«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет52/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Іскерлік ойындар
Іскерлік ойынның ерекшелігіне оның болашақ мамандықтың заттық және әлеуметтік мазмұнын үлгілеуі жатады.
Іскерлік ойынның мақсаты:

  1. Кәсіби іс-әрекет пен оның қозғалу бағыты жайлы тұтас ой қалыптастыру (психолог мектепте, банкте, фирмада, психолог ауруханада);

  2. Психолог мамандығының кәсіби хабардарлығын (білімдарлығын) қалыптастыру (кәсіби іскерлік, дағды, қабілеттер);

  3. Әлеуметтік білімдарлықтың дамуы (бірлесіп шешім қабылдай білу, іске шығармашылықпен қарап, басқару іс-әрекетіне деген қабілеттілік, өзін және басқаларды түсіну);

  4. Кәсіби мотивацияны қалыптастыру.

Іскерлік ойын – студенттер теория мен тәжірнибенің үзілген жерінің орнын толықтыратын, әлеуметтік және кәсіби тәжірибе меңгеретін шартты тәжірибе түрінде жүреді (А.А.Вербицкий).
Өкінішке орай, практик психолог мамандығына арналған осындай іскерлік ойындар жоқ. Тек психолог-менеджерлерді дайындау барысында ғана өңделген дайын іскерлік ойындар мен тренингтерді пайдалануға болады. Алайда, бұл жерде де ойындар оқып жатқан мамандық ерекшелігіне сай келе бермейді.
Өте жақсы жүргізілген ойынның барлығы бірдей өз мақсатына жете бермейтінін есте ұстаған дұрыс. Бұл, ойынның жүру барысында мақсаттың жойылуымен немесе оның ойынды таңдау барысында ескерілмеуімен байланысты.
Кей кездері ойын бақылау (құралы) тәсілі ретінде пайдаланылады (есеп, сынақ). Бұл теория тұрғысынан мүмкін, алайда ойынның мазмұнында сынақ ерекшелігі ескерілуі тиіс (көбіне, жеке бағалау, сабақтардың толықтығы т.б.).
Ойын оқытудың дәстүрлі түрлерін ғана алмастырып қоймай, оқытудың белсенді түрлері арасынан да өз орнын табуы керек.


Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар:

  1. Үш нақты кәсіби жағдайды таңдаңыз және оны психологияны оқыту үрдісінде пайдалану әдістемесін суреттеңіз;

  2. Мектептегі психологиялық қызметтің бағыттарына негізделген іскерлік, рөлдік ойындардың мазмұнын құрастырыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет