ХІІІ. Психология пәнін оқыту процесіндегі білім деңгейін тексерудің
(бақылаудың) түрлері мен формалары
және оның қызметі .
Бақылау дегеніміз – оқу материалының меңгерілу сапасын тексеру, оқытушы мен білім алушы арасындағы кері байланыс орнату.
Бақылаудың қызметі:
А) білім алушыға арналған – бақылау білімді меңгеру сапасын, қателіктер мен кемшіліктерді түсініп, оларды уақытында түзеуді, келесі оқу материалын жақсы түсінуді, сондай-ақ өзі-өзі бақылау қабілетінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Б) оқытушы үшін - оқу материалының меңгерілу сапасы мен жүру барысы, ағымдағы қателіктер, оқушылардың зейіні мен қызығушылықтары жайлы ақпараттар береді, ал осы ақпараттар өз кезегінде оқытушының өзінің дидактикалық қателіктерін көруге және оларды сабақ жүргізу үрдісінде дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
Бақылаудың түрлері мен формалары.
Бақылау көлемі мен сипатына қарай екі түрге бөлінеді:
Меңгерудің аралық нәтижесін бақылау;
Қорытынды (соңғы) бақылау.
Аралық бақылаудың қайсыбір формалары шектеулі болмайды. Ол оқытушының ойы бойынша жүзеге асады және оның шығармашылығы болып табылады. Осындай бақылау түрі ретінде:
А) әрекеттік (оперативті) бақылауды (лекцияға деген) ұсынуға болады.
Оқытушы лекцияның аяқталуына 5 минут уақыт қалғанда студенттерге оқылған материал бойынша 2-3 сұрақ қояды. Жауапты жазбаша беру сұралады. Ескертулер келесі сабақта жасалады;
Б) Блицбақылау.
Тақырыпты қорытындылай келе, сабақтың аяқталуына 5 минут уақыт қалғанда, студенттерден осы тақырып бойынша естерінде қалған сөздерді жазып беру айтылады. Оқытушы сөздердің санын, олардың тақырыппен сәйкестігін, қателіктерін тексереді, келесі сабақта соған қатысты талдау жасалатын болады;
В) Жазбаша есебі бар бақылау тапсырмасы.
Бұған тапсырманың қай түрі болмасын жата береді (санау, салыстыру, кесте құру немесе толтыру, психологиялық тапсырманы шешу т.б.).
Бақылаудың ұсынылған түрлерінің барлығы топтық болып саналады.
Қорытынды (соңғы) бақылау – бұл соңғы нәтижесін тексеру.
Бақылау жұмысының бұл түріне семестрлік немесе курстық есептер мен сынақтар жатады. Олардың дидактикалық мәні әртүрлі болып табылады.
Тақырып немесе сабақ аяқталған кезде есеп алынады. Оның негізгі қызметі – оқытушы (үйретуші) және бақылаушы.
Сынақ сұрақтарының барынша бөлшектеліп келу қажеттілігі де осыдан туындайды. Ол студенттердің білімінің бір бөлшегін де қалт жібермеуге көмектеседі.
Есеп жүру үрдісінде оқытушы студенттердің білімін анықтайды және жоғарылата түседі.
Есептің түрлері:
Дәстүрлі түрі – жеке сұрақ-жауап түрі:
билет немесе сұрақ бойынша (сұрақ толығымен тыңдалады);
барлық топ алдындағы кезекпен кезек сұрақнама-интервью (қысқа жауап беретін тезаурус немесе сұрақ бойынша);
Ми шабуылы – топтық түрі.
Топ 3-5 адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топқа 5-7 сұрақ қамтыған карточка беріледі (мәселелі сұрақтар). Қайсыбір көмекші білімнің қайнар көзін пайдалана отырып (лекциядар, оқулықтар, монографиялар), сұрақтарды талдау керек.
Есеп алу оқытушы мен топ арасындағы әңгімемен бітеді, бұл жерде оқытушы сұрақтардың дұрыстығын және әрбірінің меңгерілу сапасын анықтайды. Егер студенттің білім деңгейі төмен болса, онда ол жұмыс істеу үшін келесі бестікке жіберіледі.;
Ойын – топтық түрі.
Мәселен, тұжырымдаманы қорғау. Талданатын тұжырымдаманың санына қарай топ 2-3 шағын топқа бөлінеді, әрбір шағын топ жоспарын алады және ойынға дайындалады (міндеттерін өзара бөледі).
Ойын үрдісінде әрбір топ өкілдері ортаға шығады, оларды (студенттерден сайланған) сарапшылар тобы бағалайды.
Ойын қортытынды шығарумен, бағалау және жеңімпаздарды анықтаумен аяқталады.
Сынақ түрлері:
Дәстүрлі – билет сұрақтары бойынша әңгімелесу.
Сынақ сұрақтары аса көп емес, алайда жалпыланған сипатта болуы керек. Тәжірибе сұрақтарын, тапсырмалар мен сұрақтарды алғашқы білім көздеріне қосуға болады.
Жауаптарды бағалау кезінде жалпылануды, қисындылық, теориялық заңдар мен деректерді білу, персоналий мен сөйлеу мәдениетін де қатты ескерген жөн.
Оқытушы студентке жауабының дұрыс және бұрыс жақтарын көрсетуі керек;
Жазбаша сынақ;
Тестілеу – оқу жетістіктерін тестілеу.
Қорытынды бағалауға әртүрлі бақылау, курстық, дипломдық жұмыстар мен мемлекеттік сынақ та жатады.
Бақылаудың меңгерілу шарты:
Объективтілік (жалғыз критерийдің табылуы);
Алынған бағалардың беріктігі ( (күмәнтуғызбауы );
Жариялылық.
Бақылаудың негізгі ұстанымдары:
Кәсіби бағыттылық
Сенімділік
Валидтілік
Жүйелілік
Жүйелі
Достарыңызбен бөлісу: |