйесін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды, оқу жабдықтары мен басқа да оқу-әдістемелік құжаттаманың үлгілік тізбелерін әзірлеу принципі мен тәртібін, педагогикалық жұмыстың элективті нысандары мен әдістерін анықтау, топтастыру және тарату әдістемесін, ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және мазмұны принципін, баспалармен жұмыс жүргізу негіздерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін, аудиовизуалды және интерактивтік оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларын, құзыреттілік қатынасты іске асыру, даулы жағдайлардың себебін диагностикалау технологиясы, олардың алдын алу және шешу жолдары, экология, экономика, әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактор, электрондық кестелер, электрондық пошта және браузерлер, мультимедиялық құралдар жұмысының негіздерін, еңбек заңнамаларын, білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім (бакалавр) немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім, білім беру жүйесіндегі педагогикалық жұмыс өтілі немесе тиісті бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл және жарияланған әдістемелік материалдарының болуы.

Қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет