«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет62/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Оқу-тақырыптық жоспар.





Тақырыптың аты

Сағат саны



Лекциялар





Семинарлар



Тәжірибелер



Өздік жұмыс








































Соңы:















Оқытушының сабаққа дайындығы

Сабаққа дайындық оқу–тақырыптық жоспарын құрудан басталады. Оқу материалының барлығы бөлінген сағаттарға және сабақ түрлеріне (лекция-тәжірибе) сәйкес бөлімдерге бөлінеді, әр бөлікті екі сағаттан (пара) жасаған жөн, бұл уақытты ұтымды жоспарлауға себебін тигізеді.


Оқу-тақырыптық жоспар алдымен күндізгі бөлім есебінде құрылады. Соған негізделе отырып, кешкі және сырттай оқу бөлімінің жоспарлары құрылады. Күндізгі бөлім жоспарларының мазмұны толығымен осы жоспарларға ұқсас болуы керек. Айырмашылық тек кейбір тақырыптардың өз бетінше оқуға берілуінде болады.
Оқу-тақырыптық жоспарды толығымен құру оқытушыға тек тыңдаушылар үшін ғана материалды дайындау емес, сондай-ақ, өздік жұмыстарға арналған тапсырмаларды да ойластыруға, студенттерге оларды орындауға алдын ала талап қоюға, есеп беру мерзімін көрсетіп, қажетті кеңестер беруге де мүмкіндік береді.
Оқу-тақырыптық жоспары дайын болғаннан соң нақты тақырыптарды өңдеуге кірісуге де болады. Ең алдымен әрбір тақырыптың барысымен 2-3 оқулықтан немесе басқа да әдебиеттермен танысып алған жөн.
Оқылған материал негізінде тақырыптың толық жоспарын (жоспар бөлімдерінің көптігінен шошымаңыз) құрған мақсатқа лайықты келеді.
Мәселен, «Эмоция» тақырыбына қатысты жоспар былай құрылады:

  1. Эмоцияның анықтамасы;

  2. Атқаратын қызметтері;

  3. Физиологиялық механизмдері;

  4. Эмоциялардың әртүрлі сипаттамалары ;

  5. Сезімдер: анықтамасы, эмоциялардан айырмашылығы, түрлері;

  6. Эмоциялардың негізгі теориялары (атап шығуға болады);

  7. Эмоциялық күй: мазасыздану, фрустрация, катарсис;

  8. Эмоция және мінез-құлық: агрессия;

  9. Эмоцияның адам психикасының басқа жақтарымен байланысы;

  10. Эмоцияны оқу және зерттеу әдістері;

  11. Тұлғаның эмоциялық аймағының дамуы;

  12. Эмоциялық бұзылыстар мен оларды түзету.

Содан соң жоспардың қай сұрақтары лекцияда, қайсысы семинар сабақтарында қойылатыны, ал қай студенттердің өз беттерінше оқу керектігі анықталады. Сабаққа дайындық кезінде оқытушы мынадай әрекеттерді орындауға міндетті:

  • өз бетінше оқуға арналған тақырыптарды құрастыруға;

  • жоспарды беруге (студенттер тақырыптың маңызды жерлерін қалт жібермеуі үшін);

  • сәйкес келетін әдебиеттерді көрсету;

  • орындау мерзімі мен есеп беру түрлерін көрсетуі керек.

Енді келесі тақырыптың мазмұнын дайындауға кірісуге болады. Ол ғылыми және танымал әдебиеттерді қарастырудан бастаталады. Қазіргі заманда психологиялық әдебиеттердің көп болуына орай, әдебиеттерді дұрыс қарап нәтижелерді арнайы карточкаларда белгілей білу қажет (немесе басқа тәсілмен). Карточка алдын ала дайындалады. Бұл форматты қағаз бөлігінің ¼ бөлігі. Қарастыру мынадай сатылардан тұрады:

    1. карточкада (жоғары бөлігінде) кітаптың шыққаны жайлы

ақпараттар беріледі (автор, баспа, басылған жылы). Карточкадағы бұл ақпараттарды төмендегідей мазмұнда сызықпен көрсеткен дұрыс:

    1. түсініктемені (аннотация, қысқа мазмұн);

    2. мазмұнын қарау (жоспардың бөлімдері, қызықтырған нәрсенің бәрін карточкаға тіркеу;

    3. кітапты тез әрі бірізділікпен қарап шығу, қызықтырған нәрсенің бәрін карточкаға тіркеу (теориялық жағдайлар, мысалдар, графиктер, кестелер, сызбалар т.б.).

Егер де карточкада орын аз болса, келесісін алыңыз, нөмірлеп бірінші карточкаға қосып жапсырып қойыңыз.
Нәтижесінде сіздің қолыңызда қарастырған кітабыңыз бойынша материал болады, ол сол тақырыпты дайындау үшін де, сонымен қатар басқа бағыттағы келесі жұмысты дайындау үшін де пайдасын тигізеді. Сондықтан да мұндай карточкаларды үйіңіздегі кітапханадағы картотекада сақтаған дұрыс.
Тақырып бойынша жұмыс жасау барысында: теориялық жағдайлардың құрастырмалары, кейбір мысалдар, ғалымдардың аты мен олардың айтқан сөздері, ғылыми зерттеулердің мазмұны т.б.қатысты көшірме жасау қажет. Бұл көшірмелерді мақсатқа лайықты карточкаларда жасау орынды. Мұнымен сіз сабақ мазмұнын дайындау барысында тек өзіңізге ғана емес, сонымен бірге өзіңізді тақырыптармен қателіксіз жұмыс істей білуге де үйретесіз.
Жас оқытушыларға бірінші кездері сабақ мазмұнын конспект түрінде баяндағаны дұрыс. Жазба ұсақ не тығыз болмауы керек. Көбіне қызыл жолды пайдаланған дұрыс. Конспектіде студенттер үшін маңызды саналатын ақпараттарды ерекшелеп астын сызып немесе түсін өзгерту керек. Қысқа сөздерді таңдау керек. Жаңа терминдерді нақты әрі анық айтып, тақтаға жазған дұрыс.
Әрбір терминнің шығу барысын табыңыз.
Сабаққа дайындалу кезінде тақта бетінде нені көрсету керектігін ойлаңыз. Теориялық жағдайларды көп жоспарламаңыз, студенттердің де есте сақтау қабілеті басқалардай 5-9 бірліктен тұрады.
Теориялық жағдайларды кеңістіктегі суретті мысалдардан бөлек қою керек.
Кейбір тәжірибелі психологтар сабақ мазмұнын жазу үшін карточкаларды пайдаланады. Бұл оқытушыны үстелге, кафедраға қадап қоймай, тыңдаушылар ішінде еркін қозғалуға әбден қолайлы. Бұл жағдайда карточкада материалды баяндауы барысында оқытушыға еркіндік беретін, негізгі жағдайлар мен деректер ғана белгіленеді.
Енді баяндау мәнері жайлы да ойластыруға болады. Басында мәтінді ауызша оқуға да болады. Студенттердің жазып алуы қажет жерлерге келгенде дауыс ырғағыңызды салып мәтінді асықпай оқыңыз. Айна алдында өзіңіздің мимикалық қабілетіңізді, ым-ишараңызды бақылап көріңіз, тұрған тұрысыңызға назар аударыңыз.
Сабаққа дайындалу жұмысының нәтижесінде сізде әдістемелік материал жинақтала түсетін болады. Оны сақтап қою керек. Біріншіден, бұл оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер, сөздіктер. Оны сатып алып, көшіру керек. Психология пәнінің оқытушысына үйдегі кәсіби кітапханасыз қиындау. Екіншіден, бұл белгілі негізге сәйкес жүйеленген картотека. Үшіншіден, бұлар әртүрлі курс тақырыбына сәйкес папкаларда сақтауға қолайлы болып келетін газет қиындылары, лекциялардың жазбасы, сабақ мәтіндері т.б.
Дегенмен оқытушының осындай үйдегі ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі оның ғылыми кітапханада жұмыс жасауға баруын жоққа шығармайды. Мұнсыз тез өзгеріп және дамып отыратын ғылымнан артта қалып қою қиын емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет