2. Өзіндік жұмыстың дидактикалық шарттары мен
ерекшеліктеріне қарай жіктелуі.
Студенттің өз бетімен білімін жетілдіруі дидактиканың негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Әдіскер ғалымдар студенттердің өз бетінше жұмысын (СӨЖ) үш қырынан, яғни мазмұндық, мотивтік, оперативтік тұрғыдан қарастыруды тиімді деп көрсетеді.
Мазмұндық аспектісіне дерек, анықтама, қорытынды, ереже, пайымдауларды іріктеу, оқу оқу-әдістемелік әдебиеттерді мұқият талдау саралау жатады. Соның нәтижесінде өзіндік бір ғылыми болжам жасау.
Мотивтік аспектісі - өзін-өзі реттеу (И.П.Павлов, Н.А.Бернштейн, П.К.Анохин); өзін-өзі бағалау, өзін-тану, өзіндік сана сезім, ойлаудың рефлексиялануы, мақсат құру өз іс-әрекетін модельдеу, ғылыми танымдық қызығушылығы мен ерік-жігерін шыңдау; ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу.
Оперативтік аспектісі өз бетінше орындалатын жоспарлар, тапсырмалардың біртіндеп өз кезегімен күрделеніп отыруын қамтамасыз ету.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын түрлендіріп өткізу олардың теориялық білімдерін молайтып, ізденімпаздыққа жетелейді(Қосымша В).
Жоғары оқу орындарындағы оқу-танымдық өзіндік жұмысты дидактикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай бес топқа жіктеуге болады:
Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар.
Жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар.
Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар.
Білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар.
Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.
Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар. Мұндай жұмыстарға өз бетімен әдебиеттерді оқу, жоспар құру, тезис, конспекті жасау, логикалық тапсырмалар орындау, өз бетінше формула құрастыру, теорима дәлелдеу, ғылыми түсініктер қалыптастыратын түрлі жұмыстар жасау.
Жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар атауына сәйкес эмпирикалық, практикалық білім қажеттігі мынадай дидактикалық шарттарға байланысты: біріншіден, практикалық білім, сондай-ақ эмпирикалық ,сәйкес өзіндік жұмыс үрдісінде орындалуы қажет; екіншіден, мұндай өзіндік жұмыс түрі арнайы дидактикалық материалдарды талдауды қажет етеді. Өзіндік жұмыстың бұл түрі танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда және ақыл-ой мен эмпирикалық, практикалық білім игеруде жетекші рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |