Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет6/10
Дата30.01.2017
өлшемі2,69 Mb.
#8331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

шеберханасының меңгерушісі

Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен қамтамасыз етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды. Белгіленген тәртіппен олардың есебі мен есептілігін жүргізеді, жабдықтарды, аспаптар мен қарапайым құралдарды сабаққа дайындауды ұйымдастырады. Шеберхана мен қолда бар жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс, әрі тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді оқу-өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікті меңгереді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, педагогика негіздерін, кәсіптік оқытудың әдістері, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін, санитария мен гигиена негіздерін, экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білім, тиісті бейіндегі ұйымдарда басшы лауазымында еңбек өтілі кемінде 3 жыл.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымының директоры

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті ұйымдастырады. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлестікте жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Ұйым қызметінің ағымды және келешегін жоспарлауды ұйымдастырады. Кәсіптік – еңбек, оқыту – танымдық, және шынықтыру – сауықтару бағыттарындағы компоненттерден тұратын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жекелеген бағдарламаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту, азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге, Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыруда, әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білуге қолайлы жағдай жасайды. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.

Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Орталықтағы кәмелетке толмағандарды бұдан әрі орналастыру бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен өзара әрекеттеседі. Кәмелетке толмағандарды отбасыларына қайтаруға қолғабыс етеді. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін қалыпқа келтіру үшін шара қолданады.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға және олардың ата – аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы жағдайдан шығу үшін әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді.

Білім беру ұйым тәрбиеленушілердің заңды өкілі болады. Тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және т.б.) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдайлар жасау шараларын қабылдайды.

Тәрбиеленушілердің қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза қолданады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады.

Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарға таныстырады, қажетті есептілік құжаттамаларды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының директорлары үшін: педагогикалық немесе заңгерлік бойынша жоғары білім және тиісті салада еңбек өтілі кемінде 5 жыл.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған


балаларға арналған білім беру ұйымы директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.

Білім беру процесінің сапасына және білімді меңгеру нәтижесінің шынайы бақылау жасайды. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады. Білім беру процесін жетілдіруге ұсыныс енгізеді. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді және оған талдау жасайды. Оқу жоспарларын әзірлеу, оқу процесін ұйымдастыруын қамтамасыз етеді. Емтиханға дайындық және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік аралық бақылау және ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысын дайындауға және өткізуге қатысады. Тәжірибелі мұғалімдердің нәтижелі жұмыстарын таратуды қорытындылайды және шараларды қабылдайды.

Инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізеді. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жекелеген жас, жыныс ерекшелігін ескере отырып, білім беру қызметін дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды.

Оқу-тәрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық және көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Заңдарын, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және арнайы (түзеу) білімі, әлеуметтік педагогиканың, әлеуметтік психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Тәрбиеші ана

Лауазымдық міндеттері. Баланың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар және отбасылық жағдайларға жақындастырылған тұрмыстық жағдайлар жасайды, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болып, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде консультативтік көмек алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды.

Балалардың адамгершілік-рухани, интеллектуалдық қабілеттерінің дамуын, дене денсаулығын қамтамасыз етеді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке анықтайды. Тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал етеді. Оқу орнына балалардың баруын, тәрбиленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуын, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет етуін, жеке бас тазалығын сақтауын ұйымдастырады. Талдау жасайды, қажеттілікті анықтайды және арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Бала құқықтары туралы конвенция, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа да білім берудің дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, арнайы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларды, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 1 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуға, педагогикалық озық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруге, шығармашылық семинарларды басқара алуға және диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістерін білуге, тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және балалармен жұмыс істеу өтілі кемінде 1 жыл.

орта деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, тәрбие беру процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуға, озық педагогикалық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысын талдау әдістемелерін білуге, шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін білуге, жаңа педагогикалық технологиялар әзірлеуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Патронаттық тәрбиеші

Лауазымдық міндеттері. Патронаттық тәрбиеге қабылданған баланың (балалардың) тұруына, тәрбие алуына және оқуына, сонымен қатар дене бітімінің, психикасы мен адамгершілік-рухани дамуына қажетті тұрмыстық жағдайлар жасайды, баланың (балалардың) өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес баланы (балаларды) тәрбиелейді, оның (олардың) денсаулығына, психикалық, адамгершілік-рухани дамуына және интеллектуалдық қабілеттілігінің дамуына қамқоршылық жасайды, баламен (балалармен) бірге тұруына, баланың (балалардың) тиісті білім алуын; патронаттық тәрбиешіге табыс етілген балаға (балаларға) берілген құжаттардың, балаға (балаларға) тиесілі ақшалай қаражаттардың және басқа да мүліктердің сақталуын, оның ішінде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы өкілеттіксіз өздерінің қамқорлығындағылардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын; санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

Баланы (балаларды) күтіп-бағуға, тәрбие және білім беруге қолайсыз жағдайлардың туындағандығы туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын органға хабарлайды.

Балаға (балаларға) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету қажеттілігінің анықтау жөнінде жұмыс жасайды.

Баланы (балаларды) тәрбиелеу мәселелерінде білім беру ұйымдарымен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде кеңестік көмек алу үшін медициналық және басқа да ұйымдармен, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен тығыз байланыста болады.

Білуге міндетті: еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларды; санитарлық ережелер мен нормаларды,

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім, немесе орта білімнен кейінгі білімі.



Арнайы білім беру ұйымының директоры

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнама мен білім беру ұйымдарының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметтерін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес психикалық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындылары бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) санын қалыптастырады, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан тәрбиеленушілердің мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалауды және олардың қажеттілігін анықтауды қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басатындармен) жүргізілетін жұмыстарды үйлестіреді. Белгіленген нормаларға сәйкес білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жағдайларын қамтамасыз етеді.

Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, ішкі тәртіп ережелерінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде ұйымның мүліктері мен құралдарына иелік етеді. Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Қызмет туралы қажетті есептілікті дауындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және әлеуметтік психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелері, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша қосымша білімімен бірге жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары

Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы қызметін жоспарлауды ұйымдастырады. Педагогтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау және қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми және бейінді құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және білім алушылардың білім дайындығы нәтижелерінің объективтілігіне, факультативтерге, үйірме және секция жұмыстарына бақылау жасайды. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Оқу сабақтарының және басқа да оқу қызмет түрлерінің кестесін жасайды. Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды. Эксперименттік жұмыс нәтижелеріне талдау жасайды, оқытушылардың анағұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шаралар қабылдайды.

Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге даярлауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, оқытудың көрнекі және техникалық құралдарымен жарақтау, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру жұмыстарын үйлестіреді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің арнайы бағдарламаларын құруды қамтамасыз етеді. Мәдени-тәрбиелеу іс-шараларын дайындау және өткізу жұмыстарын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердегі қажеттіліктерді бағалау және анықтау жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Педагог кадрларды іріктеу және орналастыру жұмыстарына қатысады. Жергілікті және денсаулық сақтау органдары өкілдерімен, ата-аналармен (және оларды алмастырушы тұлғалармен) тәрбие процесін қамтамасыз етуші әкімшілік және бөлімшелер өкілдерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Белгіленген есеп құжаттамаларын сапалы және уақытылы жасауды және беруді қамтамасыз етеді. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары және басқа да білім берудің даму бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Арнайы (түзету) интернат ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиеші)

