«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Сабақтан тыс өткізілетін шаралардың



бет57/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Сабақтан тыс өткізілетін шаралардың
түрлеріне сипаттама

Мұндай сабақтар әртүрлі болып келеді:


1. Қызықты тақырыптағы дәріс (мәселен, «Түс көру және оның жұмбақтары», «Адамның экстрасенсорлы қабілеттері», «Түстің (цвет) адам өміріндегі орны», «Белгілер психологиясы» т.б.).
2. Тақырыптық кештер, мұндай кештерді ұйымдастырар алдында, сұрақтарды алдын ала және жазбаша түрде алған жөн. Сұрақтарға мұғалімнің жауап бергені дұрыс, ал жеңіл сұрақтардың жауабын студенттерге де жүктеуге болады;
3. Кездесулер кеші. Мұндай кештерге осы мамандықтың дұрыс және бұрыс жақтарын тыңдармандарға баяндай алатын машықтанған практик психолог маманын шақыру керек.
Мұндай кездесуге дайындық қажет. Оқушыларды қызықтыратын сұрақтардың астын белгілеп, тыңдармандар мен ортаға шығып сөйлеуші адамдарды дайындау керек.
4. Факультативті, үйірмелік сабақтарды ,сондай-ақ оқу бағдарламалары мен ұйымдастыру формалары бар ғылыми студенттік қоғамдар құру. Мұндай жұмыс түрінің бағдарламалары нормативтік психологиялық курстарды қайталамай, дәстүрлі курстардағы қызықтыратын әрі аз зерттелетін тақырыптарды анықтап білу үшін керек.
5. Шағын эксперименттік зерттеу. Бұған көрсетілетін студенттер көмегімен жүретін эксперименттерді, дәрістік және тәжірибелік сабақтардың дайындығын жатқызуға болады.
6.Психологиялық газет қабырға газеті түрінде болады. Газеттің бұл түрі мектептер
мен жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылады. Газетті безендіру барысында оқу орындарындағы қабырға басылымына тән психологиялық ерекшеліктерді ескерген жөн. Бөлімдері әр алуан, бірақ мазмұны қысқа болуы керек, өйткені үзіліс кезінде көлемі үлкен мақалаларды оқу қиындық тудырады. Теориялық жағдайлар бір-бірінен алшақ орналасып, суреттер қоса берілгені дұрыс.
7.Психология апталығы.
Психология апталығы осы ғылымның, сонымен қатар психолог мамандығының танымал бола түсуіне тиімдірек. Бұл аптада барлық топтарда танымал дәрістер, әңгімелесулер, көрсетулер (байқаулар), ғылыми конференциялар, кездесулер мен кештер жүргізіледі.
Апта соңында психологиялық тақырыптағы қабырға газеттерінің сайысы, ал қорытындысында КТН (көңілділер әрі тапқырлар сайысы -КВН), «Не, қайда, қашан?» т.с.с.ойындар жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет