жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды. Білім беру ұйымының әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу, пәндік (циклдік) әдістемелік комиссия, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөнінде есептік құжатты дайындау жөніндегі кафедралардың жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін үйлестіреді.
Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеуде жәрдем көрсетеді, облыстық (қалалық) білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің, баспалармен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөнінде жинақтарды, нұсқаулықтарды және басқа да басылымдарды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Оқу және тәрбие процестерін жетілдіруді, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізуді, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады.
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастырады және талдайды, эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды. Оқытудың инновациялық әдістерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді.
Оқу кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқудың техникалық құралдарымен жарақтау, кітапханаларды оқу әдістемелік және көркем әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен толықтыру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда жәрдем көрсетеді. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуді, білім алушылардың ғылыми қоғамдары жұмыстарын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Ғылыми және оқу-әдістемелік қызмет нәтижелері туралы есеп береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, ғылым мен техника жетістіктерін; озық педагогтік тәжірибені меңгеру және шығармашылықта пайдалану; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, құқық негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, оқу орнының бейініне сәйкес ұйымда басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
Білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен оқыту, үлгі оқу бағдарламаларын оқытушылардың орындауы бойынша жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді.
Оқу процесінің сапасын бақылауды, оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады. Білім алушылардың ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Педагогтік кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады. Педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады.
Оқу кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтау жұмыстарын үйлестіреді. Практикаға оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді зерделейді және таратады.
Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Оқу жұмысы жөніндегі есептілік құжаттарды уақытылы жасауды, олардың дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; оқыту әдістерін және озық технологияларды; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, басшы педагог лауазымындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарлар мен іс-шаралардың әзірленуін, кәсіби бағдар беру жұмыстарының ағымдағы және стратегиялық жоспарлануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасайды. Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен дене тәрбиесі сауықтыру және көркемдік эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметтерін үйлестіреді.
Тәрбие жұмысына талдау жасайды. Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбиелік іс-шараларды дайындау мен өткізу бойынша әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; тәрбие процесінің сапасына, үйірмелер, секциялар жұмыстарына және тәрбие жұмысының басқа да түрлеріне, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жеке тәрбие жұмысына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Білім алушыларға салауатты өмір салтын енгізу бойынша дене тәрбие процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыстарды дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмысты жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Оқу-материалдық базаны нығайту жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Жұртшылық және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының кызметтері мен құрылымдарының, әкімшілік өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Білім беру ұйымындағы моральды-психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Тәрбие қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; тәрбиелеу процесінің тұжырымдамалық негізі және технологиясын, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдарда немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының педагогтік ұжымы қызметін кәсіптік оқыту бойынша ұйымдастырылуын және үйлестірілуін жүзеге асырады.
Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Техникалық, қызмет көрсетуші және басқарушы еңбек мамандарының кәсіптік даярлауын, қайта даярлауын және біліктілігін арттыруын ұйымдастырады. Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады. Әлеуметтік серіктестіктермен жұмысты үйлестіреді.
Әлеуметтік серіктестіктермен жасалған келісім-шарттарды әзірлейді және іске асырылуына жауап береді.
Кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп жүргізетін эксперименттік жұмысты ұйымдастырады, бақылайды және талдайды.
Бітіруші курстардың білім алушыларының кәсіптік даярлығын бағалау бойынша біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Кәсіптік оқыту және оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін тәжірибеге енгізу жөнінде педагогтік тәжірибені айқындайды, жалпылайды және таратады.
Оқу-материалдық базаларды сақтау және толықтыру, есепті қамтамасыз ету бойынша жұмысты, шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады. Белгіленген есептілік құжаттарының уақытылы құрастырылуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, кәсіптік оқыту жөніндегі ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін, оның ресурстық қамтамасыз етілуін, оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды іске асыруды ұйымдастырады. Оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады. Оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланысты орнатады.
Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады.
Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог және басқару кадрларын оқытуды ұйымдастырады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.
Оқу-материалдық базаларды сақтауды қамтамасыз ету және толықтыру, қызмет көрсету, жөндеу және оның есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады. Санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақтауды қамтамасыз етеді. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытында жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым және тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және сәйкес мамандық бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары
Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Лауазымдық міндеттері: Оқу-өндірістік жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді. Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Өндірістік оқыту кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыруды ұйымдастырады.
Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады. Кәсіптік-техникалық цикл сабақтары мен пәндері бойынша әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік комиссияның және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді.
Өндірістік оқытудың аға шеберінің, өндірістік оқыту шеберінің, өндірістік, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшісінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын талдайды.
Білім беру ұйымдары түлектерінің қорытынды біліктілік емтихандарын ұйымдастыруын және өткізуін жүзеге асырады.
Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді. Оқу-материалдық базалардың есебін қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру бойынша жұмысты, санитариялық-гигиена режимдері, шеберханаларда және өндірісте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі заманғы ғылым және тәжірибе жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, білім беру ұйымдарындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдардағы басшы қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Оқу-әдістемелік бірлестігі басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Қызметтің жетекшілік ететін бағыттарына сәйкес әдістемелік жұмысты тікелей басқаруды жүзеге асырады.
Әдістемелік кеңестің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастырады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, оқытудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу жөнінде ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша, қазіргі заманғы оқыту технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыруды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады.
Білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, үздік курстық және дипломдық жобалар, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қорытындылайды.
Білім беру ұйымдары оқытушыларының республикада және шет елдерде ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар енгізеді.
Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы оқу-әдістемелік бірлестігінің оқу-әдістемелік жұмыстарын жүзеге асырады және талдайды. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жөнінде конференциялар, семинарлар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізеді. Озық педагогикалық тәжірибелерді айқындайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізеді, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі.
Жастар мен жұмыспен қамтылмаған халықтың арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде нұсқаулықтар әзірлейді. Оқу-әдістемелік әдебиетпен, оқытудың педагогикалық құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқытудың қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтылуын бағалау жағдайы туралы аналитикалық материалдарды әзірлеуге қатысады. Оқыту бағдарламалар мәліметтерінің ақпараттық банкін құруын, мамандарды даярлау сапасының мониторингісін ұйымдастырады. Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының әдіскері лауазымда еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Әдіскер
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссиясы, кафедрасының жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады.
Білім беру ұйымының әдістемелік, пәндік және циклдік комиссиясының, кафедраның жұмысына басшылық жасайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізуге, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі. Білім процестері мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Семинарлар, конференциялар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады. Ашық сабақтар өткізуді және оларды талдауды ұйымдастырады. Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыс негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің принциптері мен тәртібін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымдағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Бөлімше меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды жүзеге асырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Оқу пәндерінің оқыту сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады. Жаңа оқу жылына, семестрдің, емтихан сессиясының басталуына дайындық бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді. Оқу-материалдық базалардың дамуы мен нығаюын, жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерін қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Оқу бөлімінің меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Педагогтік ұжым қызметінің ағымдағы және болашақтағы жоспарлауын ұйымдастырады. Оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагог жұмыскерлердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөнінде жұмысын, сонымен қатар қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді. Білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының сабақ кестесін жасау үшін материалдардың дайындалуын және олардың орындалуының бақылауын жүзеге асырады. Оқыту процесінің сапасын бақылауды және білім алушылардың білім алу даярлығының нәтижесін бағалаудың ақиқаттығын жүзеге асырады. Педагог жұмыскерлерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды зерделеу және әзірлеуге көмек көрсетеді. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады.
Оқу-материалдық базаларды нығайту бойынша, оқу кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтау бойынша шаралар қолданады. Шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады.
Жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена негіздерін; білім беру жүйесін басқарудың теориясы мен әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Жалпы білім беретін пәндердің оқытушысы
Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Лауазымдық міндеттері: Оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырады және өткізеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәндерді ескере отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, жеке қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі және айқындайды. Оқытудың анағұрлым тиімді формаларын, әдістерін және құралдарын, жаңа педагогтік құралдарды қолданады. Білім алушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуларын қамтамасыз етеді. Оқу процесінің жоспары мен кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Жабдықтарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын орындайды.
Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы -ұйымдастырушысы үшін қосымша:
Лауазымдық міндеттері: Оқытушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып-жетекшілерімен бірлесе отырып, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарындағы бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын дамыту мен нығайту, жабдықтар мен мүліктердің сақталуы, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау бойынша шаралар қолданады. Әскери істің негіздерін оқып-үйрену жөніндегі үйірмелерді басқарады, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге арналған практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді. Білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша іс-шараларды жасайды, қорғаныс ғимараттарының дайындығын төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың жеке құралдарымен қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери есеп мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, білім алушыларға білім және тәрбие беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқару мәселелерін шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пәндер негіздерін; педагогика, психология жастық физиология, гигиена негіздерін; тәрбие жұмысы мен оқытылатын пәннің әдістемесін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын; оқу кабинетін жарақтау мен жабдықтау талаптарын; оқу құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндігі; педагогтік ғылымның дамуының негізгі бағыттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап береді, пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей біледі, белсенді оқыту нысаны мен әдісін қолдана біледі, білім алушылармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыра біледі; оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етеді, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестіктер, білім беру мекемесінің шеңберінде үздік тәжірибесі бар мектептердің жұмысына белсенді қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушылық лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты оқытушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап береді, пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей біледі, шығармашылық семинарларды, шығармашылық топтардың жұмысын басқара біледі, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені қолдана біледі, жаңа білім беру бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелерді енгізу жөніндегі жұмыстарға белсене қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушылық лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл немесе бейіні бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап береді, жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту, тәрбиелеу әдісін әзірлей біледі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізеді; өз пәні бойынша эксперименттік тапсырмаларды құрай біледі, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық әзірлемелері болады, білім саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара біледі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы, немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Педагог-психолог
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды. Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді. Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық). Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, педагогика және психология теориясын, жастық физиологиясын, гигиенасын, белсенді оқытудың әдістерін, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингісін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын; педагогтік ғылымның дамуы мен жетістіктерінің негізгі бағыттарын; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: "Психология" мамандығы бойынша жоғары білімі немесе бейін бойынша медициналық жоғары білімі.
Аға шебері
Лауазымдық міндеттері: Техникалық шығармашылық үйірмелер жетекшілерінің, өндірістік оқыту сабақтарының кәсіби жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік оқыту шеберлерінің әдістемелік жұмыстарын үйлестіреді, нұсқау беру, жеке әдістемелік жұмыстар жүргізеді. Өндірістік оқытудың мазмұнын, нысанын және әдістемесін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытудың инновациялық, дамытушылық элементтерін, өндірістік оқытудың үздік шеберлері жұмысының жаңа техникалық жетістіктерін және озық әдістерін практикаға енгізеді және таратады, зерделейді. Өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтау жөніндегі жұмыстарын, станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау және жөндеуін ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының кәсіптік қызметін ұйымдастырады. Электрлік жабдықтарды уақытында сынақтан өткізуді, электр тартылымы мен жермен қосудың жай-күйін, шеберханалар мен жабдықтардың қауіпсіз жай-күйін, оқу шеберханаларындағы, зертханалардағы, цехтардағы техника қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық ережелердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаманың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Өндірістік оқыту журналдарының жүргізілуін бақылайды, қажетті есептерді ұсынады. Білім алушылардың өндірістік жұмыстарының орындалу нәтижелерін талдайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңынын және білім алушыларға білім және тәрбие беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, педагогика, психология, физиология, гигиена негіздерін, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және ұйымдарында жетекші лауазымдағы білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Оқу өндірістік (оқу) шеберхананың меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен қамтамасыз етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды. Белгіленген тәртіппен олардың есебі мен есептілігін жүргізеді; жабдықтарды, аспаптар мен қарапайым құралдарды сабаққа дайындауды ұйымдастырады. Шеберхана мен қолда бар жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс, әрі тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді оқу-өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын , педагогика негіздерін, кәсіптік оқытудың әдістерін, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін; санитария мен гигиена негіздерін; экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім еңбек өтіліне қойылатын талаптарды көрсетпей немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Арнайы пән оқытушысы
Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқуын әдістемелік ғылыми деңгейде өткізеді, олардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.
Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеу және орындауға қатысады, білім алушылардың білім сапасына жауап береді. Оқу процесін жетілдіру жөнінде ұсыныс жасайды.
Білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және бейімділіктерін зерделейді.
Білім алушыларда кәсіптік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырады, алған білімдерді тәжірибелік қызметте қолдануға оларды дайындайды, бітірушілерді даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдарын, педагогика және психология негіздерін, пәннің мазмұны және оны тәжірибеде пайдалануды; жұмыстың технологиялық процестерін және мамандық бейіні бойынша жұмыстың тәсілдерін; экономика және өндірісті ұйымдастыру мен басқару негіздерін; еңбек туралы заңнамалар негіздерін; білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандары, әдістері және алдыңғы қатарлы технологияларын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушыға қойылатын талаптарға жауап береді, өз бетінше пәнді оқыту әдістемесін әзірлей біледі, белсенді оқытудың нысандары мен әдістерін пайдаланады, білім алушылармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра біледі; оқу-тәрбие жұмыстарындағы тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етеді, білім беру мекемесі шеңберінде шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектебінің жұмыстарына белсене қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушыға қойылатын талаптарға жауап береді, пән бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды талдау әдістемесін меңгереді, оқытудың жеке бағдарламасын құрастырады және іске асырады, шығармашылық семинарларды, шығармашылық топтардың жұмысын басқара біледі, өзінің жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдаланады, жаңа білім беру бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын енгізу жұмыстарына қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушыға қойылатын талаптарға жауап береді, жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін әзірлейді; оларды апробациялау жұмыстарын жүргізеді; өзінің пәнінен эксперименттік тапсырмаларды құрастырады, оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық әзірлемелері болады, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік жасай біледі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 5 жыл болуы; немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Өндірістік оқыту шебері
Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді.
Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын тапсыруға дайындайды. Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі құжаттамаларды жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады. Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды, эталондарды дайындайды.
Оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озат педагогикалық және өндірістік тәжірибелерді қолданады.
Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ өндірістік оқыту шеберіне қойылатын талаптарға жауап береді, білім алушыларға берілетін кәсіптік біліктіліктің деңгейіне қарағанда едәуір жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екенін растайды, оқу-өндірістік процесті кешенді әдістемелік қамтамасыз ету міндеттерін белсенді түрде шеше біледі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты өндірістік оқыту шеберіне қойылатын талаптарға жауап береді, әдістемелік комиссиялардың, секциялардың жұмысына тікелей қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты өндірістік оқыту шеберіне қойылатын талаптарға жауап береді, кәсіптік оқудың жеке әдістемелерін әзірлей біледі, апробациялау жұмыстарын жүргізеді; озық тәжірибені жинақтайды, жаңа оқыту бағдарламалары мен технологияларын енгізуге қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және аталған лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі маман: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын талаптарға жауап береді, білім алушыларға берілетін кәсіптік біліктіліктің деңгейіне қарағанда едәуір жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екенін растайды, оқу-өндірістік процесті кешенді әдістемелік қамтамасыз ету міндеттерін белсенді түрде шеше біледі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап береді, әдістемелік комиссиялардың, секциялардың жұмысына тікелей қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап береді, кәсіптік оқудың жеке әдістемелерін әзірлеуге қатысады, сынақтамадан өткізу жұмыстарын жүргізеді; озық тәжірибені жинақтайды, жаңа оқыту бағдарламалары мен технологияларын енгізуге қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Жатақхана тәрбиешісі
Лауазымдық міндеттері: Сыныптан тыс тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарын жатақхана өткізеді және ұйымдастырады. Жатақхананың жалпы тәрбиелеу процесінде педагогтік талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Дене тәрбиесі процесінің, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесі жұмысының дамуын үйлестіру жөнінде, білім алушыларға салауатты өмір салтының ережелерін енгізу жөнінде жұмысты жүзеге асырады.
Бала құқығын іске асыруға ықпал етеді, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Сыныптан тыс жатақханаларға қатысты оқу-материалдық базаларды нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Ата-аналармен немесе қамқоршылармен қарым-қатынасты үзбей жалғастырады. Білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді.
Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңдарын, педагогика және психология негіздері, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен.
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта
Достарыңызбен бөлісу: |