Лауазымдық міндеттері: баланың жеке тұлғасының даму мақсатында баланың жеке қабілеттерін, бейімділігі мен қызығушылығын зерделейді, оның негізінде психологтардың кеңесімен түзете-дамытушылық жұмысты (топпен және жеке) жоспарлайды және жүргізеді. Әлеуметтік және еңбекке бейімдеу, әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, күнделікті жұмыс жүргізеді. Пайдалы қоғамдық еңбекке қатысу, үй жұмыстарын, күн тәртібін ұйымдастырады. Білім алуға көмектеседі, бос уақыттарын ұйымдастыру мен қосымша білім алуды ұйымдастырады. Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбиелік жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып өз-өзіне қызмет жасауға, жеке гигиеналық тазалықты сақтауды ұйымдастырады. Тәрбиеленушілердің денсаулықтарын нығайту және сақтау бойынша медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етеді, психикалық және дене дамуына септігін тигізетін іс-шаралар жүргізеді, баланың мекемеде болу мерзіміне дейін денсаулықтарына жауап береді. Дәрігерлік тексеріс алдындағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Топқа бекітілген арнайы құралдарға, оқу-әдістемелерге, оқулықтарға, ойыншықтарға, арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтайды және бағалау жүргізеді, оған қажетті жағдайлар құрады, баланың арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтауға талдау жасайды. Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті, компьютерлік коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.

Интернаттың ұйымның аға тәрбиешісының міндетін атқару кезінде тәрбиешінің жұмыстарын басқаруды ұйымдастырады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, бастапқы педагогикалық тәжірибені жалпылауға септігін тигізеді, тәрбиешілердің біліктіліктерін көтеруге қолдау көрсетеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білім.

«Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: оқыту мен тәрбиелеудің жеке бағдарлаушылық технологиясын меңгеруі, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, оны практикада қолдана білуі қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, оған қоса тәрбиеленушінің жас ерекшіліктерін ескере отырып тәрбиелеудің әдістерін өз бетінше құрастыруы, тәрбиелеу жұмыстарын талдаудың әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларына басшылық жасауі, диагностикалық жұмысты ұйымдастырудың формаларын меңгеруі қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, оған қоса ғылыми-зерттеу әдістерін игеруі, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, жаңа бағдарламаларды және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша мақалалардың болуы, өзінің өткізетін пәні бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік жасауы қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жеке бағдарлаушылық технологиясын меңгеруі, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, оны практикада қолдана білуі, тәрбиелеу жұмыстарын талдаудың әдістерін меңгеруі қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» қосымша біліммен қоса техникалық және кәсіптік білім педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, оған қоса тәрбиеленушінің жас ерекшіліктерін ескере отырып тәрбиелеудің әдістерін өз бетінше құрастыруы, тәрбиелеу жұмыстарын талдаудың әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларына басшылық жасауы, диагностикалық жұмысты ұйымдастырудың формаларын меңгеру қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» қосымша біліммен қоса техникалық және кәсіптік білім педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: оған қоса ғылыми-зерттеу әдістерін игеруі, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, жаңа бағдарламаларды және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша мақалалардың болуы, өзінің өткізетін пәні бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік жасауы қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» қосымша біліммен қоса техникалық және кәсіптік білім педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Арнайы білім беру ұйымдарының басшысы

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі - ППТК) жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Арнайы мекеменің түрін, оқыту мен тәрбиелеу нысанын талқылау және анықтау кезінде консультация берудің алқалық жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты басқарады, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, ПМПК, ППТК-ны арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі арқылы тұрғындар арасында семинарлардағы, педагогтарды даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарындағы педагог қызметкерлердің, медициналық және басқа да қызметкерлердің арасында дефектологиялық білімді тарату жұмыстарын; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, балалардың ауытқушылық дамуының алдын алу мәселелері бойынша сақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады. Балаларды тексеруден өткізудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді. Ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдерін дамыту, өмірлері мен денсаулықтары үшін қауіпсіздік жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру шараларын қабылдайды. Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. ПМПК, ППТК-ның мүдделерін барлық органдарда қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Қажетті есепті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалары, қаржылық-шаруашылық қызметін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Психология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім «Арнаулы педагогика» немесе қосымша мамандандырумен «Арнаулы психология» мамандықтары бойынша қосымша білімімен қоса медициналық білім және арнайы білім немесе денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Дефектолог-мұғалім (сурдопедагог, олигофренопедагог,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет